Жылыбұлақ негізгі жалпы білім
беру мектебі
Мухамедярова Кульжанат
Сагидулловна
«Әлсіз буын» интеллектуалдық
сайысы
Мақсаттары:
Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, тез ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық
білімдерін тексеру.
Көрнекілік,
құрал: интерактивті
тақта.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен
ұстаздар, « Әлсіз буын» интеллектуалдық сайысымызға қош
келдіңіздер!Сайыстың шартымен таныстырып өтейік. Сайыс бес раундтан
тұрады. 8,9 сыныптардан барлығы 6 оқушы қатысады. Әр қатысушыға үш
сұрақтан қойылады. Сұрақтарды интерактивті тақтаның экранынан
оқисыздар. Жауап бере алмаған оқушының орнына басқа оқушы жауап
бере алады. Әр раунд сайын нашар жауап берген бір қатысушы ойыннан
шығып отырады және әділ қазылар алқасы әр раунд сайын « әлсіз буын»
және «әлді буынды» анықтап отырады. Ең соңғы бесінші раундқа жеткен
екі ойыншы өзін шешендік жағынан танытады. Сонымен, сайысымызды
бастайық. Қатысушыларды орындарына
шақырамыз.
1 раунд
-
Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар
қалай деп аталады?
-
Кері сандардың көбейтіндісі неге
тең?
-
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге
тең?
-
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз
бөлінеді?
-
75%
санның қандай
бөлігі?
-
Қиылыспайтын түзулер қалай
аталады?
-
Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем.
-
Геометрияның жазықтықтағы заңдылықтарын
зерттейтін бөлім?
-
Квадраттық функцияның графигі.
-
Шешімдері бірдей теңсіздіктер.
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.
-
Пифагор теоремасын тұжырымда.
-
Рационал сандар жиынын қандай сандар
құрайды?
-
Виет теоремасын
тұжырымда.
-
Қазақтың байырғы аудан
өлшемдерін ата?
-
Қазақтың байырғы көлем
өлшемдерін ата?
-
Цифр қай елдің сөзі?
-
Трапецияның орта сызығы неге
тең?
2
раунд
-
Биссектриса дегеніміз не?
-
Медиана дегеніміз не?
-
Ең
үлкен үштаңбалы сан?
-
Тәуелсіз айнымалыны қалай
атайды?
-
Төртінші дәрежелі теңдеу.
-
Төрт таңбалы математикалық таблицаның авторы
кім?
-
Бағытталған кесінді қалай
аталады?
-
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу қалай
аталады?
-
1
радиан неше градусқа
тең?
-
300-дің
25
проценті неге
тең?
-
Қай
ширекте косинус пен синустың таңбалары бірдей?
-
Математикаға координаттар
әдісін енгізген француз математигін
атаңдар?
-
Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі
бар?
-
Екі
қатынастың теңдігі қалай аталады?
3
раунд
-
Санның модулі дегеніміз не?
-
Шеңбердің ұзындығы неге тең?
-
Функция дегеніміз не?
-
Масштаб анықтамасы.
-
Кез
келген қандай сан барлық санға бөлінеді?
-
Ортақ
бөлгіші 1-ге тең сандар қалай
аталады?
-
Бір
нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай
аталады?
-
Натурал сандар қатары қандай санмен
басталады?
-
Жазықтықтың шеңбермен шектелген
бөлігі
-
Периодсыз ақырсыз ондық бөлшек түрінде көрсетуге
болатын сан?
-
3-ші дәрежелі функцияның графигі
қалай аталады?
-
Координаталық жазықтық дегеніміз
не?
4
раунд
-
Герон формуласы не үшін
қолданылады?
-
300-қа қарсы жатқан катет неге
тең?
-
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге
тең?
-
«Дискриминант» қандай сөзден
шыққан?
-
Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай
аталады?
-
Бір
айнымалысы бар сызықтық функцияның формуласын айтып
бер?
Жүргізуші: соңғы раундқа жеткен
ойыншыларымыз өздерін енді шешендік жағынан танытады. Дайындалуға
уақыт беріледі.
5 раунд
«Математиканың қажеті бар
ма, жоқ па?» пікір
сайыс.
Сайыстың
қорытындысы: Жеңімпаз оқушы
марапатталады.