Материалдар / Алтын адам
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтын адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын адам туралы мәлімет беріледі.Алтын адамның қай сақ түрлеріне тиесілі екенін анықтайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.2В. Сақтар


Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» кім болды?

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

5.2.2.4 – «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттау;

5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Білімділік:

Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарының негізіндегі мәліметтермен танысу, маңыздылығын түсіну;

Дамытушылық:

Оқушылардың көпшілігінің сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, кейбіреуінің зерттеушілік дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:

Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу

Бағалау критерийлері


  • Қазақстандық археологтардың жаңалықтарын сипаттац алады;

  • «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде талдай алады;

  • Ежелгі тайпалардың дүниетанымын бүгінгі күнмен байланыстыра алады;

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология: сақ қорымы, археоогилық зерттеулер, алтын адам, Есік қорымы, аңдық стиль, күнге табыну, жерлеу рәсімі

Оқытудың тілдік мақсаты: Алтын адам туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы); талдау жұмысын жасайды (жазылым дағдысы); тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Есік қорымынан табылған алтын адам...

Біздің анықтағанымыз... деректерде....

Бүгінгі күнмен байланыс ...

Қорытындысында...

Құндылықтарды

дарыту

-Өткен тарихына құрметпен қара еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

-Оқушылардың бойына жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру, ашықтық, сыйластық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру

АКТ қолдану дағдылары

https://ok.ru/video/180146472413 - Алтын Адам құпиясы

« ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ. АЛТЫН АДАМ»

https://www.youtube.com/watch?v=ExI0nAh1ntw

Бастапқы білім

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер.Сақ тайпалық одақтары бөлімінің бірінші тақырыбы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі













Тақырыпты болжау






БЫМ. Оқушыларға Есік қорғанынан табылған «Алтын Адам» суреті көрсетіледі.

Оқушыларға келесідей сұрақтар қойылады.

- Қандай белгілер көріп отырсыздар?

- Бүгінгі таңда қандай маңыздылыққа ие?

-Қазақстанның қай қаласында бұл мүсін көрініс табады?


Тақырыпты бекіту мақсатында келесі видео көрсетіледі.

https://ok.ru/video/180146472413 - Алтын Адам құпиясы.


Видео көру барысында оқушылардың келесі сұрақтар төңірегінде ойлануларын қамтамасыз етіңіз.

  • «Алтын киімді» адам кай жерден табылды?

  • «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?

  • Қорымды зерттеу не септі қиын болды?

  • Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?

  • Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды

  • Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?

М.Ойланып көріңіз,сабақтың тақырыбы қандай болмақ? Болжам жасаңыз.

-2-3 оқушыны тыңдау

-тақырыпқа шығу


Оқушылар тақырыпты анықтап болғаннан кейін келесі қадам сабақ мақсатымен танысу.


Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі.








Презентация,слайд 1



https://ok.ru/video/180146472413 - Алтын Адам құпиясы.









Презентация,слайд 2

Презентация,слайд 3



Презентация,слайд 4

Презентация,слайд 5


Мағынаны тану кезеңі

Сабақтың ортасы

10-18 мин






































Дерекпен жұмыс: Алтын адам тарихы

Б/Ж. Видео барысында жазылып алынған ақпарттар негізінде, топтар деректегі ақпаттарды танысып постер қорғайды.

Критерийлері:

  1. Тапсырманың мазмұнын ашу

  2. Образды ашуда сақ мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету (стиль, бұйымдар, қару – жарақтары, өмірге қажетті

  3. Креативті таныстыру,жеткізу

Топтар бірін-бірі стикерлер арқылы немесе мимикамен бағалау бағалайды.

Алтын адам мұржайына саяхат

Б.Бейнематериал « ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ. АЛТЫН АДАМ» атты мұражайға онлайн саяхат

https://www.youtube.com/watch?v=ExI0nAh1ntw

Видеобаян негізінде ақпарттармен танысып, архелогпен сұхбат атты рөлдік ойын ұйымдастырыңыз.



РАФТ. «Архелогпен сұхбат»

Оқушылар топта археолог болатын төмендегі тапсырмаларды рөлге бөліп,ауызша орындайды. Топтағы оқушылардың біреуі сақ қорғаның зерттеген археолог болып, қалған оқушылар сұрақтар қояды.



Зерттеу мен талдау

Ж. Сақтардың дүниетанымыны ерекшеліктерін талдау арқылы оқушылардың келесі зерттеу сұрақтарына жауап беруін ұйымдастырыңыз.

Ал, қазақ халқының ежелгі бабалары болып келетін сақтардың, көшпенділердің дүниетанымына, діни наным-сеніміне келер болсақ, ғалымдар қазірге дейін толығымен зерттемегендіктен шешімді пікірге келе алмай отыр. Сақтардың қазірге дейін табылған мұраларына қарағанда, олар да басқа халықтар секілді табиғаттың тылсым күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, нажағайға, жел-дауылға табынған, осынау құбылыстар оларға Құдай бейнесі секілденіп көрінген. Сондай-ақ жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қайымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән сол қауымның жеріндегі зиратында атқарылатын күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Сондай-ақ таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін мәйіттерді бальзамдау мен мумиялау қолданылғанын көрсетеді. Дінтанушы, қари,Шохаев Еркінбек Керімбекұлы


  1. Не себепті аңдық стиль? Аң мен адам арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

  2. Табиғат құбылыстарына табыну қаншалықты сақ өмірінде орын алды?

  3. Сол кездегі дүниетаным қазіргі кезде қалай көрініс табуда? Отқа табыну – аластау



Ежелгі Қазақстан тарихы.

1-бөлім, Т.С. Садыков,

А.Т. Толеубаев, Г. Халидуллин, Б.С. Сарсекеев. - Алматы: Атамұра, 2011.

















« ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ. АЛТЫН АДАМ» атты видео

https://www.youtube.com/watch?v=ExI0nAh1ntw













Мәтінмен жұмыс.

Қосымша1



Ежелгі Қазақстан тарихы.

1-бөлім, Т.С. Садыков,

А.Т. Толеубаев, Г. Халидуллин, Б.С. Сарсекеев. - Алматы: Атамұра, 2011.



Сабақтың соңы

10 минут

«Сақ қоғамының бізге жеткен өнер туындыларын көрсетіп, сақтардың қолжеткен жетістіктерін қалайша бағалайсыңдар?» атты сұрақ негізінде түйін жасайды.

1)Рефлексия:

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру

Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері)

АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары,ОМ қол жеткізу,саралау тапсырмаларын талдау мүмкіндігі.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!