400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын ана жүрек» көркемсөз байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




DrawObject1






DrawObject2








Дайындаған: Б.Бүрлібаева













№213 «Қыркеңсе» орта мектебі

2015-2016 оқу жылы





Тақырыбы: «Алтын ана жүрек» көркемсөз байқауы

Мақсаты: Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер.

Өтілетін орны: мультимедия кабинеті.



Барысы:

Жүргізуші: Ана...Ана...Ана...!!! Не деген мейірімді,не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиеті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма?! Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен жаралған.Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді.Міне,осындай сөзге ие болып қайырымдылық қызмет жасап жүрген Алтын жүрек Анамыз Сара Алпысқызының туған күніне орай өткізіліп жатқан «Махаббат –өмір нәрі » онкүндігінің бүгін «Алтын жүрек анамыз» атты көркемсөз байқауын өткіземіз.

Жетімдердің анасы,жесірлердің панасы,

Алпыс аға бөбегі,Нұрағаның Сарасы.

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.

«Жақындықпен күресіп,жақсылықты жетелеп,

Қиындықсыз өмір жоқ,қиындықпен от ептеп»

Дейді бізге Сарамыз, дегеніне панамыз,

Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке

(Т.Молдағалиев)

Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару, гүл ату – Жер-Ананың төл ісі.
Жылағанды жұбату – ел-анадан қалған іс.
(Т.Молдағалиев)

Оқушы:
Риза боп үлкендер де, тіпті сәби нәресте,
Балалардың емханасын ашқандығы әлі есте.
«Киндердорф» медалі мен ЮНИСЕФ-тің сыйлығы,
Алтын жүрек Анамыздың мәртебесі емес пе?

Оқушы:
Өзі аялап, мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.
Ән: «Ана туралы жыр»


Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимиін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Етуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Байқауға қатысушылардың ұпайын беретін әділ-қазы алқаларын

сайлаймыз.



Оқушы:

Жанарларда нұр ойнап, сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп, құштарланды өмірге.
Әрбір ізі гүл – дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге!
Оқушы:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын мерейтой, Алтын Жүрек Анамыз!



Ортаға көркемсөз оқуға оқушыларымызды шақырамыз.

(оқушылар ортаға өз шығармашылығынан немесе ана туралы шығармаларды көркем мәнермен оқиды)



1-жүргізуші:Ана –жұмақ, мен – шуақ, саябағы

Ана – шырақ, мен – сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы,- деп көркемсөз байқауын аяқтаймыз.

Сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.

Сөз соңында оқушылар марапатталады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі