жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алтын бала
ТАҚЫРЫБЫ: Алтын бала (әңгіме) |
Мектеп/ МҰ: |
||
|
Педагогтің аты-жөні: Садыбаева Улжан |
||
Сынып/топ: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Әңгіме мазмұнының жүйесін сақтай отырып шағын шығармаларды айтып бере алады. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Әдеби жанрларды ажыратады. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды. Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады. |
||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады. Өздерінің қатынасын эмоциялық түрде білдіреді. Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио Пікір алмасу сұрақтары: Қандай әңгімелерді білесіңдер? Есімізге түсірейік. Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе? Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс? |
||
Өткен ҰОҚ-де алған білім |
Өткен әңгімелерді естеріне түсіріп атау. |
||
|
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
(Ұ) Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін тәрбиеленушілерге өлең жолдарын қимылқозғалыс арқылы айтады. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Ұқыпты осындай, Болайықшы, досымай. (Т) Педагог шағын фольклор – мақалмен таныстырады. «Алғыспен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер». -Балалар, қалай ойлайсыңдар, алғысты қандай балаларға айтады? Тәрбиеленушілер алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжамдайды. Алғысты жақсы ісәрекет жасаған немесе көмек көрсеткен балаларға айтады. Сен өзің басқа бір адамдардан алғыс естідің бе? |
Музыкалық сүйемелдеумен Мақал |
|
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. |
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.
(Қосымша материалды қара). Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді. Мұқият тыңдаңдар. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.
Балалардың сұраққа толық жауап беруіне көңіл бөлінеді. Сергіту сәті: Ата менен ананың айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын. Төсекті өзім жинаймын, ешкімді де ренжітпеймін. Ешкім маған тимейді, мен де бәрін сыйлаймын. (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімеле:
Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (56 бала айтады). Бір бала әңгіменің басын бастайды. Екінші бала әңгімені педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады. Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy (Т) Жұмбақ шешу: Өзі тас, өзі ақ, Дәмін татсаң ащыақ. (Тұз) Мақал: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
|
Әліппе дәптер
Музыкалық сүйемелдеу
Әліппе дәптер |
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды.
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚде өзінің жұмысына баға береді: Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.
|
Әліппе– дәптер, түрлі түсті қарындаштар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген