400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
алтын күз мерекесіне арналған ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алтын күз

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздін

мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз!

Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Би: «Жапырақтар»

Балалар: Жоооқ.

Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін айтындар

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.





 Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!



Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Жау жау жаңбыр»

1 оқушы: жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген Айсултан

2 оқушы: бақ дарыған

Жомарт көніл, жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз Аяна

3 оқушы:  келістіріп бар сәнін

берген өзі табиғат

алтын күзді ал қане

қарсалайық жамағат Досбол

4 оқушы:  қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алын күз

Кемелденсін халқымыз Жулдыз

Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)



Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен күйімде,

Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Аяна

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім. Жулдыз

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін. Досбол

Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдайда калар бар дәмім. Айсултан

Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі