жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын күз"
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 0 «А» мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол Алтын күз!
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоооқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
1 –Ернұр.М.: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!.
2-Мәди: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
3-Инабат: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен.
4-Аяулым.Н.: Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен желде тым
5-Ернүр.Т.: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын..
6-Айару Ә.: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
7- Елжас: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
8-Санжар: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
9-Айару М.: Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
10-Дина: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
11-Әкежан.Қ: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
12-Қуандық: Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз.
13 -Назерке: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дәриядай шалқар күз.
14-Бекзат: Күз сыйы бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де,
Күзбенен сәулетті.
Ән: «Еңбекшіл осындай» хормен
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
Көрініс: «Көкөністер мен жемістер» айтысы.
Санжар:Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.
Көкөністер мен жемістер:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ-Ернұр: Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қырыққабат-Ернұр:Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз-Аяулым:Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қияр-Бекзат:Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ-Инабат:Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?
Шалқан-Назерке:Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауыпкөр менен дарханды.
Өрік-Дина:Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Пияз-Аяулым:Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Шие-Аяулым:Шиемін мен, шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе
қасыма, 
Басымды мен иемін.
Картоп-Әкежан:Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Алмұрт-Елжас: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім-Қуандық: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Алма-Мәди: Мен алмамын, алмамын
Таңдайда калар бар дәмім.
Санжар:Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер мен жемістер: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Санжар: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны
1.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы)
2.Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба? (шиені)
3.Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты (таңқурай)
Ән: «Ертегілер» орындайтын:Инабат
Күз: Өте тамаша, балалар! Қане балалар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын “Картоп жинау” Ойынның шарты :2 баланың анасы себетті ұстап тұру балалары картопты қасықпен тасу.
Би: «Жапырақтар» қыздар тобы
Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды .Сендерге әкелген сиым бар қабыл алыңдар!
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген