«Алтын күз»
Күні:
Өтетін орны: акт
залы
Кештің мақсаты: оқушылардың
ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру,ой-өрісін кеңейту. Табиғат
сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге
тәрбиелеу.
Кештің өтілу
барысы:
І жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын
күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі
алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз -
байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады.
Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
ІІ жүргізуші:
Күз — мереке,
Күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл
құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып
даламыз,
Шат – шадыман халқымыздың
тұрмысы.
І жүргізуші:
Сайыс 6 турдан тұрады, шарттары
мынадай:
1-тур -Таныстыру
2-тур –
Викториналық сұрақтар.
3-тур. Сән
үлгісі.
4-тур. Күзгі
дастарқан.
5 «Күз сыйы» көрме, табиғи бұйымдардан жасалған
болу керек
6 - тур. Өз өнерін
көрсету.
ІІ жүргізуші:
Сайысымызды
бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып
өтейік:
1.
2.
3.
І
жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кеш
куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн
осы.
Жасыл
далам, сары түске айналып,
Алтын күзге
айналады жыр осы.
Табиғатым сары
көйлек киеді:
Күзгі балды тойлауға жұрт
жиылды
Рұқсат болса бастайық осы
кешті.
Әрбір топ таныстыршы енді
өзіңді.
ІІ жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер
қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.
(әр
жұп өздерін таныстырады, жоғары
ұпай5)
1. Сайысымыз:«Таныстыру»
(топ аты, ұраны) 5 «А», «Ә», 6 «А»,6 Ә» 6«Б», 7 «А», «Ә».
1-жүргізуші:
Құрметті
көпшілік көрерменім
Жақсылыққа
әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп
үкілі үміттерге
Таныстыру
шартына кезек бердім
Ендеше бірінші
кезеңіміз үміткер жұптардың өздерін
таныстыруы.
2-жүргізуші:
Білім аққан сел
дейді,
Бірақ оңай
келмейді.
Ала білсең
білім көп,
Ақыл ойға кел
дейді
Білім ой мен
арымыз,
Рухани ол
нәріміз
Сайыскерлер
сіздерге,
Қол соғамыз
бәріміз!
Келесі
бөліміміз
«Білімді мыңды
жығар» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап берулеріңіз
керек.
ІІ. – Викториналық
сұрақтар.
(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар
таратылады, 2 сұрақтан)
1. Іші толған
шәрбәт,
Дәмі қандай
әйбәт!
Үзесің бірдей
жүзін,
Оның аты
…(жүзім)
2. Дөп-дөңгелек
доптай,
Одан дәмді
жоқтай,
Мезгілсіз оны
жұлма,
Оның аты
…(алма)
3. Дөп-дөңгелек,
сары,
Ішінде бар
дәні.
Қызығасын
көріп,
Оның аты
…(өрік)
4. Өсіретін
бойынды,
Өсіретін
ойынды.
Қоян жейтін
көкөніс,
Сарғылт-қызыл
…(сәбіз)
5. Бір сабақта көп
түйме,
Жей алмайсың көк
күйде,
Мезгілсіз оны
үзбе.
Оның аты
…(шие)
6. Жапырақты
тасалап,
Өсетін жері
бақша-бақ,
Күрең қызыл,
шіркін-ай!
Оның аты
…(құлпынай)
7. Іші жұмсақ, сырты
қатты,
Еті қызыл, сүті
тәтті.
Қарнын жарып
аламыз,
Дәмді сондай
…(қарбыз)
І жүргізуші:
Әділ баға
беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру
бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі кеш
өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем
болар өз жанымен
Өз қолынан
шығарған киім үлгісін
Сіздерге
көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән
үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен
жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп
отырайық.
ІІІ.«Сән
үлгісі»
(сән үлгісін
көрсету)
1-жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ, бірде
салқын,
Жер мен көкжалтыраған сап-сары
алтын
Ағашта
жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын
теңге сансыз жалқын.
Сары алтын
батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая
қызылмидай
Қырманда қызыл
алтын, қызыл маржан,
Жайнайды
жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді
керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған
екен
ІV.«Күзгі
дастарқан»
(жеміс-жидектерден, көкөністерден салат
дайындау)
2-жүргізуші:
Алтындай
сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда
шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі
нұрлы күздің
Тамаша бірдей
сұлу күн мен түні
Сондықтан
биылғы күз мерекелі,
Байлығы
өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам
барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын
бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене
жырлаған.
ІІ.«Өнерлінің өрісі
кең» (өнер көрсету
сайысы)
Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған
киім үлгілерін тамашалап болсақ,
әділқазыларға сөз
берсек.
1-жүргізуші:
Құрметті
көрермендер «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешін қорытындылау
үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына
береміз
2-жүргізуші:
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат
болыңыздар!