жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын жүрек анамыз"

Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»
Мақсаты:Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Сөйлеу мәнері, ой-жүйріктерін дамыту.
Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
(Вальс: балалар аналарының қасына келіп билейді,аналарына
арналған
тақпақтарын айтып береді).
Тәрбиеші:Құрметті аналар!Әр бала өзінің аналарына арналған ақ тілектерін
білдіргілері келеді.Ендеше қабыл алыңыздар!
5-бала бірінші қатар
5-бала екінші қатар
Алуа
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Жәнібек
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
Ислам
Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
Надира
Қандай жұмсақ жүрегің,
жақсылық қана тілерің.
Сен жанымда жүргенде,
шын көңілмен күлемін.
Малика
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
5-бала үшінші қатар
Әдия
Мейірімді, сымбатты
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер! Ол-АНА
Дильназ
Келді көктем күннің,
Талант
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Мейрамбек
Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
Ерхан
Ана деген –күннің жарық сәулесі,
Ана деген-шын досыңның нақ өзі.
Ана деген-мейірімі мол адам ғой,
Анасыз өмір сүру қиын ғой.
Еркежан
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Айналайын анашым
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Алтын
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Дарын:
Айналайын анашым-әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек,бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым-асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп,құшағыңа аласың.
Ерасыл М
Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам
Мерекеңіз бүгін!
Нұрәлі С
Бала,бала,бала деп
Мені өсірген анашым
Гүлге толсын құшағың
Бақытты бол анашым.
5-бала төртінші қатар
Кәусар
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ернур
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Нұрәлі Қ
Ақ арман – аппақ анам,
Өзіңсің бақ та маған.
Шығамын ақ сүтіңді,
Қалайда ақтап анам.
Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
Диана
Балаға мейірімін аямаған,
Әлпештеп баласын ол аялаған.
Анадан артық кім бар дүниеде,
аялы алақаның сая маған.
Аяулым А
Айналайын, Анашым,
Аялайсың, бағасың.
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
5-бала бесінші қатар
Мирас
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз
Алина
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Бердібек
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ерасыл С
Ананың әр сөзі ой талабы,
Жүрегімнің төрінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Алуа:-Міне,бүгін менің ең сүйікті мерекемнің бірі келді.
Дарын: -Менің де көптен күткен мерекемде келіп жетті.Бірақ бір мәселе
болып тұр,анама қандай сыйлық сыйлайтынымды білмей тұрмын.
Алуа: Қалай білмейсің?
Дарын: Былтыр анамызға тәтті тоқаш пысырғанбыз, одан арғы жылы ыдыс
жуатын машина сыйлағанбыз,одан-одан арғы жылы театрға билет алып
бергенбіз.Не істесек болады,сыйлығымыз әлі дайын емес,ал аналарымыз бәрі
осында залда отыр.
Алуа:Білесің бе, Дарын менде 7 түсті сиқырлы гүл бар.Соның көмегіне
жүгінейік.
Дарын:Бұның сиқыры қай жерінде?
Алуа:Бұл гүлдің сиқыры күлтешелерінде.Бір күлтеде сыйлық атауы
жасырынған екен.

Тәрбиеші: Құрметті аналар,әжелер,тәрбиеші апайлар, бүгінгі мерекелеріңіз
құтты болсын!
Дарын: Біз аналарымызға сиқырлы гүл күлтешелері арқылы сыйлық
жасағымыз келеді.
Тәрбиеші: Қандай керемет,барлық балалар аналарына сый жасағанды жақсы
көреді.
Ал сендердің қолдарыңда сиқырлы гүл бар ғой. Ендеше бір күлтешені
жұлып көрейік.Сиқырлы гүлге сиқырлы сөздер айту керек шығар?
-Балалар сиқырлы сөздер айтайық.
Сим салабим-абра кадабра. 3-рет
«Ақ» түсті күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Тәрбиеші: О балалар,біздің Дарын қандай түсті күлтешені жұлып алды?
Дарын: Мында ақ жаулықты әжелерімізге арнап ән орындалсын деп
жазылыпты.
(Балалар жарты шеңберде тұрып «Әжемнің шайы» әнін айтады)
(Әннен кейін Еркежан,Кәусар,Малика,Алуа,Диана, Әдия,Мейрамбек
киіндіруге шығару)
Тәрбиеші: «Көк» түсті күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Дарын келесі күлтешені жұлып көрейікші!Құрметті аналар!Бұл күлтешеде
сіздермен ойын ойналса депті.Ендеше ойын ойнасақ қалай қарайсыздар!
Ойын: «Ананың порттетін аяқтап сал»
(Музыка қосылып тұрады,үш орындық ортаға қою керек)
Маған үш аналар керек.Ортаға үш аналар балаларымен шығып орындыққа
отырады. А3 ватман қағазына бастың формасы қиылған.Сендер портретті
аяқтауларың керек.Ол үшін мойынын, құлағын, шашын және де сырғасын
салып берулерің керек. Әрқашанда осындай әдемі болып жүріңіздер.
Жарайсыздар!Қане құрметті ата-аналар қол соғып қошемет көрсете
отырайық.
Нұралидің орындауында «Аңсайды жаным» әнін қабыл алыңыздар!
«Қызыл» күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Тәрбиеші: О-о-о балалар,біздің Дарын қандай түсті күлтешені жұлып алды?
Дарын: Бишілер өз өнерлерін көрсетсе депті.Олай болса ортаға бишілерді
шақырайық.
«Үнді»биі
«Сары» күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)

Тәрбиеші: Дарын біздің келесі күлтешеміздің түсі қандай екен?
О-о-о сары түсті күлтеше.Құрметті аналар сары күлтешеде сіздермен тағы бір
ойын ойналсын депті.Ендеше ойын ойнауға дайынсыздар ма?
Ойын: «Суретті көріп ата» (Айгүль музыка қосады.)
Барысы: Ортаға екі ата-аналарды шақырамыз. Екі жүргізушінің арқасына
белгілі бір суреттер ілінеді. Әуен қосылып екеуі билеп жүреді.
Қарсыластарыңыздың суретін атап беруілеріңіз керек.Қарсыласы
арқасындағы суретті көрсетпеу керек. Ойын үш рет ойнатылады.
Құрметті ата-аналар қошемет көрсетіп отырамыз.
Рахмет сіздерге.
(Ойын ойнап жатқанда Алуа мен Еркежанды дайындап тұру.
Ойын ойналып жатқанда «Джентельмен» биі мен Гүлдер биіне шығару:
Дарын,Мирас,Ерхан,Ернұр,Ислам,Ерасыл М, Ерасыл С,
Жәнібек,Талант,Бердібек, шляпаларын кигізіп дайындап тұру.
«Гүлдер»биіне: Дильназ,Аяулым,Надира,Алина,Алтын бастарына
гүлдерін дайындап тұру.
«Жасыл» күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Тәрбиеші: Біз келесі тапсырманы орындау үшін гүлдің тағы бір күлтешесін
жұлып алайық. О-О-О біздің Дарын жасыл күлтешені жұлып алды.
Дарын: Аналарымыздың көңілін көтеріп тағы ән айтып берсе екен деген
тілек бар екен.Ендеше орындайық.
Тәрбиеші: Әрине Дарын тілек орындалады. Ендеше
Алуа мен Еркежанның орындауында «Қартаймашы анашым» әнін қабыл
алыңыздар!
«Күлгін»түс күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Тәрбиеші: Алуа келесі күлтешені жұлып көрейік?!
Алуа:Мында ұлдарымыз қыздарымызды қандай өнерлерімен тәнтті етеді
деген екен.Ендеше қарсы алыңыздар.
Ұлдар биі: «Джентельмен»
Тәрбиеші: Дарын соңғы күлтешені жұлып көрейікші.
«Тоқсары» күлтешені жұлғанда музыка қосылу керек)
Дарын: О,О,О! Сыйлық атауы соңғы күлтеде жазылған екен ғой .
Тәрбиеші:Қане,көрейік!!
Дарын: Ой,мында да ол туралы ешнәрсе айтылмапты.Аналарымыздың
көңілдерін көтеру деп тұр.
Алуа:Ендеше көктемнің құлпырған гүлдерін ортаға шақырайық!
Би: «Гүлдер»

Дарын: -Алуа,сен мені алдап соқтың ғой.Сиқырлы гүлде ешқандай сыйлық
туралы жазылмапты.
Алуа:-Дарын,бұл менің бір қулығым болған.Біздің көрсеткен осы
өнерлеріміздің бәрі анамызға арналған ең құнды сыйлық емес пе?
Дарын: -Қап,алданып қалғаным-ай!
Тәрбиеші: Дәл солай.Дұрыс айтасың Алуа!
Тәрбиеші:Достар,көңілімізді түсірмейік!Аналарымызға арнап әсем әнімізді
орындап,өз қолымыздан шыққан сыйлықтарымызды табыс етейік.
«Аяулым анашым» әні.
Біздің ұлдарымыздың сүйкімді қыздарымызға арналған сыйлықтары
бар,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер!
-Ендігі сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі: Жетписова Жұлдыз
Жұмаханқызына беріледі.
Тәрбиеші:Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, отбасыларыңызға береке, бірлік,
бақыт тілейміз! Аман болыңыздар аналар!.Келесі кездескенше сау
болыңыздар!

«Вальс»
1.Дарын анасы : Меруерт Бакытқызы
2.Еркежан анасы: Жанна Мұратовна
3.Ерасыл М анасы: Анар Базарбековна 5-бала бірінші қатар
4.Алтын анасы: Сымбат Оралхановна
5.Ерхан анасы: Рина Нурланбековна
1.Алуа анасы: Гульназ Амантайқызы
2.Ислам анасы: Аида Талғатқызы
3.Малика анасы: Самал Канатовна 5-бала екінші қатар
4.Жәнібек анасы: Динара Бейбіткановна
5.Надира анасы: Қарлығаш Ерғазовна
1.Нұрали С анасы: Клара
2.Әдия анасы: Гулжан Даулетбековна
3.Мейрамбек анасы: Жадыра Маратовна 5-бала үшінші қатар
4.Дильназ анасы: Маржан Ержановна
5. Талант анасы: Арай
1.Кәусар анасы: Салтанат Жомартовна
2. Нұрәлі анасы: Гульмира Чайзадиновна 5-бала төртінші қатар
3.Аяулым анасы: Жайнагүль Сейсембаевна
4. Ернур анасы: Алтынай Уалханқызы
5.Диана анасы: Алия Мырзабекқызы
1. Мирас анасы: Зияда Багдановна
2. Алина анасы: Перизат Таликқызы
3. Ерасыл С анасы: Марзиға Сейтхановна 5-бала бесінші қатар
4. Айсұлу анасы: Жугабаева Бибигуль
5. Бердібек анасы: Айыпхан Ақерке

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген