400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ал,қане балақай!"

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ сарбаздар кунине орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы

Тақырыбы: «Ал, ,қане балақай!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін шыңдай отырып, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру

2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
Түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Ал,қане балақай!» атты 7 мамыр Сарбаздар күніне орай өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа сыныптан 5 оқушыда 5 топ қатысады.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. Таныстыру
2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)

3. «Омпы ойны» (асықты көздеп ату)
4. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)
5. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)

6. Спорттық сайыс (шелекке доп лақтыру)
1 - жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білі шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына
2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Бәйгеге қатысып көріңдер
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие – тәлім табар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысым
ызды бастаймыз.
Ойынымызға өз бақтарын сынай келген 5тобымызды таныстыра кететін болсақ
1 - топ «Теңізшілер»
2 - топ «Парыз»
3 - топ «Қырандар»

4 – топ: «Тұлпар»

5 – топ: «Сарбаздар»

Әр бөлім тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріліп отырады. Ескерте кететін жағдай әр топ өз сұрақтарына өздері жауап беруі керек. Басқа топтың жауаптары қабылданбайды. Егер сол топта тапсырма орындалып жатқанда, басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.

Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады
1 – топ.

Топ аты: «Теңізшілер»

Топ ұраны: Бұл шақта,бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз.

2 – топ.

Топ аты: «Парыз»

Топ ұраны: Туған елді сүю- парыз,

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу-парыз,

Күзетінде тұру-парыз.

Сайысқа кеп түсу-парыз,

Жеңіс алу бізге-парыз.

3 – топ.

Топ аты: «Қырандар»

Топ ұраны: Алға, тек алға!
Жеңіске қарай самға.

Біз қыранбыз, қыранбыз
Білімге біз құмармыз

Болашағы қазақтың.
Мықты ұлы, боламыз!
4 – топ.
Топ аты: «Тұлпар»

Топ ұраны: Мыңнан жүйрік оза шауып,

Бас бәйгені аламыз.

Алғыр, жүйрік, білімпаз,

«Тұлпар» тобы боламыз.

Таныстыру: Туған жердің құшағында,

Бірге өскен достармыз.

3-сыныптың ұландары

Сегіз қырлы,бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

Дәулет, Танат, Абылайхан, Нұртас, Дәурен

біздер боламыз.

5 – топ.

Топ аты: «Сарбаздар»

Топ ұраны: Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске!

Таныстыру: Талай сынды келеміз бағындырып,

Талай жұртты келеміз таңғалдырып.

Сыныптың атынан келіп тұрмыз,

Ақтаймыз деп қыздардың үміттерін.

Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бстаймыз.
Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.

1 топ 1. Білім күні (1 қыркүйек)
2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
3. 8 наурыз қандай мейрам? (аналар)
4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше
минут қажет?

6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

2 топ 1. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. Ұя салмайтын құс (көкек)
3. Қазақтың билерін ата
4. Қазақстан туының авторы? Ш. Ниязбеков
5.
Өсімдіктер тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
6. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?

3 - топ
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.Ту, Елтаңба, Әнұран.
2. Қазақстан Республикасының әнұран авторлары Н. Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.
3. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге
4. Наурыз мерекесі қашан тойланады? 22 наурызда тойланады.
5. Абылайдың шын аты? Әбілмансұр
6. Бір сыйлықты орау үшін 8см жылтыр қағаз керек, 3 сыйлыққа қанша см керек?

4-топ

1.Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Түбір дегеніміз не?
3. ҚР - ның Ата заңы қай күні аталып өтеді? (30 тамыз)
4. Ер жігіттің бес қаруын ата. (мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)

5. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам (наурызкөже)

6. Жеті қазынаға нелер жатады?

5-топ

1. Ұлы Отан соғысының батырларынан кімдерді білесіңдер?

2. Әбілхан Қастеев кім?

3. 103 нөмірлі қандай машина?

4. Үстеу дегеніміз не?

5. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?

6. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

Үшінші бөлім бойынша « Омпы ойыны».
Шарты: Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр командалардың ойыншылары өз асықтарын тігеді, төрт асықтын ортасына бір асықты омпысынан тігеді ,барлық ойыншы асықтарды атып омпыға тигізгенге 5 ұпай беріледі, басқа асыққа 1 ұпай беріледі. Бастаушы орнына келгенші жалғасады
Төртінші бөлім бойынша «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1 - топ:

1.Есектің неше мүйізі бар?

2.Аспанда екі күн сәулесін шашып тұр ма?

2-топ:

1. Тормен су тасуға бола ма?

2. 33 қаңтар деген не?

3-топ:

1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)

4-топ:

1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
5-топ:
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)

Бесінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»

1-топ:      1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5. Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

6.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

7.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)


2-топ:

Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

Піл көтермегенді, (тіл көтереді.)

3.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

4.Татулық – табылмас … (бақыт).

5.Бірлік болмай … (тірлік болмас).

 6.Жері байдың - …. (елі бай).

7.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

4-топ:

1.Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

2. Ел іші (алтын бесік)

3. Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.

4.Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.

5.Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.                       

6. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

5-топ:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала – ата – анасын мақтатар  (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

5. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

 6.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

7.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.) 

  Алтыншы бөлім спорттық сайыс «Шелекке доп салу»

Шарты: әр топ мүшелері шелекке доп салса 5 ұпай алады.

    - Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі