400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын астық" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға астықтың келу жолын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№9 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын астық» (ертегі)

Мақсаты: өлеңнің мазмұнын ашу, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқи отырып,иәр шумағын қайталау арқылы жаттату; піскен астықты ору, жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу; еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: астықты комбайнмен орып, жинап, машинамен қамбаға тасып жатқан суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: қырманға, даулет.

Билингвальді компонент: астық-зерно, егін-посев.



Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс –әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Кіріспе әңгіме

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Ұзын мұртты срылар,

Қойынында дәні бар.

Ол не?

-Бидай, сұлы, арпа, тарыны жалпы астық деп атайды. Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады.


-Бүгін Қосжан Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңімен танысамыз.


Көктемде егін егетін,

Күзде жиып теретін,

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.





Сөздік жұмыс

Қырманға, даулет сөздерінің мағынасын білідреді.


Билингвальді компонент:

астық-зерно, егін-посев.


Сұрақ-жауап

-Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды?

-Қандай дәндер астық түріне жатады?



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Сергіту сәті

Күз мезгілі, астық пісті.

Астықты комбайнмен орамыз.

Машинамен қырманға тасимыз.

Қамбаға әкеліп төгеміз.

Диірменде ұн жасаймыз.

Ұнды нан зауытына апарамыз.

Ол жерде түрлі нандар,тәтті тоқаштар пісіреді.

Нандарды дүкенге апарады,

Дүкенен біз сатып аламыз.



Мақал жаттау

«Ас атасы – нан ».


Балалардың жауаптары.


Жауабы:бидай.












Балалар өлеңді қайталай отырып жаттап алады.










Сөздердің мағынасын түсінеді.

Балалар қайталайды:

астық-зерно, егін-посев.




-Күз мезгілінде.


-Бидай, арпа, тары, сұлы.



Балалар жұмыс дәртеріндегі тапсырманы орындайды.




Балалар қимылмен көрсетеді.







Үлкендердің еңбегін бағалау қажеттігін біледі.


Балалар мақалды жаттап алады.

Рефлексиялық түзетушілік

-Алтын астық деп не үшін айтамыз?

-Астықты қайда сақтаймыз?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «астық» сөзінің мағынасын түсінеді, нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.

Түсінеді: астық пісіп, жиналатын күз мезгілі екендігін түсінеді.

Қолданады: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсінеді мәнерлеп айтып береді.

Толтырған тәрбиеші

Тексерген әдіскер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
7727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі