400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын адам 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын адам ескерткішінің Қазақстан тарихындағы орны жайлы кеңнен түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Мектеп: Благодар орта мектебі



Сабақ: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: «Алтын адам» археологиялық олжасы /2 сабақ/



Күні: 26.12.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нарымова Гулбану




Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:




Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты:

5.2.2.4 – Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;

5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Есік обасынан табылған олжалар сақтардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат беретінің анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі: Сақтар әшекейлеу үшін неге аңдардың бейнесін қолданғаның біледі.



Кейбір оқушылар: Алтын киімді адамның құрлымының діни- наныммен байланыстыра отырып, зерттейді.




Бағалау критерийлері


  • Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін дәлелдейді;

  • Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды

  • Алтын адам киімінің дүниетанымын аша алады



Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • өткен тақырыпты, яғни бұрынғы алған білімін жаңа ақпаратпен байланыстыра алады

  • тақырыпқа сай нақты дәлелдер келтіріп сипаттайды

  • сақ қоғамындағы дүниетанымын ашып маңызын түсінеді



Пәндік лексика және терминдер

«Аң стилі», дүниетаным



Диалогқа/жазылымған қажетті сөз тіркестер

1.Алтын адам жаңынан табылған әшекей бұйымдардың ерекшелігін анықтайды

2.Сақардың дүниетанымымен танысып айтады

3.Алтын адам тарихи маңызына



Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау



Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану




Алдыңғы оқу


Есік обасында табылған «Алтын адам» туралы не білесіз?



Жоспар



Жоспарлаған уақыт есебі

Жоспарланған

жаттығулар

Ресурстар





Басы

5+5 минут

















Ұйымдастыру кезеңі

І. Тренинг «Мен саған тілеймін...» оқушылар шеңберге тұрып бір- біріне жақсы тілектер айтып, психологиялық .

І І. Ой түрткі: «Ассоциация» (сурет бойынша ой қозғау)




«Алтын адам» суретіне ассоциация құрады.


Кейін өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру үшін төмендегі сұраққа жауап береді.

- Алтын адам жанынан табылған бұйымдар қандай стильде жасаған?

- Алтын адам ғалымдардың болжауы бойынша қандай тайпадан шыққан ?

- Сақтар неге табынған?

- Сақтар қанша топқа бөлінді?

Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау "Үш шапалақ"

ІІІ. Сынып оқушылары тақырыпқа байланысты аталады. «Алтын адамның» : баскиімі,камзолы,белбеу,тостаған суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді. Сонымен қатар тақтада осы суреттер жинағын қосып қою оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығы артады.

Қызығушылықты ояту

«Алтын адам» туралы видео тамашалау.

ІҮ. «Әріптер мен сандар» әдісі арқылы бір оқушы онға дейін санағанша, оқушылар берілген әріптерден сөзді құрастыруға тиіс. «Алтын адам» туралы видеодан және сөзден сабақтың тақырыбы шығады, сабақтың күнін, тақырыбын дәптерге жазады.






Сурет

















суреттер




видео


Кеспе қағаздар





Ортасы

25 минут



1-тапсырма:«ДЖИГСО» әдісі бойынша әр бір топ оқушылары өз топтарының атына берілген «Алтын адамның» бұйымдарымен танысады, талдайды, постер құрап, қорғайды.

Дескриптор:

1. Оқулық бойынша мәтінмен танысады, негізгі мәліметтерді анықтайды;

2. Мәтінді оқу барысында әр топ өз дәлелдерін талқылайды.


Қалыптастырушы бағалау: оқушыларды "үш шапалақ" әдісімен мадақтау

Талдау

1-тапсырма: «Ойлан,топтас, бөліс» /Сурет бойынша талдау/

1 - топ: Есік обасынан табылған әшекей бұйым







Талқылауға арналған сұрақтар

1.Суреттерден қандай аңдарды көріп тұрсындар?

2.Шебер аңдарды қалай бейнелеген?

3.Қаңдай қорытынды шығара аласыңдар?


Қалыптастырушы бағалау: Бас бармақ

2-тапсырма.

2-топ: Жеке жұмыс. «Алтын адам» туралы әңгіме құрастыру









Дескриптор:

  1. Сабақ барысында алған білімдері мен түсініктерін пайдаланады

  2. Еркін жазу арқылы бір- бірінің ойларын біледі

Қалыптастырушы бағалау: Алтын жұлдызша

3-тапсырма.

3-топ: СУРЕТТЕР ЖИНАҒЫМЕН ЖҰМЫС:

1. Суреттерден не көріп отырсыздар?

2. Не ерекше болды?

3. Осы жәдігер туралы не білесіздер?

Болжамдарын негіздейді.

Ықтимал жауаптар:

Көпшілігі: Барлық заттар алтыннан жасалған. Алтын сапалы, құнды металл. Барлық заттар заттай деректерге жатады. Тәуелсіздік монументін жиі көреміз.Мұражай.

Кейбірі: Мен Есік мұражайын бардым. Мен Алтын адамды көрдім.

Ескерту: Мүмкіндік болса Есік мемлекеттік тарихи-қорық мұражайы туралы бейнематериалды қосуға болады. (барлығы 3,25мин)

Дискриптор:

1. Көріп отырған суреттерін айтады.

2. Жәдігерлердің ерекшелігіне тоқталады.

4-тапсырма.

4-топ: Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді тыңдайды.

Соның бірі – әлемді елең еткізген, біртума ескерткіш – Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда, оның патша сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның киімі – әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихындағы ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен жеті алтын адамның табылуы – әлемдік сенсация! Ол бұйымдардың жасалу технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана емес, көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі! Бұл мұра – ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.

Дескриптор:

1. Мәтіннен тірек сөздер анықтайды.

2. Дарынды оқушылар ауызша, үлгерімі төмен оқушылар жазбаша. Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Оқулық,

маркер,

флипчарт













сурет, оқулық, интербелсенді тақта




























сурет, интербелсенді тақта






Соңы

5минут




Кері байланыс парағы

  • Мен үшін маңызды болған...

  • Өзімді жақсы сезінген сәттер...

  • Ұсыныс...

парақ






Рефлексия


5 минут


«Анкета» әдісі

Оқушыларға кішігірім анкета ұсынылады,ол өзгертуге болатындай толықтырылып отырылады, яғни сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді.Оқушылардан өздерінің жауаптарын дәлелдеп беруін сұрауға болады.

1.Мен сабақта жұмыс… жасадым
2.Менің сабақта жасаған жұмысыма ...
3. Сабақ маған ...
4. Мен сабақта...
5. Менің көңіл-күйім ...
6. Сабақтың материалы маған ...
7. Үй жұмысы маған ..

белсенді / неғұрайлы
Көңілім толды / толмады
ұзақ / қысқа немесе тез
шаршамадым / шаршадым
жақсарды / төмендеді
түсінікті / түсініксіз
Қызықты / қызықсыз
жеңіл / күрделі


интербелсенді тақта, анкета





Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау жүзеге асырылады. «Ой түрткі», «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі және жеке жұмыс арқылы игеруді ұсындым.

Әдіс-тәсілдерге бағыттауда айтылым, оқылым және жазылым дағдылары қалыптасады.

2.Оқушылардың білімін саралау мақсатында ізденіс, болжау, дәлелдер келтіру дағдыларын дамытуға бағыттадым.

Қалыптастырушы бағалау сабақтың барлық кезеніңде қолданылады. «Үш шапалақ», «Бас бармақ», «Алтын медаль» бағалау әдістері

Санитарлық -

гигиеналық

ережелерді

сақтау.

Техникалық- қауіпсіздік сақтау


.






Рефлексия

«Анкета» әдісі арқылы сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді





Сабақ/оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті? .Жоспарлаған шаралар тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі