"Алтын күз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерге "Алтын күз" деп күз мезгілінің қандай болатынын жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Берекелі, Алтын күз!»


2-ші кіші «Балапан» тобына арналған мереке

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қүз мерекесі екенін сезіндіру.

Балаларға күзде жемістер мен көкөністердің пісіп жетілетінін айту.

Күзгі ауа-райындағы ерекшеліктер мен құбылыстарды бала санасына ойындар арқылы жеткізу.

Балалар ортаға «Күзгі жапырақтар» биін билеп шығады. «Күз» әнін орындайды, кейін балалар орындықтарға отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Армысыз құрметті қонақтар!

«Берекелі, Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!

Балалар, қараңдаршы біздің зал бүгін қандай әдемі!

Балалар қазір жылдын қай мезгілі? Біз оны қайдан білеміз?

Далаға қандай киім киеміз?

Жапырақтардын түсі қандай?

Балалар сендер қандай ақылдысындар, барлығын білесіндер.

Балалардың жауабы.

Елімізге келіпті ғой «Алтын күз»

Жомарттығын бақыладық бәріміз


Кім табады, кім табады

Қандай екен «Алтын күз?

Залға әуенмен Алтын күз кіреді.


Алтын күз:

Сәлеметсіздерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен - Алтын күзбін

Жайдары, жарқын жүзбін

Қонаққа келдім сендерге.


Жүргізіші:

Міне күз де келіп қалды!

Амансынба, «Алтын күз»

Келгенің қандай жақсы

Күтіп қалдық бәріміз!»

Алтын күз: Ой, балалар, мен жазды сапарға шығарып салып, сендерге асыға келдім.

Жүргізуші: Біз сені көруге қуаныштымыз!

Алтын күз сен білесінбе, біздің балалар күз мезгілі туралы тақпақтар біледі, кәне бірге тамашалайықшы!

Балалар тақпақтар айтады.





Жанагул

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз

Батырхан

Көк аспанға қараймын

Кеткен құсты санаймын

Үшбұрыш боп тырналар

Жылы жаққа оралар.


Айкын

Көбейді құт-береке

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.


Нуржігіт

Алтын,сары,қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырақ


Әмина

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Балқия

Сау-сау етіп жапырақ.

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырап,

Көкте құстар тізілді

Алтын күз: Рахмет балалар! Сендер өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Күз біздің балалар тақпақ айтумен бірдей, ойын ойнауды ұнатады. Бірге ойын ойнаймыз ба?

Ойын: «Жапырақтар жауғанда»

Алтын күз балаларға ойын шартын үйретеді: Балалар шашылып жатқан жапырақты теріп алып, түсіне сай шеңберге орналастыру.

Алтын күз: Рахмет балалар! Біз көп жапырақтар жинадық. Сендер сондай шапшаңсыңдар.

Жүргізуші: Балалар рахмет. Орнына кім тез отырады.

Бізде күз туралы тақпақ айтатын балаларды ортаға шақырамыз. Кәне тамашалайық.

Тақпақтар

Максим

Астық, жеміс жиналды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды


Нурасыл

Алақай, алақай,

Шаттанды балақай.

Береке-салты күз

Мереке-алтын күз!


Серіжан

Көк аспанға қараймын

Кеткен құсты санаймын

Үшбұрыш боп тырналар

Жылы жаққа оралар


Жүргізуші: Енді біздің әнші қыздарымыз Алтын күзді қуанту үшін «Әйгөйлек» әнін айтып береді.

Алтын күз: Рахмет, балалар сендер өте өнерлі, ақылды балаларсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз білесіңбе, біздің балалар күз мезгілі туралы ән айтып біледі.

Ән: «Күз»


Алтын күз: Мен қазір, балалардың күз мезгілінде жаңбыр жауған кезде, жауыннан қалай қорғанатынын көргім келеді.

Жауды жаңбыр көлдерге,

Арықтарға су толды.

Жаңбыр, жаңбыр тоқташы,

Ойнайықшы, тоқташы.


Ойын: «Жаңбыр мен күн»

Алтын күз: Балалар сендер өте өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Көп тақпақтар мен өлеңдер білесіңдер. Маған барлығы да ұнады. Сендерге көп рахмет. Мен де сендерге бос келген жоқпын. Жаңбырмен жуып сендерге алма жинап қойған едім. Бұл менің сендерге сыйлығым.

Енді мен сендермен қоштасамын, басқа балабақшаға барайын, онда да балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Осымен балалар мерекеміз аяқталды, топқа оралып Алтын күздің қалдырған жемістерін жейік






Айгөлек


Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында,

Ойын ойнап ән салмай.

Өсер бала болар ма

Кемеліне толар ма.


Айгөлек – ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде-3 рет,

Би билеймін дөңгелеп.


Асыл сөздің ұстасы,

Ақын болар ұрпақпыз,

Өнер білім еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз,

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір,

Өнер болар ұрпақпыз.


Айгөлек – ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде-3 рет,

Би билеймін дөңгелеп.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2020
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі