400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Алтын күз» ертеңгілігі.

Жүргізуші: Құрметті ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер. Біздің «Ботақан» тобында ұйымдастырғалы отырған «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.

Уа,халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық.

(Әдемі әуенмен ортаға «Ботақан» тобының бүлдіршіндері кіреді)

Жүргізуші: Кәнекей, балалар қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме.

Жүргізуші: Балалар,қараңдаршы біздің тобымыз қандай әсем безендірілген. Балалар айналадан нелерді көріп тұрсыңдар?

Балалар: Жапырақтар

Жүргізуші: Ия,балалар бізге көптеген жапырақ ұшып келіпті. Ал жапырақтардың түстері қандай?

Балалар: қызғылт сары, жасыл, сары.

Жүргізуші: Ия, балалар түрлі-түсті алуан-алуан жапырақтар бар екен. Балалар сендерде өте әдемі болып келіпсіңдер. Қандай әсем балалар.Балалар не үшін сіздер әдемі болып киініп келдіңіздер?

Балалар: Мерекеге.

Жүргізуші: Ия, балалар бүгін күз мерекесі. Балалар күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Күн салқын болады, жапырақтар түседі, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жауады.









Жүргізуші: Кәне,балалар орнымыздан тұрып күзгі жаңбыр туралы ән айтайық.

Ән: «Кап-кап»

Жүргізуші: Өте жақсы, балалар. Кәнекей, балалар ойын ойнағыларың келе ма?

Балалар: Ия

Ойын: «Құстар қанат қағады»

Шарты: Ортаға балалар шығады.Жүргізуші нұсқауы бойынша құстар болып ұшады. Балалар құстар болып ұшып жүрген кезде жаңбыр жауып кетеді. Балалар қолшатырдың астына тығылады. (2 рет)

Жүргізуші: Балалар ойын ұнады ма?

Балалар: Ия

(Есік қағылады)

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келген сияқты. Кәне қол шапалақтайық. Кәне біздің қонағымыз.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен орманнан келе жатқан Қызыл телпекпін. Мен сіздерге тосыр сый дайындадым. Менің себетімде не бар екенін білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ: Жазда жайқалып өседі,

Күзде сыбдыр-сыбдыр түседі. (Жапырақ)

Қызыл телпек: Дұрыс айтасыңдар. Бұл-жапырақтар. Кәне қыздар ортаға шығып екі-екіден жапырақтарды алып тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп әдемі би билейміз.

Би: «Жапырақтар» биі.

Қызыл телпек: Балалар жапырақтар қайда кетті. Мен көрмей тұрмын. Кәне үрлеп көрейінші.

(Балалар орындарына отырады)

Қызыл телпек: Өнерлі балалар екенсіңдер. Маған сіздердің билерің өте ұнады. Тағы да қандай өнерлерің бар?



Балалар тақпақ айтады.

1.Рамадан: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтай білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

2.Айым: Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

3.Бекарыс: Ой,балалар, балалар,

Қоңырқай күз келді,

Гүл жапырағы солыпты,

Ел егінін егіпті.

4.Наурыз: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

5.Салтанат: Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

6.Айкөркем: Күзде жауын бұлт тұман,

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқан,

Сапырады ауаны.



7.Ерасыл: Алақай,алақай,

Шаттанады балақай.

Береке салтын күз,

Мереке алтын күз.

8.Жайна: Кызыл, сары, алтын көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жадырап.

9.Алмазхан: Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулесі,

Күз әуені төгеді.

10.Ержан: Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

11.Жоламан: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

12.Мадина: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерді жинауға,

Шақырады біздерді.





13.Абдурасул: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя бақшада,

Ойын бастар шағымыз.



Қызыл телпек: Өте жақсы, балалар.

Жүргізуші: Қызыл телпек балалардың бүгінгі мерекеге балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін ұсынамыз.

Сән үлгісі: Салтанат, Бекарыс, Айкөркем, Батырхан, Айым, Нұрдәулет

Әйел: Күз туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, бірге билеген билеріңді көріп көңілімді көтердім. Рахмет сендерге. Келесі кездескенше сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар барлығымыз Қызыл Телпекке алғысымызды білдіріп шығарып салайық.

Балалар: Рахмет сізге Қызыл Телпек, сау болыңыз.

Жүргізуші: Осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!























МКҚК ”26’’ «Қарлығаш» бөбекжайы




«Алтын күз»



Тәрбиешілер: Отарбаева А.А











Ақтау-2017ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі