Мерекелі берекелі алтын
күз
Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға
шығады.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер
ата-аналар!
Армысыздар ұлағатты
ұстаздар!
Бармысыздар жас
достар!
Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын
күз құтты болсын!
Жүргізуші:
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге
арналған
Ертеңгілікті
бастайық
Хор: Ән «Күз
жомарт».
Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір
көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып
құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары
қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар
кішкентай балапандар күз мезгіліне арнап өз өнерлерін
көрсетсін.
Жүргізуші:
Алқаптан бидайды
Қоймаға жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен!-дегендей бәріміз де күз мезгілін
жақсы көреміз.
Күз ерекшеліктенін
айту. -Күзде жапырақтар
………….(сарғаяды).
-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр
жауады).
-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып
кетеді).
-Күзде жемістер мен
көкөністер………….(піседі).
Күзде табиғат көрінісі жиі
өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге
түседі,жаңбыра жауады. Құстар жылы жаққа қайтады,
астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал маған кім
жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып
береді.
Ән: «Осень постучался к нам,
золотим дождем!
Саян:
Алакай, алакай!Шаттанды
балакай
Күз түсті, дән пісті,айтамыз
алғысты.
Ихсан:
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан-алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Әдемі:
Көрініп еліме,күндері
мереке.
Келді гой жеріме,күз дейтін
мереке.
Ойын: «Жапырақтар
жинау»
Дана:
Күзде дала
жаурайды,
Көкте бұлттар
аунайды.
Бұтағынан
үзіліп,
Жапырақтар
саулайды.
Ильяс:
Берекесін сыйлауға
,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін жинауға
,
Шақырады
біздерді.
Би: «Қол
шатырлар»
Анастасия:
Сап-сара маңай,сап-сары
тоғай.
Соңғы әнін айтып,құс кетті
қайтып.
Кира:
Жайдары күз, жомарт
күз.
Ән:
«Кап-кап»
Самира:
Жапырақ ұшты, суықта
түсті.
Сонда да бізге, қызық көп
күзде.
Муслим:
Күз әуені кеп жетті, әнге бөлеп
жастарды.
Ән:
«Осень»
Қорытындылау:Сұрақтар
қою, тақырыпты талдау, қорытындылау.
Жүргізуші:Осыменалтын
күз мерекелік кешіміз аяқталды, аман сау
болыңыздар!