Материалдар / Алтайдың ақиығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтайдың ақиығы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Алтайдың ақиығы-өр Оралхан» Тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларды жерлес жазушы – Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру;

Дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау;

Ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту.

Мұғалім: Өр Алтайдың асқақ жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жыл толу мерейтойына орай «Алтайдың ақиығы-өр Оралхан» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Бүгін біз сөз зергері Оралхан ағамыздың өмірбаянымен танысып, естеліктер мен жыр шумақтарын арнамақшымыз.

Малика: Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған.

Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған.

Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. Оның «Қасқыр ұлыған түнде», «Апамның астауы», «Бес тиын», «Көк тайынша», «Құмар қол бұлғапты», «Тортай мінер ақ боз ат» т.б шығармалары бар.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде,  Делиде қайтыс болды.



Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.

Оралхан Бөкейдің шығармалары мәңгілік.

«Оралхан Бөкей – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең тамаша суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді».

Әбіш Кекілбаев

«Оралхан – дүниеден озғалы, қаншама жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».

Шерхан Мұртаза,

«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».

Дулат Исабеков

«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».

Қасым Қайсенов

«Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкей қапыда,қиыр алыста оралмас сапар кешті, біз тіл жетпейтін өкініш кешіп, тағы жылап қалдық».

Дана:

Жерінде Үнді елінің,

Жоғалып алтын сынығы –

Кетірді көңіл сенімін,

Ажалдың ұзын құрығы.

Өнердің шырқау көгінен,

Қазақтың ағып жұлдызы –

Көз жасын сүртіп жеңімен,

Қасірет жұтты ұл-қызы.

Шейіт боп қапыл халқымның,

Бір туар қайран асылы –

Қарашаңырағына марқұмның

Тағтырдың түсті жасыны.

Мейірімін төкті соңғы рет,

Аспанның өңі қарайып –

«Оралхан Бөкей өлді!» – деп,

Айтамыз қалай, халайық?!

Нариман:

Қисынсыз қыршын кетсе де

Қырқылжың кетер жол қайда?!

Қайғының қосын жеккенше,

Қаламым сынса болмай ма?..

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,

Үзілді ортамыздан қасиетті үн.

Ғұмырын соншалықты қысқа қылып,

Адалдық, адамдығын басым еттің.

Талшын:

Қиятын жан емес ең кісі өлімге,

Сені ойлап аза – қайғым күшеюде.

Тағдыр – ай, арманыңа жеткізбедің,

Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.

Тербеген құштар жүрек, сонар – таңы,

Үзілді шиырлатқан ән арқауы.

Ұшырған ақиығын шыңдарынан,

Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.

Рамиля:

Аз жылда сенің жоғалтқан,

Аз ба еді жақын жандарың?

Енді кеп саған оқ атқан

Тағдырды қайтіп қарғармын?

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір.

Ануар:

Жаныма қатты батушы ед,

Көргенде суық бетіңді.

Жүзіңде бір мұң жатушы ед,

Қасіреттің мөрі секілді.

Алтайдың сұлу таулары,

Орнынан бүгін аунады.

Жоғалтып күнін саудағы.

Маңыды марал, маңырады.

Бексұлтан:

Маралдай сұлу жігіт ең,

Қараптан қарап сүйікті ең.

Табиғат-ана үмітті ең,

Айнымайтын сүйріктен.

Жанардан сорғалап жалғанға жаңбыр – мұң,

Өкіндік өртеніп, өксік жеп опындық...

Қайтейік,

сұп-суық сызығы сызылса Тағдырдың...

Жан, Аға!

Ислам:

Өлімнен қорқатын мынау бір әлемге,

Өлмейтін Сөзіңді қалдырдың!

«Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ең,

Айрылды қазақ сендей түлегінен.

Өзінді қастерлеген туған елдің,

Жатарсың, орын алып жүрегінен».

-«Көрінуші ең көнелердің көзіндей,

Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,

Асқақ едің, нар едің –

Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей»

«Жазушы Бөкеев – туған өлкесі - әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы!

-Осымен, «Алтайдың ақиығы-өр Оралхан» атты тәрбиесағатымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рақмет! Қош сау болыңыздар!







































Тәрбие сағатынан үзінді



Қажымқан Малика Оралхан Бөкейдің өмір-баянымен толық таныстырып өтті



Ерболатова Талшын, Азаматқызы Айша, Қуанышқызы Дана жаттап келген жыр шумақтарын айтты















«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ









Алтайдың ақиығы-өр Оралхан

Тәрбие сағаты

Сыныбы:3-«Б»

Сынып жетекшісі:Далаева Н.Т











Өскемен қаласы 2023-2024 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!