БЕКІТЕМІН
КМҚК №5 «Шаттық»
мектепке
дейінгі ұйым
меңгерушісі
Г.Ж.Сапабекова
«Алтын
күз»
Мектепалды
даярлық «Қуаныш» тобы
Тәрбиеші: Бақытбекқызы
Гүлжанат
Қызылорда 2021-2022 оқу
жылы
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы
барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз
айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу.
Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік
қорларын байыту. Балалар әдемі сазды әуенмен ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар!
Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша мезгіл -
«Алтын
күз» ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Би: «Алтын
күз»
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл Кім, балалар?
(Күз)
Күз
ханшайымы: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді
көрсетіп, мерекені тойлайық.
Балалардың тақпағына кезек
берейік.
1.Бақдаулет Жаздай күткен бәріміз, Сары
алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп, Алтын күнім елжіреп.
Аспанды сұрғылт
бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
2.Дарина
Алтын нұрдай
тамшылап,
Жапырақтар
төгілді
Біздің өмір таң
шуақ,
Біздің өмір
көңілді
3.Инжу
Алтын
нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Біреу астық
түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
4.Мади Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт
бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп
жауады.
5.Ұлдана
Көрініп
еліме
Күндері
мереке.
Келді ғой
жеріме
Күз дейтін
мереке.
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді әнге берейік.
Ән: «Алтын
күз»
Күз
ханшайымы: Бәрекелді,
керемет!
Балалардың
тақпақтары
6.Ғайния
Күн суытып
келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,
Қамбамызға
құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс,
Алдық өнім
сыйыңды
7.Әділхан
Біреу астық
түсіріп,
Біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны
түсініп.
8.Арлан
Ой,
балалар,балалар,
Қоңырқай күз
болыпты,
Құлап жапырақтар
солыпты.
Ел егінін
орыпты,
Ой,балалар,балалар.
Ойнайық та күлейік,
Мәз
боп бірге жүрейік
9.Аяла
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын
10.Сезім
Жел тынымсыз
гуілдеп,
Болып кетті тым
бұзық.
Шуылдайды тал,
терек,
Жапырағын
жұлғызып.
Құстар қайтты ән
салып,
Бұлт шарлады
аспанды,
Қыс келеді жар
салып
Күзгі суық
басталды
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің
балалардың өнері ұнап жатыр ма?
Біздің балаларға қоятын
сұрақтарыңыз болса балалар жауап беруге
дайын.
Күз
ханшайымы: Әрине қанекей
балалар!
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар күз мезгілінде неше ай
бар?
Үш айды айтып
бересіңдерме?
Күз мезгілінің қандай
ерекшелігін білесіңдер?
Тамаша қандай ақылды
балаларсыңдар!
Балалар менің досым жаңбырмен
ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын:
«Көңілді күн мен
Жаңбыр»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай
епті,жылдам. Жаңбырдан соң саңырауқұлақтар көп шығады олай
болса балаларымыздың өнерін
тамашалаңыздар.
Би:
«Саңырауқұлақ»
Жетті желмен алтын
күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Балалардың
тақпақтары
11.Мағжан
Сарғайды
тоғай,
Сап-сары манай
Соңғы әнің айтып,
Құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
12.Амина
С
Жеміс мол
теретін,
күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
жомарт екен күз
деген
13.Нұрасыл
Қарашы күз келді, күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді
14.Инабат
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
15.Аделина
Қыстың жақын
қалғанын,
жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап,
сайға барып
бекінді,
Анасынан ажырап,
қалған бала
секілді
Жүргізуші: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Ойын:
«Куыршақ»
Күз
ханшайымы: Жарайсыңдар балдырғандарым
менің көңілімді жақсы көтердіңдер. Сендерге өз жемістерімді ала
келдім!
Балалардың
тақпақтары
16.Бекали
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
17.Сабина
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
18.Нұрхан
Қуандырып
біздерді,
кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
кемелденсін
халқымыз
19.Адина
Жатыр дала
жалтылдап,
жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән,
тербеледі толқиды
Көктемде егін
егетін,
күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала,
астық толы айнала
20.Нұркелді
Тапталды
табанға
Сылдыр-сылдыр
жапырақ
Өрттей сары
бояуға
Боянғандай
атырап.
Алтын, сары, қызыл,
көк
Алуа-алуан
жапырақ
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Ән:
«Жаңбыр»
Балалар барлығымыз Күз
ханшайымымен бірге ойын ойнайық
Жүргізуші: «Алтын күз» мерекемізге
құттықтап , жылы лебізін білдіруге келген қадірлі қонағымыз
балабақшамыздың меңгерушісі Гүлден Жантасқызына сөз
берміз.
Көрме: «Алтын
күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған»
Ата - аналармен бірлесе
отырып жасаған қол өнер.
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын
кез келген сияқты. Күз ханшайымымен
қоштасу.
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпіз. Сау болыңыздар!!!