400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша, орта топ тәрбиеленушілерге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірлі күз,мырза күз.

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі , яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Безендірілген әсем залға жүргізуші музыка ырғағымен кіреді.

Тәрбиеші:

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Сары алтын күз келді.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар , қонақтар! Мінекей бүгін тағы бір сағына күткен «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.. Әрдайым сары күздің бізге берер байлығы таусылмасын, жер анамыздың құнары сарқылмасын дейміз.

Ал қазір «Балбұлақ» тобының өнерлі бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы

алайық

Би: «Күзгі вальс»

Тәрбиеші:(Залмен таныстыру, балаларды мақтап ,мадақтау).

-Балалар, бізге орманнан қонақтар келіпті ,қарсы алайық

Тиындар кіреді.

Тақпақтар:

1-бала

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті бау-баққа.

Жаздай піскен жаңғақта ,

Шашылады жан жаққа

2-бала:

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта ,

Қап-қап қауын алдық біз.

3-бала

Мол байлық бергені,

Шаттығы қаншалық

Аспанға өрледі,

Құстар да ән салып


Жүргізуші: Ертеде орманда биік терек өсіпті .Теректің басында жап-жасыл жапырақша өмір сүріпті .Ол өзгелерге қарағанда сондай көңілді ,мазасыз, мереке болыпты.

Музыка ырғағымен жасыл жапырақша билеп келеді.

Жапырақша : О-о-о балалар , сәлеметсіңдер ме? Айнала қалай өзгеріп кеткен! Ал мен әлі жасыл көйлегімді киіп жүрмін. Сонда күз мезгілі келген бе?

1-бала : Сәлеметсің бе, жапырақша ! Ия ,күз басталып, біз «Алтын күз» мерекесіне жиналдық. Кел , біздің өнерімізді тамашала.

Ән: «Жау жаңбыр»

Жапырақша: -Рахмет ,балалар сендерге мен ала жаздай тербеліп жүріп күздің келгенін білмей қалыппын.(Желдің дауысы шығып, жапырақша ұшып кетеді)

Балалар ,жапырақша серуендеп келгенше мерекемізді жалғастырайық.

Тақпақтар:

1-бала

Берекелі күз келді

Сары алтындай сапырып.

Мерекелі күз келді,

Біздерге мол сый алып.

2-бала

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

3-бала:

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиын ,терін болған соң,

Той жасайды халқымыз.

4-бала:

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

5-бала:

Сап сары ғып маңайды ,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады ,

Қоштасқандай бізбенен.

Жүргізуші: Осылайша жаз да, өте шықты .Ал алтын күздің бір күнінде жапырақша бір түнде сап сары жапыраққа айналады. Ол ұшып жүріп, құстарға кездеседі.

Жапырақша :-Амансың ба, сүйкімді құстар, сендер қайда ұшып барасыңдар?.

Құстар : Біз туған жерде өсіп, өніп енді жылы жаққа ұшып барамыз. Көктем-

де қайта ұшып келеміз.

Би: «Құстар».

Жүргізуші: -Мінекей, балалар, құстар жылы жаққа ұшып барады екен, ал бізге алыстан бір қонақ келе жатқан сияқты.

Музыка ырғағымен Күз ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы: -Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Мен өздеріңді сағынып , алыстан әрең жеттім. Мына жер қандай әсем! Балалар, сендер қалай өсіп әдемі болып кеткенсіңдер! Мен былтыр келгенде кіп кішкентай едіңдер.

Жүргізуші: -Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Ия, дұрыс айтасыз, балалар бір жылдың ішінде бойлары өсіп көп нәрсені үйренді. Оларда сізді сағынып, сізге ән, тақпақ әзірлеп асыға күтті.

Сіз алыстан шаршап келген боларсыз келіңіз біздің балардың өзіңізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар:

1-бала

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады ,

Жерге қонып үлгермей.


2-бала:

Берекелі күз келді

Сары алтындай сапырып.

Мерекелі күз келді,

Біздерге мол сый алып.

4-бала

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиын ,терін болған соң,

Той жасайды халқымыз.

.

Күз ханшайымы: -Рахмет балалар! Сендер көп тақпақ біледі екенсіңдер.

Енді сендер менімен бірге ойын ойнағыларың келе ме?.

Ойын: «Көкөністер мен жемістер?».

Мақсаты: Балаларды ептілікке ,шапшаңдыққа баулу. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

Шарты :Балалар көкөністер мен жемістерді ажыратып, екі себетке жинайды...

Жүргізуші: Балалар, мерекеміз қызықты болып барады. Енді кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Күз келгенде».

Жүргізуші: Тамаша! Алтын күзіміз келіп бізге бар байлығын беруде. Ал біздің жапырақшамыз самал желмен тербеліп, серуендеп жүріп, ағаштар арасында жүрген

тиындарға жолығады.

Жапырақша: - Сәлеметсіңдер ме ,тиындар! Сендер не істеп жүрсіңдер? Жұрттың бәрі қысқа дайындалып жатыр ғой.

Құмырсқа : Сәлеметсің бе, жапырақша! Қандай әдемісің! Сары көйлегің өзіңе жарасады екен. Біз де қысқа азық жинап дайындалып жатырмыз.

Би: «Тиындар».

Жүргізуші: - Рахмет, сендерге, тиындар! Еңбектерің жемісті болсын! Балалар, көрдіңдер ме, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі ,тіпті кіп-кішкентай тиындар да, тыным таппай еңбек етіп, қысқа дайындалады екен.

Ал жапырақша болса ,серуеннен әбден шаршап, жерге келіп қонады.

Кенет оның құлағына тышқанның шиқылдаған дауысы естіледі.

Тышқан: Шиқ, шиқ, шиқ !Жапырақша ,сәлем! Сен менімен тұрғың келе ме? Мен інімді жылытып алдым кел бірге тұрайық.

-Жапырақша қуанып кетеді ол үшін ең қорқыныштысы жалғыз қалу еді.

Күз ханшайымы: Рахмет сендерге, балалар! Қысқа бәрі дайын екен .Мен өте қуаныштымын! Ал менің сендерге әзірлеген көп сыйлығым бар еді .Бірақ олар жапыраққа айналып кетіпті .Менің жұмбағымды шешсеңдер, олар сыйлыққа айналады.

Жұмбақ:

Қызыл ,жасыл кемелер,

Су бетінде қалқиды .

Соқса егер самал жел,

Ырғалады толқиды. (жапырақ).

Музыка ойнап, себеттен сыйлықтар шығады.

Күз: Ой, балалар, сендермен сондай көңілді екен мен қайтайын уақытым аз қалды Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңыздар, қонақтар,

Келгенше жыл айналып.

Сау болыңдар! Келесі жылы тағы да кездескенше сау болыңдар.!

(Музыка ырғағымен шығып кетеді).

Жүргізуші: Осымен «Балдырған» тобының бүлдіршіндерінің «Мейірлі күз,мырза күз»

атты ертеңгілігі аяқталды .

Балалар анасының құшағында шаттанып,

Аналар балаласының өнеріне мақтанып жүре берсін!

Сау болыңыздар !













































«Кәусар» бөбек жай-балабақашасы КМҚК

Күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілікке

МӘЛІМЕТ

«Кәусар» бөбек-жай балабақшасында 2019 жылдың 8 қараша күні «Балбұлақ», «Қарлығаш» топтарында «Алтын күз» мерекесіне орай «Мейірлі күз, мырза күз» атты ертеңгілік өтті. Зал іші күз мерекесіне сай қабырға газеттерімен, шарлармен және жапырақтармен безендіріліп, күзгі өнімдерден жәрмеңке ұйымдастырылды. Әсем әуен ырғағымен балабақша бүлдіршіндері залға кірді. Ертеңгілік ертегі түрінде өтілді: ғажайып сәттіңде «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушілері тиін кейпінде келіп, тақпақтарын айта, жан- жануарлардың қысқы дайындықтарын көрсете білді. Сонымен қатар жапырақшаның бір жылдық өмірін көрермендерге сомдап берді. «Қарлығаш» кіші тобының бүлдіршіндері «Сән үлгі-2019» көрсетті. Мерекеге келген Алтын күз ханшайымы «Қарлығаш» тобының балапандарымен «Көкөністер мен жемістер», ата-аналармен «Кім жылдам? » атты ойындар ойнатып, күзгі сыйлықтарын таратты. Балабақша меңгерушісі А.Жартыбаева сөз сөйлеп бүлдіршіндерді, ата-аналарды «Алтын күз» мерекесімен құттықтады. Ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, ризашылығын айтты.







Информация

На утренник «Мейірлі күз, мырза күз» который был проведен 08 ноября , сего года в ясли-детском саду «Кәусар»

Воспитанники сада вошли в праздично оформленный зал под музыку «Осеннего вальса».Утренник проходил в виде сказки,где дети смогли показать свои навыки и умения:станцевали танец «Грибы» пели песни, посвященные золотой осени.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі