Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын адам туралы аңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
: Алтын адам туралы аңызбен танысy; • бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy; • • Оқушылардың басым бөлігі:. сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy. • Кейбір оқушылар: сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып:

Пән: Дүниетану

Мектеп:№83 А.Байтұрсынов атындағы ж о м

Мұғалім: Абдикадирова Г

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Алтын адам туралы аңыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу


Сабақтың мақсаттары

. • Барлық оқушылар: Алтын адам туралы аңызбен танысy;

бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;

Оқушылардың басым бөлігі:. сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Кейбір оқушылар: сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек сабағы


АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырвылым.


Тілдік құзыреттілік

нумизматика – нумизматика – numismatics; аңыз – легенда – legend;

батыр – батыр – batyr


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос



Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут









Нумизматика

Нумизматика – тиын, құйма ақша коллекциясы арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін қосалқы тарихи ғылым саласы. Осы саладағы ғылыми зерттеудің негізін қалаушы австралиялық ғалым, «Ежелгі осы нақты ма? Жайнар! туралы ғылым» еңбегінің авторы И.И. Эккель (1737–1798).


Тиын – бұл белгілі бір салмағы, пішіні, құндылығы бар металл құйма. «Тиын» атауы Монета Юнон әйел құдайының атынан шыққан.


Аверс – тиынның немесе медальдің оң жағы. Реверс – тиынның теріс жағы.


Аңыз деген не? «Аңыз» сөзі бізге латын тілінен енген. Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі. Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы барлық жазбалар да аңыздар деп аталады.

Алтын адам туралы аңыз. Ерте заманда қазақтың ұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты

Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.


1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.


Заттар. Оқушылар суретте бейнеленген заттар туралы ойларын айтады. Ерте заманда ақша ретінде тұзды, мал терісін, малды, ұлу қабыршағын және т.б. қолданғанын айтыңыз. Оқушылардан бұл саудада заттарды қолдану ыңғайлы ма деп сұраңыз. Тиын суретін көрсетіңіз.

«Нумизматика», тиындардың «оң және теріс жақтары» деген сөздерге түсінік беріңіз.


Сен – Алтын адамсың. «Автор орындығы» стратегиясын қолданыңыз. Оқушылар бас киім киіп, Алтын адам рөлін орындайды және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.


Сен білесің бе? Оқушыларға 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанынан археологтар «Алтын адамды» тапқаны туралы ақпарат беріңіз.


Орындап көр. Оқушыларға өз тиындарын ойлап тауып, «Тиын» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Олардан тиынның оң және теріс жақтарында қандай сурет болғанын қалайтынын сұраңыз.

Shape1





Қазақстан картасы.



Сергіту сәті







Оқулық, дәптерлер.





Тренинг


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

САРАЛАУ – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.

- Сенің атың кім?

- Сен неше жастасың?

- Саған қандай ойындар ұнайды?

- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?

Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)









Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11