400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын адам" археологиялық олжа

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын адам" археологиялық олжа
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.2В Сақтар

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепкедейінгі шағынорталықпен»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кошмаганбетов Олжас айкужаұлы

Сынып: 5 «Ғ»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» кім болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлығы:

5.2.3.1 Қазақстандық ғалымның археологиялық жаңалықтарын біледі

Көпшілігі:

5.2.2.4 «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттайды

Кейбірі:

5.2.1.2 Есік қорғанынан табылған олжалар сақтардың дүниетанымын тұжырымдап, айтады

Дескрипторлары:

1. Деректермен жұмыс жасап, археологтардың жаңалықтары туралы мәлімет жинап, кестені толтырады.

2.Есік қорғанын зерттеу туралы археологтан сұхбат алу үшін кем дегенде 2 сұрақ құрастырады.

3.Есік қорғанынан табылған адам неліктен «Алтын адам» деп аталды? сұрағына 2-6 дәлел келтіреді. Немесе

Атажұртымыз – «Алтын адамдар» мекені» деген пікірмен келісесіз бе? сұрағына 2-6 дәлел келтіреді.

4. «Алтын адам» жәдігерінің кем дегенде 3-ін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Сөз тіркестерімен жұмыс. Сөз тіркестерді қолданып, кем дегенде 5 сөйлемнен тұратын шағын оқиға құрастырады (жазылым дағдысы);

Қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

археология

оба/қорым

«Алтын адам»

ескерткіш

«Есік қорғанынан табылған құнды жәдігерлер сақтардың тұрмыс тіршілігі туралы ...ақпарат береді.

Берілген дерек бізге келесі мәліметтерді береді...

Ең басты жетістіктер...

Құндылықтарды

дарыту

Қазақстанның мәдениетін, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата - бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу. Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану. Дүниежүзі тарихы. Өнер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыс жасауына мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады. Мүмкін болған жағдайда интернет желісі арқылы деректер, ақпараттар, суреттер табу.

Бастапқы білім

Сақтар туралы жазбаша деректер туралы біледі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин































Қызығушылықты ояту кезеңі

Қоңырау уақытында сынып оқушылары археолог,оба,алтын, ескерткіш деген сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді. Сонымен қатар тақтадағысуреттер арқылы оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығы артады.

(Б) СУРЕТТЕР ЖИНАҒЫМЕН ЖҰМЫС:


1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.
Осы жәдігерлер туралы не білесіздер?
4. Тақырыпты болжап көріңіз....

Болжамдарын негіздейді.

Ықтимал жауаптар:

Көпшілігі: Барлық заттар алтыннан жасалған. Алтын сапалы. құнды металл. Барлық заттар заттай деректерге жатады. Тәуелсіздік монументін жиі көреміз. Мұражай .

Кейбірі: Мен Есік мұражайына бардым. Мен Алтын адамды көрдім.

Ескерту: Мүмкіндік болса есік мемлекеттік тарихи-қорық мұражайы туралы https://www.youtube.com/watch?v=u97Mvq20qg8 `

бейнематериалды қосуға болады. (барлығы 3,25мин

(М) Оқушылар сабақтың тақырыбы, мақсаты және дескрипторлармен танысады.













Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.


"Алтын адам" туралы мәлімет

http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/almaty_oblast/excavation/issyk


Тарихи тағылым

http://gazeta-ko.clan.su/news/tarikhi_taylym_azastanda_ansha_altyn_adam_bar/2009-10-01-154


Сақтар мәднениеті (бейнематериал)

http://lms.nci.kz/history/view?f=17&id=5&lang=kaz


Сақтар мадениеті (мәтін)

http://e-history.kz/kz/scorm/course/147


К.А. Акишев «Курган Иссык, Искусство саков Казахстана». Москва, Искусство, 1978 ж.



https://www.youtube.com/watch?v=u97Mvq20qg8 `

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

https://www.youtube.com/watch?v=YA8jHY8oivc





Сабақтың ортасы 5 мин























5 мин













5 мин




























5мин























5мин

Мағынаны тану кезеңі.

(Ж) 1-тапсырма: Археолог тобы

Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» зерттелуі туралы жалпы ақпарат алу үшін оқушылар Деректермен жұмыс арқылы «Есік қорғанын қазу және зерттеу жұмыстары» туралы мәтінді толтырады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар қазақстандық ғалымның археологиялық жаңалықтарын біледі

.



Саралау: 2 бағанды толтырады.

1-тапсырманы бекіту: Топтар әрқайсысы 2 сұрақтан құрастырып бір-біріне қояды.


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс Оба тобы

2-қосымша
1. Есік қорғанынан табылған адам неліктен «Алтын адам» деп аталды?
2.Атажұртымыз – «Алтын адамдар» мекені» деген пікірмен келісесіз бе?
( әрқайсына 2-6 дәлел)

САРАЛАУ: Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел

Көпшілік оқушылар- 4 дәлел

Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді.


(Т)3-тапсырма. Жәдігер сөйлейді. Ескерткіш тобы


Жәдігерді өнер туындысы ретінде
жарнамалап, сатып алу ұсынылады.

3-қосымша..

Топ өздерінің атауларына сәйкес жәдігерді сипаттайды немесе жарнамалайды.Соңында сынып алдында қорғайды.

Бұл тапсырманы орындауда тапсырма мазмұнының толық ашылуы, креативтілік және ұйымшылдық талаптарын ескеріңіз. Оқушылар қойылым, сурет, постер, слайдты көрсетілім, және т.б түрде жарнамаларын дайындаулары мүмкін. Топ бір-біріне баға береді. Бұдан соң барлық сынып оқушыларынан қай жәдігерді сатып алатынын қол көтеру арқылы анықтаңыз. Қай жәдігерді сатып алушылар көп болса сол оқушы жеңіске жеткенін атап өтеді.


(Ж) 4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Алтын тобы

(Д) Бекіту тапсырмаларының бірін таңдап орындаңыз. 5-қосымша .

A-тапсырмасы: Жалғастырыңыз.

1.Алтын адамды 1969 - 1970 жылдары...
2. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық...

3. Алтын адам ерекше ..........туындысы...

4. Алтын адам қазіргі кезде.....

В-тапсырмасы: Есік обасынан табылған маңызды үш заттың тізімін жасап, сипаттаңыз.

1-зат..........................................................................

2-зат..........................................................................

3-зат.........................................................................

С-тапсырмасы:

Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді” (“Егемен Қазақстан”31.10.07). Академиктің осы пікірімен келісесіз бе? Ия. Жоқ.

1-дәлел.....................................................................

2-дәлел.....................................................................

3-дәлел......................................................................

Ескерту : Бекіту тапсырмаларын ұсынуда саралау жүзеге асырылған. Яғни А,В,С тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай жасалған. Оқушы өзінің деңгейіне сай таңдайды.

Сабақтың соңы

2мин



















1мин













1мин


1мин



(Д) Тақырыпты бекіту: Иә-1. Жоқ-0

Тұжырым

Иә-1. Жоқ-0

«Алтын адам» 1970ж. ашылды



«Алтын адамды» ашқан - К. Ақышев



«Алтын адам» жерленген обасдан 6 мың алтын әшекей табылған




Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған



Алтын адамда барыс бейнеленбеген



Есік обасында 17-18 жастағыханзада жерленген



ДҰРЫС ЖАУАП:

Бағалау – «Екі жұлдыз, бір тілек»

«Нысана» әдісі - кері байланыс

Нысаналарды қарап шығып, өзінің білімдерді игеру деңгейін көрсететін нысананы белгілейді:

Рисунок 1

Менің білімде рім шашыраң- қы, түсінбедім

«Мен сабақты түсіндім, бірақ сұрағым бар

«Мен сабақты толық түсін-дім, ұнады

Үй тапсырмасы: «Алтын адам» тарихи жәдігер ретінде маңызы қандай?эссе жазып келу

Сабақты қорыту:



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытады. 2 тақырыптың бірін таңдау ұсынылғанда екеуінде орындар үлгеруі мүмкін.

  • Оқушыларды тиісті тапсырмаларды таңдау жасауға мүмкіндік беруге болады.

  • Саралау:

1-тапсырмада : Кем дегенде 3 бағанды толтырады.

2-тапсырмада: Жұптар 2 тақырыптың 1-ін таңдайды.

Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел

Көпшілік оқушылар- 4 дәлел

Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді.

Бекіту тапсырмасында оқушылар А,В,С деңгейлі тапсырмаларының бірін таңдап орындайды.

Жоғары деңгейлі немесе тапсырмаларды ерте аяқтаған оқушыларға «Алтын адам туралы аңызды» оқуға ұсынуға болады.






  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзара бағалайды;

  • Жұппен бағалау жүргізеді;

  • Зерттеу жұмысы қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

  • Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс береді.

  • Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

  • Бекіту тапсырмаларының бірін орындау арқылы оқушылар алған білімді жалпылама қорытындылай отырып, өзіндік ой қалыптастырады.


1-тапсырма:

Жұптар әрқайсысы 2 сұрақтан құрастырып бір-біріне қояды.

2-тапсырма:

Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел

Көпшілік оқушылар- 4 дәлел

Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді.

3-тапсырма:

Қай жәдігерді сатып алушылар көп болса сол топ жеңіске жетеді.

4-тапсырма: кем дегенде 4 дұрыс сәйкестендіру

Бекіту тапсырмаларын толық орындаулары қажет.

Иә немесе Жоқ тапсырмасында кем дегенде 4 дұрыс жауап.







Жас ерекшеліктер ескерілген.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ. бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі