Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Жемістер» аралас
І-кіші топ.
Білім беру саласы:
Қатынас
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: «Алтын
дән»
Мақсаты: Еңбекке
қызығушылықты қалыптастыру, оның нәтижелерін қадірлеуге
үйрету.
Алдын- ала
жүргізілетін жұмыс: алтын дән,ақ бидай,қамба,дала.
Әдіс- тәсілдері:
Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап,сергіту сәті, ойын ойнау.
Көрнекілік:
Егін,комбайн суреттері.
Билингвалдық
компонент: Бидай-пшеница.
|
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
|
Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі
|
Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Қане,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды
белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер
тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап
жанамыз.
|
Жақсы.
Қимылмен қөрсету.
|
|
Ұйымдас-
тырушылық
ізденіс кезеңі
|
Балалар, қазір қандай мезгіл?
Балалар, күз мезгілінде үш ай болады?
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әретінде ақын К.Ахметованың «Алтын дән»
өлеңін оқимын.
Жатыр
дала жалтылдап,
Жаз
шуағын мол құйды.
Күн
астында алтын дән
Тербеледі,толқиды.
Толықсыған тасқындай
Көкжиекпен ұштасып,
Күн
астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
|
Күз
мезгілі.
Қыркүйек,қазан,қараша.
Мұқият тыңдайық.
|
|
|
Күз
мезгілінде молшылығы көп жеміс – жидек пісіп, қамба астыққа
толтырады.
Ал енді
мына суретке назар аударамыз:
1 сурет.
Мынау трактор, бұлар көктемде жерде жыртып, жыртылған жерге тұқым
себеді.
Тұқым
мынадай болады. Көрсету
Егін
масағын көрсету.
2 сурет.
Мынау егін орып жүрген комбайн, комбайн астықты жинап машинаға
артады.
3 сурет.
Мынау диірмен. Диірменнен ұн тартып шығады. Ұн мінекей мынадай
болады. көрсету
4 сурет. Ұнды наубайханаға жіберіп, әр түрлі
нандар шығарады, оны балабақшаға жібереді.
Алтын
дән дегеніз-сап-сары болып өсіп тұрған бидай.
Астықты
күзде жинайды. Өсіп тұрған бидайды комбайн орып,астықты жүк
машиналарды қамбаға тасиды.
Алтын
дән ақырында дастарханға ас атасы- нан болып келеді.
Балалар
серігіп алайық.
Нан
қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса-баспаңдар.
Теріп
алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ойын:
«Суретті орны – орнына қою»
- жер
жыртқан трактор
-
егін
- егін
жинаған комбайн
-
наубайхана
-
Дүкендегі нандар
Мақал –
мәтелдер
1. Ас
атасы нан
Нан
атасы дән
Бидай-пшеница.
|
Қимылмен көрсету.
|
|
|
Нан – ас
атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен
аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп
жемейді.
“Қуыршақ
пен бауырсақ” атты шағын көріністі тамашалайық.
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты
аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап
тұрып көзін сап.
Қуыршақ
-Қайдан
келдін бауырсақ?
Бауырсақ
-Дүкенен
келдім нан сатқан
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ
-Наубайға келдін қай жақтан?
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ
Диірменен келдім ұн тартқан
Даладан
келдім жан-жақтан.
Жер-анам
менің көсілген
Дихандар
мені өсірген
Арғы
жағым ақ бидай
Тәттімін
жеп көр бақшимай
Жесен
өзің байқарсың
Рахмет айтарсын.
|
|
|
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі
|
Бүгінгі
іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық?
Алтын
дән дастарқанымыз не болып келеді екен?
Балаларды мадақтау.
|
Алтын
дән.
Ас атасы нан
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі: Өлеңнің мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: Алтын дән нәтижесі-нан,оны қадірлеу керек
екенін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Нанның үлкен еңбекпен келетінін.