«Қостерек» жекеменшік
балабақшасы
Алтын жүрек
анамыз
(мәнерлеп оқу
байқауы)
II кіші «Балапан»
тобы
2017 – 2018 оқу
жылы
Тақырыбы: «Алтын жүрек
анамыз»
Мақсаты: Балаларды
мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Білімділік: Ана жайлы тамаша
өлеңдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейіріміне,
махаббатына деген сезімді білу.
Дамытушылық: Балаларға өлеңді
тыңдап, өз түсінігімен айта білуге баулу, есте сақтау ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Аналарды
ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,
мақалдар, суреттер.
Жүргізіші:
Ана есімін аузына алмайтын
адам баласы жоқ. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің
өзіне де Жер — Ана деп теңеу айтып жүреміз. Ана — перзент
тәрбиешісі, ана-қызметкер.
Ана тұрса құшаққа алып
баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей
жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай
өмірде,
Қуанышқа кенеле бер,
анашым
Мен ананы шуағы мол күн
деймін,
Анадан зор құдіретті
білмеймін
Анам ылғи қамқор болып
жүреді
Сондықтан да жылда түлеп
гүлдеймін. - дегендей
«Бала жанын ғажайып пен
жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып
шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске
қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар
қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А.
Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік
пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті
қалыптастыруға мүмкіндік беретін. Әр баланың жүрегіне жол таба
білген мейірімді жан.
Сара Алпысқызы Назарбаева
«Мейірімге толы жүрек» буклеті.
Тапсырма:
Сара Алпысқызы Назарбаева
Жасаған жақсылығы мен балаларға төккен мейірім гүлін
құрастырайық.
Олай болса «Алтын жүрек
анамыз» атты II кіші «Балапан» тобы арасында мәнерлеп оқу сайысын
бастайық.
№1 тәрбиеленуші: Генжебай
Інжу
№2 тәрбиеленуші: Сәрсенбек
Ернұр
№3 тәрбиеленуші: Жайберген
Құралай
№4 тәрбиеленуші Рахов
Айдарбек
Жүргізуші:
Аяулы
Ана
Күнім де ана, айым да
ана,
Жетеді саған қай
дана?
Асылым
өзің,
Ғашығым
өзің,
Бас иіп өтер әулием сен
ғана.
Айбының
биік,
Айдының
тұнық.
Теңізім терең
өзіңсің
Таң шығы
мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ
сезімнің, - дей келе бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына жол
берейік.
№1 тәрбиеленуші: Генжебай
Інжу
Алма баққа
барамыз,
Алманы жұлып
аламыз,
Үйге қарай
жүгіріп,
Анамызға
сыйлаймыз.
№2 тәрбиеленуші: Сәрсенбек
Ернұр
Біздер қазақ
баласы,
Сәлем – сөздің
анасы.
Алдымыздан
кезіккен,
Көп танысты
көреміз.
Бәрінеде
ізетпен
Біздер сәлем
береміз.
№3 тәрбиеленуші: Жайберген
Құралаай
Ана әнмен
тербетеді,
Күйге бөлеп
жаныңды.
Көңіліңді
сергітеді,
Балдыратып
тәніңді.
№4 тәрбиеленуші: Рахов
Айдарбек
Біз әдепті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Нанға кетсе
анамыз,
Үйде өзіміз
қаламыз
Жүргізуші:
Әдір қазылар дайын
болғанша
балаларымыздың әндеріне кезек
берейік.
Ән:
«Балдәурен»
Мадақтау.
Жүргізуші:
Балалар аналарымызға деген
шексіз махаббатарыңды өлең шумақтарын өте тамаша сендерге көптен
көп рақмет, олай болса марапаттауға рұқсат
етіңіз,
«Алтын журек- анамыз» атты
манерлеп оқу сайысын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы ашыда болса
шындық ата-ана мен бала арасындағы қарымқатынасты бейне баян арқылы
көруге шақырамыз.
Күн сәулелі
анашым,
Рухыменен
панасың
Жадымда әркез
қаласың,
Жүрегім боп
соғасың
Күн мейірімі
төгілген
Ана ғана
ғаламда
Жақсы ананың
шуағы
Мәңгі қалар санамда, деп
бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз. Қош сау
болыңыздар!