400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты «Сыр сүлейі – Әлшекей»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған

ашық тәрбие сағаты

«Сыр сүлейі – Әлшекей»

Мақсаты :

  • Сырдың дүлдүл күйшісі Бектібайұлы Әлшекей туралы мәлімет беру, дарынды жерлес күйшіміздің өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақынды еске алу, білім алушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, күйін бөбегіндей әлдилеп өткен күйші артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру,білім алушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау;

Көрнекілігі: суреттер,портреттер, плакаттар, бейнежазбалар, аудиожазбалар;

Picture 2

1-Жүргізуші :

Армысыздар, киелі шаңырақтың ұлағатты ұстаздары мен қадірменді қонақтары!

170жылдық мерейтойы аталып жатқан қазақтың әйгілі күйшісі Бектібайұлы Әлшекей атамыздың кешіне қош келдіңіздер!

2 – Жүргізуші:

Приветствуем Вас, уважаемые учителя и дорогие гости нашего мероприятия!

Добро пожаловать на празднование 170-летия нашего известного казахского куйшиАлшекеяБектибайулы!

3 – Жүргізуші:

Greetings to you, honored teachers and dear guests of the holy place!

Welcome to the celebration of the 170 th anniversary of our famous Kazakh compositor, Alshekei Bektibayovich!


1-жүргізуші:Сыр өңірінің перзенті, өзінің қолтаңбасын қалдырған, дарабоз, күйшіБектібайұлы Әлшекей атамыздың туғанына биыл 170 жыл толғалы отыр. Осы ретте Әлшекей атамыздың өмір дерегіне , оның шығармашылығы туралы айтылған кейбір бағалы пікірлерге, оның мәңгі өшпес күйлеріне бүгінгі ұрпақ көзімен қайта бір зер сала қарап, сол ойларымызды оқырманмен бөліскіміз келді. Соған орай колледжіміздегі №172-2 тобының дайындаған

«Сыр сүлейі– Әлшекей» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

В этом году исполняется 170 лет со дня рождения нашего предка замечательного человека и куйши, который оставил нам свое особое наследие, АлшекеяБектибайулы.Мы хотим поделиться с вами своими мыслями о творчестве куйши, остановиться на некоторых фактах его биографии.Позвольте начать наше мероприятие «Сыр сүлейі- Әлшекей», которое подготовила группа№172-2.

3 – Жүргізуші:

This year marks the 170th anniversary of the birth of our ancestor, a special person and writer, who left his special heritage, AlshekeiBektibayevich. In this regard, let us start our event " Сырсүлейі- Әлшекей ", which was prepared by the group of our college №172-2.




Picture 3


2-жүргізуші:

Хор. «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!

Әнін жазған:

Ескендір Хасанғалиев

Сөзін жазған:

Қадір Мырзәлиев






Picture 3

3 – жүргізуші:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында жер-жерлерде семинар кеңестер өткізілуде. Осы ретте біздің топтың білім алушысы Расылхан Асылжанның жинаған ақпаратына назар аударайық.



1-жүргізуші:

Бектібайұлы Әлшекей атамыздың өмір дерегінен жиналған мағлұматтарғаназар аударыңыздар!

2-жүргізуші:

Предлагаем вашему вниманию материалы о жизни Бектибайулы Алшекея.

3-жүргізуші:

Pay attention to the information collected from the life of AlsekeyBektibayevich!

Picture 4

1-оқушы:Аслан

Дәулескер күйші 1847 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожаберген ауылы Қаратау өңіріндегі «Бектібай сазы» ауылында дүниеге келген. Түп-тегі Қоңырат тайпасының ішіндегі Киікші руынан тараған. Әлшекейдің атасы Сиқымбай өз заманында елге сыйлы кісі болған. Елдің айтуынша, әкесі Бектібай да сөзі өткір, адал сөйлеп жұртқа жаққан адам болыпты. Әлшекейдің нағашы атасы Қаратау мен Сыр елі, Созақ пен Түркістанға белгілі қобызшы. Рүстем атасы Әлшекейді жастайынан сыбызғы мен қобызға баулиды. Алайда, жас баланың ықыласы домбыраға ауады.

2-оқушы:Олжас

Күйшінің азан шақырып қойған аты-Әлішер. Әке-шешесі, жеңгелері еркелетіп Әлшекей деп атап кеткен. Әкесі- Бектібай баласын жиын-тойдан тастамай ертіп жүріп, Қаратаудың теріскейі мен күнгейін, Ақмешіт пен Түркістан арасын түгел аралатады. Ел көру, жер көру, халық тұрмысымен, өнерімен танысу оның күйшілік өнерінің көзін ашып, қалыптастырады.

3-оқушы:Шыңғыс

Ата – анасынан ерте айырылған Әлшекейдің балалық шағы жоқшылықпен таршылықта өтеді. Бірақ талантты бала бұған мойымайды. Күй өнеріне құмар болып өседі. Біртіндеп өзі күй шығара бастайды. Той - думан мен ойын – сауықтың ажары, дастарханның базары болған.
4-оқушы:Бекзат К.

- Әлшекей бала кезден ерекше зеректігімен ел назарын аударады. Бірде Әлшекей елге Тәттімбет пен Аққыз күйлерін нақышына келтіре орындап жүрген Бөпе күйшіні арнайы іздеп, Шиелі базарына барады. Көпшілікті баурап алған Бөпе күйші күйлерді бірінен соң бірін тартады. Бір кезде Әлшекейдің күйдің қағысы мен тарихына зейін қойып, тыңдап отырғанын көрген Бөпе күйші оған ерекше разы болады. Осыдан соң Бөпе күй кезегін Әлшекейге ұсынады.

5-оқушы:Әшірбек

- Әлшекей жаңа ғана Бөпе күйшінің тартқан күйлерін қайта өзіне тартып беріп, елді таң-тамаша қалдырады. Сонда қарт күйші жас жігітке ақ батасын беріп тұрып: «Бақ тауып та қонады, ауып та қонады деген — осы. Бақ менен ауып, мына саған қонғалы тұр екен. Осы жасқа келгенше Қыр мен Сырды аралап жүріп, сен сияқты дарынды жасты бірінші кездестіруім»,- деп ақыл-кеңесін айтып, ақ жол тілейді.


1-жүргізуші:

Журналист, Әлшекей танушы Балтабай Нұржановтың сұхбатына экранға назар аударайық. (видео)

Picture 1

1-оқушы:Жылқайдар

- Әлшекей мұрасын зерттеп жүрген, журналист Балтабай Нұржановтың деректеріне сүйенсек, Әлшекей кәмпескелеу жылдары «байдың тұқымы, бидің ұрпағы» деген желеумен колхоз мүшелігіне қабылданбайды. Содан күйші күнкөрістің қамымен бүркіт салып, тазы аулап аңшылықпен айналысқан.


2-оқушы:Данияр

-Кәмпеске кезінде Әлшекейдің өмірінде қапалы күндер етек алады. Балаларының барлығы әке жолын қумаған, тек екінші әйелінен туылған Дәнебекке домбырашылық өнер қонған деседі. Бірде Әлшекей күйші мұрасын жалғастыратын баласына: «Дәнежан, ұғып ал, үйреніп ал. Бұл домбыра қазірден бастап сенікі. Бұны жидеден өзім жасаған едім, туған жердің көзі ғой, бұдан былай сен тартасың. Қадір тұтып, қастерлеп ұста, құлыным» деп домбырасын баласына ұсынады.

3-оқушы:Азамат

Осыдан кейін Дәнебек әке күйлерін үйреніп, насихаттаушылардың бірі болады. Дәнебектен кейін оның баласы Жидебей ата жолын жалғастыруды қолға алады. Жидебей ақсақал бертін келе 2003 жылы өмірден өтеді. Ал қазірде Әлшекей күйлерінің елге жеткізуші, насихаттаушы ретінде күйшінің жиен немересі Тынысбек Дүйсебеков еңбек етуде.


4Picture 2 -оқушы:Жасұлан

-Байдың тұқымы, “байдың ұрпағы” деген желеумен,көп қудалауды көрген Әлшекей 1932 жылдың жазында Тәжікстанның Қорғантөбе ауданы, Жауан қыстағына9 баласымен бірге көшіп барып, сонда қайтыс болады.

5- оқушы:Асылжан А.

Қаратау елін мекендеген Әлшекей домбыра тартудың ерекше түрі башпаймен тартқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Тіпті оған Бөпе күйші өз таңданысымен: «Әлшекейдің башпаймен тартқанын қайталасам, екі дүниеде де арманым болмас еді» деп көзіне жас алыпты.

6- оқушы:Альтаир

Әлшекей Бектібайұлының 100-ге тарта күйі бар. Алайда оның барлығы сақталмаған. Ол күйлердің елге жетуіне Өткелбаев Ибаш, Нұрманов Жаманқұл деген домбырашылар елеулі үлес қосты. Бүгінде күйшінің «Тоқырау», «Ол кім», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен», «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Адасқан қаз», «Айрауықтың ащысы», «Айшамен тартыс», «Төтемен тартыс», «Егілген», «Бәйге», «Тай қуу», «Отарба» сияқты күйлері көпшілікке кеңінен таныс.


1-жүргізуші:

«Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ қазақ емес,Нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырзаәлі ағамыз жырға қосқан екен.


2-жүргізуші:

Как говорил великий Кадир Мырзаали: «Одну из струн домбры крути сильнее, а другую струну чуть менее.Настоящий казах не казах,Настоящий казах – домбыра»

3-жүргізуші:

As the great Kadir Myrzali said: "One of the strings of the dombra twist stronger than another one.

TPicture 5 his Kazakh is not Kazakh,Real Kazakh - dombyra »


1-жүргізуші:

КҮЙ: « ЕРКЕ СЫЛҚЫМ»

Орындайтын:№165 оқу тобының білімалушысы АМАНҒАЛИЕВ ДУЛАТ.




1-жүргізуші:

Көрініс: Әлшекей күйшінің Ол кім? күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік.


Мұхтар:

-Бірде Әлшекей ел аралап жүріп, той болып жатқан ауылға ат басын бұрады. Әнші-күйші, серілер қашанда тойдың сәні болған. Той иесі Әлшекейдің келгеніне қуанып, сыбағасы беріп күтеді. Әдеттегідей ет желініп, шөл басылып, сауыққа кез келгенде, үй иесі Әлшекейден күй тартуын өтінеді. Әлшекейде көп сұраттырмай, бірнеше күйдің басын қайтарып, отырған жұртты бір серпілтеді. Күй шіркін бірде төгіліп, бірде шылқытып,бірде шертіліп, бірінен кейін бірі ағылады. Жиналған жұрт есі кетіп тыңдайды. Әлден уақытта есіктен сығалап тұрған бір кішкене балаға Әлшекейдің назары ауады. Сол жерде күйді доғарып:

Б.Бекзат

- Есіктен сығалап тұрған қайсысың? Ол кім? Ұйып тыңдауыңа қарағанда, дәу де болса, бұл баланың бойында өнері болуы керек. Өскен соң үлкен домбырашы болар ма екенсің, кел, қасыма отыр,- деп баланы ішке кіргізіп, төрден орын ұсынады.

Келесі күйін бастамас бұрын Әлшекей:

- сен баланың тасадан сығалап тұрған сәтің көз алдымнан кетпей тұр, саған арнап бір күй тартайын, балақай. Күйдің аты “Ол кім?” Болсыншы,-дейді. Халқымыз «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деп бекер айтпаған.

Рахат«Онда маған батаңызды беріңіз» ата.


Мейрамбек

Бұл көріністен Әлшекей атамызды тағы бір қырынан таныдық.Ол дәурескел күйші ғана емес,

Өзгенің бойындағы талапты, байқар қырағылық та Әлшекейдің бір қасиеті. Өзгелер сезінбеген баланың жан сарайын күйші жүрегімен түсіну де кез келгеннің қолынан келе бермес. Әлшекейдің осындай қасиеттеріне куә болып, бұрынғыдан бетер сүйсіне түсесіз.


1-жүргізуші:

Ән. «Сыр Елім»

Орындайтын: Мүсірәлі Мағжан қабыл алыңыздар!


1Picture 8 -Жүргізуші: Әлшекей – сырөңірінің перзенті, өзінің қолтаңабасын қалдырған, дарабоз, күйші- композитор. Оның мұрасы ұрпақтан ұрпаққа , шәкірттен шәкіртке беріліп,бұл күнде барша халықтың игілігіне айналып отыр.

1-оқушы:Нұрдаулет

Сөз тереңнен ұлы Абай жыр құйған

Әлшекей халық мұңын күй қылған

Заманның мұң-мұқтажын қос ішек,

Домбыраның шаңағына сыйдырған.

2-оқушы:Б.Бекзат

Домбру умело смастерил

Он собственной рукой,

И людям музыку дарил,

Край воспевал родной.

3-оқушы:Рахат

Сазын естіп жүректе жыр гүлдеген

Сарынынан жүз толғау сырды гүлдеген,

Қазақтың мұңын қосып Әлшекей,

КPicture 9 үйді әкелген өмірге күмбірлеген.

4-оқушы:Мағжан

Алшекей красив был, юн-

И муза впереди.

Вот он коснулся звонких струн,

Прижав домбру к груди.

И музыка вдруг полилась

Божественной волной.

Она пленила, помню, нас

И весь простор степной.

1-оқушы:Нұрқанат

Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.

ДPicture 10 омбырасыз ешқашан.

Жүрекке ем қонбаған.

Әлшекей, Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

“Жүрекке от жақсын” деп

Елге жырын арнаған.

2-оқушы:Нұрболат

О, как поет – играет

На струнах звонких двух,

Что сердце замирает,

Захватывает дух!

Его игрой весь мир был покорен.

Казах- степняк, достойный сын рода.

3- оқушы:Шыңғыс

Күнбіресе дала тынып, әлем ұнын ұнатқан,

Әуенінен жұлдыз жанып, қырда қызыл гүл атқан.

Қос ішектен жанның мұңы шертіледі күй болып,

Бұл домбыра көңіл етіп, бірде еріксіз жылатқан.


1-жүргізуші:

Хор. «Егемен Қазақстан»

Сөзі мен Әнін жазған:Қайрат Жүнісовтікіқабыл алыңыздар!




Picture 11


1-жүргізуші:

Осымен «Сыр сүлейі – Әлшекей» атты іс- шарамызды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


2-жүргізуші:

Вот на этой оптимистической ноте мы заканчиваем наше мероприятие«Сыр сүлейі – Алшекей»Благодарим за внимание.

3-жүргізуші:

On this optimistic note, we finish our event «Сыр сүлейі – Әлшекей».Thank you for your attention.

Good buy.


























Әлшекей Бектібаев(1848ж. Қазіргі Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Қожаберген а. – 1932 ж. Тәжікстанның Душанбе обл. Қорғантөбе ауд. Жауан қыст.)- белгілі домбырашы-күйші. 1930 ж. Тәжікстанға көшіп барған. Әлшекей 50-60 жылдары күй шығарған. Оларды И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов сияқты күйшілер кейнгі ұрпаққа жеткізген.Әлшекекйдің “Тоқырау”, “Нарсоққан”, “Егіс”, “Терісқақпай”, “Толқын”, “Аққу кеткен”, “Тепең көк”, “Қара жорға”, “Адасқан қаз”, “Айрауықтың ащысы”, “Отарба”, “Айшамен алты тартысы,Төтемен тартысы”, “Егілген”, “Бәйге”, “Тай қуу”, т.б. ел арасында сақталған күйлері бар.Манап Көкенов осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.

Көрініс: Әлшекей күйшінің бірер күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік. Ол кім?

Бірде Әлшекей ел аралап жүріп, той болып жатқан ауылға ат басын бұрады. Әнші-күйші, серілер қашанда тойдың сәні болған. Той иесі Әлшекейдің келгеніне қуанып, сыбағасы беріп күтеді. Әдеттегідей ет желініп, шөл басылып, сауыққа кез келгенде, үй иесі Әлшекейден күй тартуын өтінеді. Әлшекейде көп сұраттырмай, бірнеше күйдің басын қайтарып, отырған жұртты бір серпілтеді. Күй шіркін бірде төгіліп, бірде шылқытып,бірде шертіліп, бірінен кейін бірі ағылады. Жиналған жұрт есі кетіп тыңдайды. Әлден уақытта есіктен сығалап тұрған бір кішкене балаға Әлшекейдің назары ауады. Сол жерде күйі доғарып: - Есіктен сығалап тұрған қайсысың? Ол кім? – деп сұрайды. – Ұйып тыңдауына қарағанда, дәу де болса, бұл баланың бойында өнері болуы керек. Өскен соң үлкен домбырашы болар ма екенсің, кел, қасыма отыр,- деп баланы ішке кіргізіп, төрден орын ұсынады. Келесі күйін бастамас бұрын Әлшекей: - Жаңағы баланың тасадан сығалап тұрған сәті көз алдымнан кетпей тұр, саған арнап бір күй тартайын, балақай. Күйдің аты “Ол кім?” Болсыншы,-дейді.

Бұл көріністен Әлшекей атамызды тағы бір қырын таныдық.Ол дәурескел күйші ғана емес,

Өзгенің бойындағы талапты, байқар қырағылық та Әлшекейдің бір қасиеті. Өзгелер сезінбеген баланың жан сарайын күйші жүрегімен түсіну де кез келгеннің қолынан келе бермес. Әлшекейдің осындай қасиеттеріне куә болып, бұрынғыдан бетер сүйсіне түсесіз.


Шамамен VIII-IX ғасырларда өмір сүрген Қорқыттан бастап, Асанқайғы, Сүйінішұлы Қазтуған, Байжігіт, Абылайхан күйшілерден Махамбет, Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, Абыл, Қожеке, Сармалай, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Дайрабай, Әлшекей, Өскенбай, Дина, Сейтек, Сүгір, т.б. күйшілер дәстүр жалғастырды. Бұл күйшілер кең байтақ Қазақстанның жеріндегі, аймақтардағы түрлі домбырашыл мектептердің өкілдері болып табылады.

  1. Әлшекей- сыр өңірінің перзенті, өзінің қолтаңабасын қалдырған, дарабоз, күйші- композитор.

  2. Дәстүрлі күйші, сырсүлейі атанған Әлшекей Бектібайұлы 1847 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жайылма ауылдық округі көлеміндегі Қаратаудың “Бектібай сазы” деген жерде дүниеге келген. Руы – Орта жүздің Қоңырат аталығынан тарайтын Киікші.

  3. Көрініс

  4. Әлшекей серілік құрып, өнер қуған адам. Оның қасында жүріп, өмірімен тығыз байланыста болған Бөпе, Мұсабай, Мұстафа, Бекмырза, Айсын, Нұрыс, Жаманқұл, Ақбота деген күйшілердің аты тарихта қалған. Әлшекей Ықылас Дүкеңұлымен , Тәттімбетпен, Сайдалы Сары Тоқамен кездескенінде қасында Бөпе күйші, Сүгір Әлиұлының Әлшекейден бата аларында қасындаБекмырза күйші болған.


Қара домбырасын жанына серік еткен қазақ күйшісі мен күй арқылы жеткізген өнердің қасиетін ұсына білген бабамыз оны ұрпағына мирас етіп отырған.
Әпсәтте – ақ, бұлт үйіріп, дауыл тұрғызатын тіпті аждаһаның ашуын басатын сиқырлы әуенді мектеп есігін көрмеген қойшы бала шығарған. Күйдің құдіретін көрсеткен қос ішектің қандай құпиясы бар?
Міне осы мәнді Әлшекей атамыздың күйшілік өнерінен аңғаруға болады. Әлшекей Бектібайұлы 1847 жылы Жаңақорған ауданы, Төменарық аймағындағы өз әкесінің есімімен аталатын “Бектібай сазы” деген елді – мекенде дүниеге келген.
Ата – анасынан ерте айырылған Әлшекейдің балалық шағы жоқшылықпен таршылықта өтеді. Бірақ талантты бала бұған мойымайды. Ол жас кезінде нағашы атасы Рүстемнің тәрбиесінде болып, одан сыбызғы тартуды үйренеді. Кейін сыбызғыдан домбыраға ауысады. Күй өнеріне құмар болып өседі. Біртіндеп өзі күй шығара бастайды. Той - думан мен ойын – сауықтың ажары, дастарханның базары болған.
Әлшекей туралы белгілі сазгер жазушы, өнер зерттеуші Ілия Жақанов өзінің “Аққулар қонған айдын көл” кітабында Қаратау елі бәрі - бәрі Әлшекейдің тамылжыған күйлеріне елтіген деп тебіреніп жазған. 1932 жылы 85 жасында Тәжікстанның Душанбе қаласында қайтыс болады.

08.06.2017 admin Тарихи тұлғалар Пікір қалдыру

5.Әлшекей бала кезден ерекше зеректігімен ел назарын аударады. Бірде Әлшекей елге Тәттімбет пен Аққыз күйлерін нақышына келтіре орындап жүрген Бөпе күйшіні арнайы іздеп, Шиелі базарына барады. Көпшілікті баурап алған Бөпе күйші күйлерді бірінен соң бірін тартады. Бір кезде Әлшекейдің күйдің қағысы мен тарихына зейін қойып, тыңдап отырғанын көрген Бөпе күйші оған ерекше разы болады. Осыдан соң Бөпе күй кезегін Әлшекейге ұсынады.

6.Әлшекей жаңа ғана Бөпе күйшінің тартқан күйлерін қайта өзіне тартып беріп, елді таң-тамаша қалдырады. Сонда қарт күйші жас жігітке ақ батасын беріп тұрып: «Бақ тауып та қонады, ауып та қонады деген — осы. Бақ менен ауып, мына саған қонғалы тұр екен. Осы жасқа келгенше Қыр мен Сырды аралап жүріп, сен сияқты дарынды жасты бірінші кездестіруім»,- деп ақыл-кеңесін айтып, ақ жол тілейді.

7.Әлшекей мұрасын зерттеп жүрген, журналист Балтабай Нұржановтың деректеріне сүйенсек, Әлшекей кәмпескелеу жылдары «байдың тұқымы, бидің ұрпағы» деген желеумен колхоз мүшелігіне қабылданбайды. Содан күйші күнкөрістің қамымен бүркіт салып, тазы аулап аңшылықпен айналысып жүріп,

8. Бір түнде Тәжікстанның Қорғантөбе ауданындағы Жуан қыстағына 9 баласымен бірге көшіп кетеді. Балаларының барлығы әке жолын қумаған, тек екінші әйелінен туылған Дәнебекке домбырашылық өнер қонған деседі. Бірде Әлшекей күйші мұрасын жалғастыратын баласына: «Дәнежан, ұғып ал, үйреніп ал. Бұл домбыра қазірден бастап сенікі. Бұны жидеден өзім жасаған едім, туған жердің көзі ғой, бұдан былай сен тартасың. Қадір тұтып, қастерлеп ұста, құлыным» деп домбырасын баласына ұсынады. Осыдан кейін Дәнебек әке күйлерін үйреніп, насихаттаушылардың бірі болады. Дәнебектен кейін оның баласы Жидебей ата жолын жалғастыруды қолға алады. Жидебей ақсақал бертін келе 2003 жылы өмірден өтеді. Ал қазірде Әлшекей күйлерінің елге жеткізуші, насихаттаушы ретінде күйшінің жиен немересі Тынысбек Дүйсебеков еңбек етуде.

9.Әлшекей Бектібайұлының 100-ге тарта күйі бар. Алайда оның барлығы сақталмаған. Ол күйлердің елге жетуіне Өткелбаев Ибаш, Нұрманов Жаманқұл деген домбырашылар елеулі үлес қосты. Бүгінде күйшінің «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен», «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Адасқан қаз», «Айрауықтың ащысы», «Айшамен 6 тартыс», «Төтемен тартыс», «Егілген», «Бәйге», «Тай қуу», «Отарба» сияқты күйлері көпшілікке кеңінен таныс. Қаратау елін мекендеген Әлшекей домбыра тартудың ерекше түрі башпаймен тартқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Тіпті оған Бөпе күйші өз таңданысымен: «Әлшекейдің башпаймен тартқанын қайталасам, екі дүниеде де арманым болмас еді» деп көзіне жас алыпты.





Атағы Сыр мен қырды жайлаған дүлдүл күйші 1932 жылы 85 жасында дүниеден өткен. Күмбірлеген күйлерімен дүйім жұртты дүр сілкіндірген Әлшекей мұраларын әлі де насихаттау қажет. Сонда еліміздің жауһар мұралары толыға түспек.

ӘлщекеЙ - Сыр өнірінің перзенті, өзіңцік қолтаңбасын қалдырған, дарабоз, күйші - композитор. Дәстүрлі куйші, Сыр сүлейі атанған Әлшекей Бектібайұлы 1847 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жайылма ауылдық округі көлеміндегі Қаратаудың ‘‘Бектібай сазы” деген жерде дүниеге келген. Руы - Орта жүздің Қоңырат аталығынан тарайтын Киікші. Күйщінің азан шақырып койған аты - Әлішер. Әке-шешесі, жеңгелері еркелетіп Әлшекей деп атаП кеткей- Әкесі Бектібай баласьш жиын-тойдан тастамай ертіп жүріп, Қаратаудың теріскейІ мен күнгейін, Ақмешіт пен Түркістан арасын түтел аралатады. Ел көру, жер көру, халық түрмысымен, өнерімен танысу оның күйшілік өнерінің көзін ашып, калыптастыраДЬі. Әлщекей серілік кұрып, өнер куған адам. Оның қасында жүріп, өмірімен тығыз байланыста болған Бөпе, Мұсабай, Мүстафа, Бекмырза, Айсын, Нұрыш, Жаманқұл, Ақбота деген күйшілердің аты тарихта қалған. Әлшекей Ыхлас Дүкеңұлымен, Тәггімбетпен, Сайдалы Сары ТоқамеН кездескенінде қасында Бөпе күйші, Сүгір Әлиұлының Әлшекейден бата аларында касьшда Бекмырза күйшІ болған. Кэмпеске кезінде Әлшекейдің өмірінде қапалы күндер етек алады. Күйші “Байдың тұқымы, байдың ұрпагы” деген желеумен сайлау еркінен айрылып, колхозга кірмей қалған. Көп кудалауды көрген Әлшекей 1932 жылдың жазында Тәжікстанның Қорғантөбе ауданы, Жауан қыстағЫНа көшіп барып, сонда қайтыс болады (3). Енді Элшекей-күйшінІң бірер күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік. “Ол к*м ? ** Бірде Әлшекей ел аралап жүріп, той болып жатқан ауьшға ат басын бұрады. Әнші- күйші, серілер Қашанда тойдың сәні болған. Той иесі Әлшекейдің келгеніне қуанып, сыбагасы беріп күтеді. Әдетгегідей ет Желініп, шөл басылып, сауыққа кезек келгенде, үй иесі Әлшекейден күй тартуын өтінеДІ. Әлшекей де көп сүраттырмай, бірнеше күйдің басын қайтарып, отырған жұртты бір серпілтеді. Күй шіркін бірде төгІліп, бірде шалқытып, бірде шертіліп, бірінен кейін бірі ағылады. Жиналған жүрт есі кетіп тыидайды. Әлден уакыгга есіктен сығалап тұрған бір кішкене балаға Әлшекейдің назары ауады. Сол жерде күйің догарьіп: - Есіктен сығалап тұрған қайсысың? Ол кім?- деп сұрайды. -Үйып тыңдауына қарағанда, дэу Де болса, бұл балаяьщ бойында енері болуы керек. Өскен соң үлкен домбырашы болар ма екенсің, кел, касыма отыр, - деп баланы ішке кіргізіп, төрден орын үсынады. Келесі күйің бастамас бұрьін Әлшекей: - Жаңағы баланың тасадан сығалап тұрған сәті көз алдымнан кетпей түр- Саган арнап бір күй тартайын, балақай. Күйдің аты “Ол кім?” болсьш,-дейді. Өзгенің бойындағы талапты байқар қырағылық та Әлшекейдің бір қасиеті. Өзгелер сезінбеген баланың жан сарайын күйші жүрегімен түйсіну де кез-келгеннің қолынан келе бермес. Әлшекейдің осындай қасиеггеріне куә болып, бұрынғыдан бетер сүйсіне түсесіз. Тоқгаған” Халық ақыны Манап Көкенонтың Әлшекей жайлы бір өлеңінде: “Бес күйді тартысып жеңісе алмай, соңында “Егес” күйін тартып, Әлшекей жеңген екен”, -деп айтылатын жері бар. Сол осы “Тоқтаған” күйі болуы керек. Өйткені Ә. Әбдіхалықов бұл күйдІ “Қыз тоқтаған” ; деген атпен нақышына келтіріп орындайды. Яғни, күйдің аты айтып түргандай, қыздың тоқтап қалып, Әлшекейге жауап қайтара алмай жеңілгенін мойындаганы. Бүл күйде Әлшекей орындау шеберлігінің сан қырлы ерекшеліктерін көрсеткен. Күй Арқаның Айшасымен тартыс үстінде дүниеге келген. Айша да осал күйші болмаган. Тарту шеберлігі Әлшекейден бірде кем түспей, орындаған күйлерін өзіне дәлме-дәл қайталап беріп отырған. Бұл күйді Әлшекей “бармағын” шығарып ойнайды. Күйдің соңғы қағысын қақпай, оң қолының сүқ саусағын домбыраның дыбыс шығатын ойығына тығьш бітірген. Дэл осы күйді қайталауға келгенде Айша іркіліп, тоқтап қалған екен. Себебі шариғатгың заңы бойынша қыз бала саусагын шыгармайды. Айша сол себепті күйді қайталамаған. Әлшекей осылайша тапқырлық танытады да, Айша “шеше көрген” өнегелі тэрбиесіне көпшілікті куэ қылады. “Тоқтаған” күйінен Айшаньщ Әлшекейден жеңілгеніне көзіміз жетеді. Бірақ бұл жерде жеңу-жеңілуден бұрын “Қыз өсірмей, қүс өсірген” қазақ халқьшың ізетті тәрбиесіне сүйсініп, ризашылық білдіресіз (4). Қазақ күй-аңыздарының ортақ сипатьшьщ бірі — қыз бен жігіт күй тартысқанда «кыз жеңілді-мыс» деп келетін міндетті жеңістердің астары, айтар ойы неде? Әңгіме түйіні осы сауалда жатса керек. Қыз бен жігіт күй тартысқанда «қыз жеңілді-мыс...» дейтін дәстүр күйдің өршіл табиғатынан шығады. Бұл жерде міндетгі түрде сонау ілкі замандардан қалып алған наным-сенімдерге байланысты: «Күй көктен түскен, Қорқыт көкке күй тартқан. Күйден ср адамды жеңіліс таптыру — Тәңірге күмән келтірумен пара-пар...» деген қағидалар сақталады. Шын мәнісінде сайыстың басқа түрлерінде мұндай жаба тоқьш, бәйгені ер адамға беру жок. Өйткені олар - басқа жанр (5). Қорыта айтарымыз, қазақ халқьшьщ үрпақ тәрбиесіне аса көңіл бөлетіні, эсіресе, күй өнеріне Әлшекей бабамыздай дарабоз - өнер тарландарының шығармашылығы арқылы болашақ жастарымызға өнеге беру - біздің басты мақсатымыз болып табылады. Пайдаланылған әдебиетгер: 1. Б. Жүсіпов Сьф бойының жыраулық-жыршылық дәстүрі. Автореф. А. 1999. 2. Б. Досманбетов, М. Кереев «Қызылорда». Қызылорда-Алматы: РИК 1999. 3. Ә. Тұрсынов Қоңырат Қүрбан атаның тағылымы. А., 1993. 4. Е. Нұрымбетов Қызылорда облысьшың күйшілік дәстүрі. Дипломдық жұмыс. А., 1997. 5. Б. Жүсіпов Жиделі Байсын күйлері. А., 2000.

