"Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Педагогтың ТАӘ:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Үлкен және кіші сәбіз» (Заттық)
Мақсаты: Сәбіздің суретін сала біледі.

Міндеттері: Сопақша пішінді дұрыс салуды бояуды үйрету.

Білімділік: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Дамытушылық: Қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Шығармашылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, қол сүртетін сүлгі.
Сөздік жұмыс: Қоян,сәбіз

Билингвальды компонент: Сәбіз-морковь,тоқсары-оранжевый,пайдалы-полезный

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

Ұйымдастырушылық

Кезең

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Күн сәулесін таратты.

Балақайлар тездетіп,

Бақшамызға кеп жатты.

Жарқырайды күніміз.

Күлімдейі жүзіміз.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай мезгіл (Таңертеңгі мезгіл)

Олай болса, қайырлы таң, балалар!

Мен бүгінгі күннің сендерге жаңа бір серпін, көтеріңкі көңіл күй әкелгенін тілеймін балалар.

(Қонақтармен амандасайық)



Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Енді орынымызға отырайық.


Негізгі бөлім

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Жапырақтардың түстері қандай?

  • Адамдар қалай киінеді?

  • Құстар қайда кетті?

  • Балалар мына суретке назар аударайық.

  • Бұл міне өздерің көріп отырғандай күз мезгілі екен

  • Адамдар еңбекпен айналысуда.

  • Күз мезгілінде жаңбыр жауып, күн суытып, жапырақтар сарғаяды.

  • Ел егін жинайды, бидайды қамбаға құяды.


Қане балалар, кім күз туралы жемістер көкөністер дәнді-дақыл туралы тақпақ айтып береді екен?

Ғажайып сәт.

Топқа қолында түрлі жемістер мен көкөністерге толы себеті бар Күз ханшайымы мен қоян кіреді.

Күз ханшайымы:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қал-жағдайларың қалай?

Мен сендерге «ойларың мен бойларың өссін» деп биылғы жиған өнімімді әкеле жатсам, жолда мұңайып тұрған қоянды кезіктірдім.Себебін сұрасам, қоянның сүйікті асы – сәбізі таусылып қалыпты.

Қоянға бәріміз бірге көмектесеміз бе балалар?

Сендерге сәбіздің үлгісін әкелдім, маған кім қалай сәбізді бейнелеп, суретін салып береді екен?

Тәрбиеші:

  • Балалар үлгіге қарандаршы , сәбіздің пішіні қандай?

Сәбіздің түсі қандай?

Қандай сәбіздер?

Балалар үлкен кіші сәбіздерді бейнелемес бұрын айтарым суретті жоғарыдан төмен қарай бояймыз.

Балалар орталықтарға бөлініп орындарына жайғасады

1 – орталық пластмасса қалдықтарынан сәбізді бейнелеу

2 - орталық гуашпен бояйды,

3 – орталық сұйық түсқағаз желімін қолдану

4 – орталық қарандашпен салады

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды (жасаған жұмыстарын, яғни сәбіздерін қоянның себеттеріне салғызу)

Сергіту сәті

Бір күніміз сан салалы

Жаттығудан басталады

Орнымызда тұрыпақ

Жүгіреміз бір уақ

Ор қоянша секіреміз

Бір, екі, үш

Бір, екі, үш

Біз осылай жетілеміз

Шынықтырып денемізді

Жалқаулықты жеңеміз біз

Орнымызда тұрыпақ

Секіреміз бір уақ

Ор қоянша секіреміз

Бір екі үш

Бір екі үш

Біз осылай жетілеміз

Балаларды орындарына отырғызу. Ойын технологиясы бойынша ойындар ойнату.


1 орталық – қарықтарға көкөністерді отырғызу

2 орталық- араласқан дәнді дақылдарды ажырату

3 орталық -көкөністермен жемістерді лента арқылы табу

4 орталық -ағаш діңгегіне жапырақтарды ортаналастыру

Қоян: -Рахмет, балалар мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар! (себетін алып шығып кетеді)

Күз қаншайымы: - Ал, балалар менің де сендермен қоштасатын кезім келді. Сендер көп нәрсе білетін екенсіңдер. Ал, құрметті қонақтар! Сіздерге әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңыздар.




Балалар орынынан тұрып, қонақтармен амандасаады

Балалар сұрақтарға жауап береді

Балалар кезектесе тақпақтарын айтады:

1-бала

Сары алтын тон жамылған, Күз атамыз секілді

Қойыны толы алтын дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

2-бала

Алма, алма дейсің,

Алма әкелсем жейсің.

Айтпада екен деме Алманы жумай жеме

3-бала

Сөредегі сәбіз,

Дәрумен ғой нағыз,

Сатып әпер апа –

Керек емес сағыз.


Балалар таңдана қарайды


Балалар барлығы «иә» деп жауап береді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар орталықтары бойынша жұмыс жасайы

Балалар әуен ырғағымен сергіту сәтін жасайды

Балалар орталықтары бойынша ойын құралдарымен жұмыс жасайды Қонақтар келгендеріңізге рахмет. Қош сауболыңыз!

Балалар не істегендерін, өз ойларын айтады

Күз ханшайымы қонақтарға күзгі өнімнен сый береді

  • Ол нені жақсы көреді?

  • Қоянға қалай көмектестік?

  • Сәбіз көкөніс пе, әлде жеміс пе?

Балалардан не істегендерін сұрайды, еңбектерін бағалайды(балалардың өздерінің пікірлерімен санаса отырып), алғыс білдіреді. Балалар не істегендерін, өз ойларын айтады.

Қонақтармен қоштасайық.

.












































































































Балалар қонақтармен қоштасады

Қорытынды бөлім

  • Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

  • ол нені жақсы көреді?

  • Қоянға қалай көмектестік?

  • Сәбіз көкөніс пе, әлде жеміс пе?

Балалардан не істегендерін сұрайды, еңбектерін бағалайды(балалардың өздерінің пікірлерімен санаса отырып), алғыс білдіреді. Балалар не істегендерін, өз ойларын айтады.

Қонақтармен қоштасайық



Балалар не салғандарын қалай салғандарын айтып береді.




Күтілетін нәтиже:

Белгілі бір іс-әрекет жасайды:  Сәбіздің суретін салып біледі

Түсінеді: Сопақша пішінді айырады пішіндерді түсінеді.

Қолданады: Қылқаламды ұқыпты қолданады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2020
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі