жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алтын күз
Тақырыбы: «Мерекелі-берекелі алтын күз»
1.Жүргізуші: Береке бақ дарығын,Жомарт көңіл,жарқын жүз.Сары алтынға малынған,Жетті міне,алтын күз!-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін біздің зал қандай әдемі,қаншама түрлі түсті жапырақтарға толы.Балалар,бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар:Күз мейрамы!
Дария:Сағынам деген әнді айтып, Жапырақтарды сарғайтып. Күз келді біздің ауылға, Жайлаудан жатыр ел қайтып.
Артем:Алтын,сары,қызыл көк,
Алуан,алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Жәния:Күзім,күзім,күзім,
Пісті алма жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
Алихан:Алақай-алақай,
Шаттанды балақай.
Береке-салты күз,
Мереке-Алтын күз.
Медина:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сондада бізге,
Қызық көп күзде.
Қайсар:
Мерейлі күз,мырза күз, Сыйлығыңа ырзамыз. Аппақ арай таңына, Шомылайық нұрға біз.
Айзере:
Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Ән: «Күз тамаша»(Балалар отырады,тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі.)
1.Жүргізуші:Ой,балалар!Естіп тұрсыңдар ма?Жаңбыр жауайын деп тұр.(жаңбырдың дауысымен залға бұлт кіреді)
Бұлт:Күзгі көк бұлт мен болам,Көтеріліп теңізден,Аспанға биік барамын.Қаласам қазір сендерге,Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады)
Жүргізуші:Жаңбыр,жаумай тоқтай тұр,Дабылыңды соқпай тұр.Саяғыңды түгендеп,Үйіріңді соқпай тұр!-Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Жаңбыр»қыздар
Бұлт:Рахмет,балалар!Қандай әдемі ән!Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар:Жоқ!(жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)
Бұлт:Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар:Жоқ!
Бұлт:Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?
Жүргізуші:Міне,біз қандай батылмыз!(қолшатырды жазып,балаларды астына тығылуға шақырады.
Бұлт:Сендердің ойнағыларың келеді ғой,мен сендерді тез ұстап аламын.
Ойын: «Қолшатыр»Жүргізуші балалармен:Жаңбыр,жаңбыр,жау жаңбыр,Жаңбыр келіп жауады,Тамшылары тамады.
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды.Бұлт орындықта отырып,ұйықтайды.Бұлт балалардың дауысынан оянып,оларға су шашады,сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.Екі үш рет ойнағаннан кейін орындарына отырады.)
Бұлт:Балалар,сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер,мен сендерді ұстап алалмадым.
Жүргізуші:Бұлт,сенімен өте көңілді.Балалар сенімен ойнады,күлді,бірақ бізге әлі де де біреу жетіспейтін сияқты.Бізде Күн жоқ екен.Қане,балалар,бәріміз мейрамымызға Күнді қонаққа шақырайық.(балалар орындарына отырып,қолдарын шапалақтап,аяқтарын тыпырлатып,Күнді шақырады.)
Күн келеді.Күн:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендер мені шақырдыңдар ма,достарым?Балалар:Ия!Күн:Мен жарқырап төбеде,Нұрын төгіп тұрамын.Шуақ шашып бәріне,Бала жанын ұғамын.
Бұлт:Күн,күн,тоқтай тұр!Сөзіме менің құлақ тұр.Ішім толы суға,Сусыз өмір болама?
-Ендеше мен бәріне керекпін,мен мықтымын!
Күн:Жоқ,мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып,аяқтарын топылдайды.)
Жүргізуші:Тынышталыңдар,дауласпаңдар!Балалар,Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.Қолымызға жапырақтарды алып билесек,тақпақ айтсақ,Күз бізді байқап,өзі де келіп қалар.
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса, Сәбіз,пияз,қияр, Бұршақ,қызылша,орамжапыраққа қарашы, Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты. Көкөністер хормен: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайысымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға, Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ-: Мансұр Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріңе.
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе.
Қызылша-Артем: Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегретте үстелде.
Орамжапырақ-Әділет: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Сәбіз-Азамат: Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!
Пияз-Данил: Боламын мен дәмдеуші,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы ада
Картоп-Алишер:
Әй, қойыңдар! Мен мақтаншақ картоппын. Ылғалды топырақ мекенім, Сол жерде жақсы өсемін. Жегенде жақсы тоясың, Адамның екінші нанымын. Мен пайдалы адамға.
Жүргізуші:
Дауласуды қойыңдар Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы. Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы көріңдер.
Би: «жаңбыр»
Жүргізуші:Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.
Жемістерді ортаға шақырайық. (Осы кезде әуен ойналады.Ортаға жемістер шығады.)
Анар:Нарттай қызыл алмам бар, Мәз болады алғандар. Жазда әдемі киінем, Тілді балдай үйірем. Тоты:Көктемде ерте гүлдеймін, Кешігуді білмеймін. Уылжыған өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін.
Аружан:Шиемін мен шиемін, Піскенше тон киемін. Бала келсе қасыма, Басымды мен иемін.
Альмира:Өзім шебер жүзіммін, Толып пісіп үзілдім. Бақшасында бағбанның, Моншақ болып тізілдім.
Жүргізуші:Күз ханшайымы,балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы:Иә,балалардың бәрі өнерлі екен.
Жүргізуші:Қане,балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын « Кім жылдам? »деп аталады.Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды,ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші:Балалардың алтын күзге арналған тақпақтарын тамашалаңыздар.
Асылхан:Көктен көзін бір алмай, Қызғылт тартты кәрі күз... Жер қызығын қия алмай, Маужырап тұр сары күз...
Ақнұр:Көбейді құт береке, Астық толы қамбамыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз.
Айя:Көрініп еліме, Күндері мереке. Келді ғой жеріме, Күз дейтін мереке.
Ернар:Тамсандырып таңдайды, Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып, Жер бетіне түседі.
Жасұлан:Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Біздің дала бай дала, Алтын астық айнала.
Ажар:Күздің қазан айында, Алма,алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр,сыбдыр түседі.
Нұрали:Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсін алтын күз.
Айым:О,алақай,тамаша! Шашу шашты жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып
Дарын: Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын,сары күз. Алтын ұя бақшада, Алтын күзді тойлаймыз.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Ән: «Алтын күз »
Күз ханшайымы:Рахмет,балалар!Өнершіл-өрендерім!Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы.Сендерге денсаулық,шаттық,және байлық әкелсін.
Жүргізуші:Күз ханшайымы,саған мың алғыс!Сыйлығыңа рахмет.Бізге тағы кел,біз сені сағына күтеміз. Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып. Сау болыңдар,балалар , Келгенше жыл айналып.
Жүргізуші:Осымен «Сары алтындай күзбен біз,қоштасамыз тағы біз...» ертеңгілігіміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген