400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын жүректі ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана-ол әлемдегі ең асыл жан. Ана-әр бала үшін өз өмірлерінен де қымбат жан. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, аялап, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нуржан Гаухар 6"Б" сынып оқушысы.

Пән мұғалімі: Амирбаева. А. С

"Алтын жүректі ана"

Ана-ол әлемдегі ең асыл жан. Ана-әр бала үшін өз өмірлерінен де қымбат жан. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, аялап, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Баланың бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді, ең сұлу жан да- ол ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Ана болу- бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды. Ал баланың анаға деген махаббаты шексіз болады. Ананы барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың парызы, борышы. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асылдай ардақты ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар!

"ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА",- деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды Меккеге 3 рет апарудың өзі аздық етеді. Бір балаға жарық дүние сыйлап, оны бағып-қағып өсіру ананың алдындағы ең жауапкершілікті іс.Өзіңнің ғана емес, артыңнан ерген бауырларыңыздың алдындағы үлкен жауапкершілікті мойнына алып, сені бәрінен қатты жақсы көрген анаңызға құрметсіздік жасау тек хайуанның ғана қолынан келетін шығар, тіпті хайуанның өзі туған анасына ондай жаман іс жасамайды. Осыдан жарты ғасырлар бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек. Ғалымдар аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ ана жасап бірінің омырауынан сүт шығатын, бірақ денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шығатын, бірақ құшағы жылы да жұмсақ етіп жасайды. Сонда, маймыл балалары екінші қуыршақты яғни, омырауынан сүт шықпайтын, бірақ құшағы жұмсақ қуыршақ ананы таңдайды. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана. Меніңше, ана туралы өз ойымызды айтып тауысу мүлде мүмкін емес. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шаштарына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуларын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам- ол анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын деп тілеймін. Анам барына мың да бір шүкір етемін!!! Аналарымызды барында бағалап, қастерлеп, аялайық, бізге берген жылулықты өздеріне мың есе қылып қайтарайық. Мен анамды жақсы көремін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.02.2021
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі