Материалдар / Алтын жүректі анамыз 1-4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын жүректі анамыз 1-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін -өзі тану пән мұғалімдеріне қажает
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
393
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: күні:28.01.2019жТақырыбы: Алтын жүрек анамыз Мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы өмірдегі ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру. Міндеттері: - Оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтынын түсіндіру; - Балалардың жүрегіндегі анаға деген сүйіспеншілік, қадір – құрмет сезімдерін арттыру;- Адамзат баласының алдындағы үлкен парызы – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: слайд, әуен, жүрекшелер, фламастер, ақ қағаз. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа, сүйіспеншілікке толғанын сезінуге ұмтылады (2мин). Сабағымызды бастайық. Әңгімелесу: - Аналарың сіздерді қалай еркелетеді? - Өзіңіз анаңды қалай жақсы көресіз? - «Алтын жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз? - Ана махаббатынан не тарайды дегенді қалай түсінесіңдер? Мұғалім: - Ана халық ұғымдарында жаратушы Табиғатты жаратушы – Табиғат-Ана, адамды да дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Ана мейірінен тараған мейірімділік сіздерге жан жылуы, күн шуағын сыйлайды. Ал балаларды өз қамқорлығына алып, оларға өзінің бар сүйіспеншілігін, махаббатын, мейірімділігін сыйлаған жандар да бар. - Ол кім деп ойлайсыңдар? - Ия, дұрыс айтасыңдар, «Өзін – өзі тану» рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева. Оқушы: 1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызыл жар ауылында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинатының «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау және көмек көрсетіп келеді. 1994 жылдың маусым айынан бастап «SOS-атты балалар ауылының президенті». 2001 жылдың желтоқсан айында жетім мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен еңбегі үшін 1 дәрежелі «Достық» орденімен, 2003 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы алқамен марапатталды. Ел анасына арнаймын 1-оқушы Қолдау беріп қасиетті Алашы Қазағымның қыз да болса дарасы Ұлы тұлға ұлылығын даратып Жетімдердің бола білген панасы Жас сәбидің жетелеген арманын Жүрегіңмен жолға салып жалғадың Ақ жолыңа нұр құйылып алдыңнан Шапағатты бөлей берсін Алланың 2-оқушы Сара апамыз-анамыз, өз анамыз, Ертең апай атынан сөз аламыз Қасиетті, қамқоршы жүрегіңнен Жақсылығын өмірдің сезе аламыз 3-оқушы Бөбектердің былдыраған тілдері, Еліміздің қуанышы, гүлдері. Тарихында қазағымның жасасын, «Бөбек» қоры еліміздің бүгінгі. 4-оқушы Алақаның ыстық сіздің аялы Кең пейілді, мейірімді анасың Пана болып бауырыңызға тартып сіз Барша жұрттың, жетім қалған баласын 5-оқушы Жетімдіктің алыс кетсін ызғары Әлі талай ерітерсін мұз-қарын Күн келгенде сен екен деп қаламыз Бір өзіңдей болсын қазақ қыздары 6-оқушы Бүтін болсын етек жең мен жағамыз Күнен-күнге арта берсін бағамыз Бар қазақтың қамқоршысы, панасы, Сара апай мен Нұрсұлтандай ағамыз Оқу ақпарат Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, артақтысы, қамқоршысы, жанашыры, қадірлісі. Ана – өмір нұрын себуші, ақ жол нұсқаушысы. Ананың жан жылуы, аялы алақаны баласын әлдилеп, әлпештеуге жаралған. Жылылық пен шексіз мейірімділікке толы ана жүрегі қашан да баласы үшін лүпіл қағып тұрады. Ананың балаға деген махаббаты – мәңгілік әрі шексіз. Ананы мәңгі қастерлеп, құрмет корсету, қамқорлық жасау – әрбір баланың парызы. 

Дәйексөз. Тақтаға назар аударайық. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» Н.Назарбаев Дәйексөзді хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мәнін ашу. Жағдаятты талдау Арман күнде сабақтан келгенде үстіндегі киімдерін лақтырып тамағын ішер – ішпестен ойынға кетеді. Анасы болса үндемей жинап қояды. Бірақ Арман ол әдетін күнде – күнде қайталайды. 1. Арманның бұл қылығы дұрыс па? 2. Арманның орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтінмен жұмыс Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады. «Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, мақыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандадым да өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыруға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен». Сара Алпысқызы Сұрақтарға жауап беріп өзара пікір алмасады 1. Сіздерді қандай ойлар мазалайды? Осындай ойлар ше? 2. Өзіңе деген сенімділік, өзінді таба білу дегенді қалай түсінесіңдер? Топтық жұмыс 1. Оқушылар екі топқа бөлініп «Алтын жүрек ана» тақырыбына сурет салу және оны қорғату. 2. Топпен ән айту «Ардақты ана» Қорта келгенде «Бөбек» қорында барлық жақсылықтың негізі осы мейрімділік, махаббат, қайрымдылықтан басталып,әрбір адам өзінің кез келген жұмысын сүйіп, ата- анасын, Отанын, туған елге сүйіспеншілікпен қараса сонда ғана әркім өз мақсатына жететіндігін дәлелдейтіндігі айтылды.Үй жұмысы «Асыл анам» тақырыбына эссе жазу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!