400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын жүректі ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану сабағы балаларды, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу туралы үлкен үлес қосқан "Алтын жүректі ана" Сара Алпысқызы 80 жаста.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сапей Айдана

7"Б" сынып оқушысы.

Пән мұғалімі: Амирбаева. А. С

Тақырыбы:

"Алтын жүректі ана" эссе

Өзін-өзі тану сабағы балаларды, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу туралы үлкен үлес қосқан "Алтын жүректі ана" Сара Алпысқызы 80 жаста.

"Біз бұл өмірге сүю және сүйікті болу үшін келетініміз даусыз"- деген Сара Алпысқызы. Саналы ғұмырын махаббат пен мейірімге арнаған аяулы ана. Қаншама сәбилерге, көмек қолын созып, қайырымдылық жасады. Қаншама жанға мейірімнің не екенін ұқтырды.

Ана мені дүниеге әкелген,

Ақ сүтіңнен нәр алып-ақ өсіп ем.

Балалықпен қанша тентек болсамда,

Мейіріммен барлығында кешірген- демекші

Ана- өміріміздегі ең асыл және қымбат жандардың бірі. Ана бізге берген Алланың ең бағалы сыйлығы. Ананың қадірін көбісі түсіне бермейді. Кейбір адамдар осы бағалы сыйлықтың дәмін татқан жоқ. Жетім балалар өте көп. Ал біз болсақ,тегін беріп тұрған бағалы сыйлықты бағаламаймыз. Ана деген сенің білмеген қателіктеріңді кешіре білетін адам. Ішкі жан дүниені сезіне білетін. Көп күнә жасаса да бауыр етім,балам ғой деп кешіре беретін ең керемет жан. Сенің жарық дүниеге келуіңді қатты күтетін ана ғана. Сен кішкентай болғанда, жыламасын деп ақ сүтін беріп, түнде ұқтамай, сенің ұйықтағаныңды күтіп, түнгі ұйқысын бөліп сені қараған ең асыл адам ана. Сен дүниеге келгенде дәрменсіз, қолыңнан түк келмейтін сәби едің. Сені киіндіріп, тамақтандырған ана ғана. Алтын анамыздың қадірін білейік. Кей адамдар аналарынан безіп, ұрсысып береке таппайды. Ананың жүрегі кең, ал бауыр еті баласының сөз қайтарғаны жүрегіне ауыр тиеді. Сол үшін де анамызды қуантып, жанға жылу тиетіндей жылы сөздерді көп айтайық. Тірі кезінде қадірін біліп, бағалап өтейік. Алтын аналарымыз аман болсын!

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі