Қазақ тілі, 8-сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Алтай
Альпілері». Есімше
Мақсаты:
1. Білімділік:
Есімше, оның негізгі ерекшелігін еске түсіре отырып, есімшенің
жасалуы, түрлері туралы түсінік беру, әрбір жұрнақ түрлерінің шаққа
қатысын меңгерту, мәтіндерден есімшелерді құрамына талдай білуге
дағдыландыру;
2. Тәрбиелік: әдептілікке, Отансүйгіштікке, өнегелікке
тәрбиелеу;
3. Дамытушылық:
танымдылық белсенділігін арттыру, сауаттылыққа баулу, алған білімі
негізінде ойлау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін
дамыту;
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру,
жинақтау.
Көрнекілігі:
1.
Сызба
2. Мазмұнды суреттеу
3. Талдауға
арналған мәтін
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді
қайталау
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің құрамына қарай түрлері:
3. Мағынасына қарай түрлері:
4. Етістер
II. Жаңа сабақ
1.Ережемен
танысу.
Мақсаты: Өткен сабақ пен жаңа сабақты
байланыстыру.
1. Есімше дегеніміз не?
2. Мысал
3. Есімше қалай жасалады?
4. Тақтаға сызба ілінеді. Сол бойынша сабақ түсіндіріледі.
Мақсаты: сабақтың білімдік мақсаты орындалуы тиіс.
1. – қан, - кен, -
ған, - ген - өткен шақ есімшелері.
2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.
3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты
келер шақ есімшелері.
4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы келер шақ
А) шақ түрлеріне қатысты еске түсіріледі (білімін кеңейту)
Ә) Үндестік заңына қатысын айтқызу (проблемалық сұрақ)
«Есімшені тап» көрнекілігін пайдалану
2.Мәтінді оқу. Тақырып қой, есімшелерді құрамына
талда.
"Алтай
Альпі" демалыс
орталығы
Өскеменнен 22 км
қашықтықта,
қаладан небәрі
40 минут жол жүрсеңіз, табиғатпен үндескен ғажайып әлемге тап
боласыз. Демалыс орны экологиялық таза аймақта қарағай, майқарағай,
балқарағай, қайың, көктерек араласқан орманның қоршауында
орналасқан.
Алып бөктерлер
«Алтай Альпілері» демалыс орнын Қазақстандағы ең жақсы тау шаңғысы
шипажайларының біріне
айналдырды. Алтай жеріне алғашқы қар ұшқыны тиген сәттен бастап
демалыс орнының аумағы шырайлана түсіп, белсенді уақыт өткізгенді
ұнататын жандарға есігін айқара ашады. Бізге келген әрбір демалушы,
маусымға қарамастан, өзінің жанына жақын іс таба
алады.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін
жазбаша түрде арттыру, ойын жазбаша жүйелі түрде жеткізе білуге
дағдыландыру.
3.
Мақалды жалғастыр, есімшені тап.
1. Талапты ерге........
2. Ерінбеген...........
3. Еріншектің................
4. Семіздікті...............
III. Бекіту.
1. Есімше қай шақтарға қатысты болады?
2. Есімше қалай жасалады?
3. Есімшенің жұрнақтарын ата.
4. Мысал келтір.
Үйге тапсырма.
3 жұмбақ, 3 мақал – мәтел жазып, жаттау