Әлшекей Бектібайұлы – кенжелеу зерттелген күйшілердің бірі, бірақ ол туралы барлық уақытта айтылып жүр. Еркін Нұрымбетов ініміз сияқты барлық күйлерін нотаға түсіріп, еңбектенген ешкім жоқ.

Айтылуын айтылды, кезінде Мұхтар Шаханов ағамыз «Аққулар қонған айдын» атты кітабында жазған, Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың күй өнері» кітабына енген. Ол кісінің күйлерін Сыр бойындағы күйшілер тартып жүр. Әрине, тікелей өзінен үйренген күйшілер жоқтың қасы. Сол өзінен үйренген күйшілерден үйреніп барып, солардан кейін үйренген төртінші бір ұрпақ жалғасы бар ғой, солардан бізге жеткен 20 -30 шақты күйлері бар. Оларды мына Еркін ініміз нотаға түсірді. Солардың ішінен 12 күйін саралап алып, оркестрге түсіріп, Еркін Нұрымбетов ініміз Айтқали Жайымов бастаған, Жамағат Қарасай, Төлепберген Телжанов, Рахат Мәдіреев, Нұрлан Бекенов сияқты танымал үлкен дирижерларды, композиторларды тартып, Әлшекей атамыздың шығармаларын халыққа таратуда.

Осы кешке Әлшекей атамыздың ұрпағы белгілі сатирик Көпен Әмірбеков ағамыз және Түрікменстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшісінің кеңесшісі Исатай Сағындықов деген айтулы азамат та қатысып отыр. Ол кісі ғалым ретінде Ұлттық тестілеу жүйесін енгізген азаматтардың бірі, кезінде Тәжікстан елшілігінде болған кезде Әлшекей атамыздың бейітін табуға көп көмегі тиген азамат.


Перевод

Жүргізуші:

1)«Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырзаәлі ағамыз жырға қосқан.

2)Осымен «Сыр сүлейі – Әлшекей»атты іс- шарамызды аяқтаймыз.

3)Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Орысша перевод,ағылшынша перевод.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі