Алтын күз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз ертеіңгілік шара Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып беру Күзде қандай тағы өзгерістер болды қандай жануарлар мекендейді Күз туралы әндер айтып тақпақтар айту Билерін билеп беру. Ойындар ойнайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК

Picture 25










Мерекелі, берекелі-Алтын күз

(«Айналайын» ортаңғы тобының мерекеге ұйымдастырған ертеңгілігі)

Picture 21


















Тәрбиешілері:Иманбаева.М.Ж.

Төреғалиева.А.М.


Picture 2








Орал-2022жылы



Тақырыбы: «Мерекелі,берекелі,Алтын күз!»

Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату.

Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                      Жасымыз бен кәріміз.
                      Қырдан кепті қыдырып,
                      Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
  Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Жүргізуші: Армысыздар бүлдіршіндер және қадірлі қонақтар! Айналайын ортаңғы тобының «Мерекелі,берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.(балалар кіреді қолдарында жапырақтар) әуенмен

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не,

Балалар: Күз мезгілі

Жүргізуші: Дұрыс айтасыздар балалар, қазір бізде жылдың күз мезгілі.Күз мезгілінде қандай ерекшеліктері болады? Күз мезгілінде неше ай бар?Қандай?

Балалар: Жауап береді.

Жүргізуші: Бәрекелді балалар.

Ән: «Жапырақтар»

1.Орманда біз келеміз

Жапырақты тереміз

2. Қайырмасы:

Қызыл жапырақ,

Сары жапырақ

Түрлі түсті жапырақ

Жасыл сары міне міне

Саудырайды түседі

2.Жапырақты жоғары

Оңға солға бұлғаймыз

Қайырмасы:

Қызыл жапырақ,

Сары жапырақ

Түрлі түсті жапырақ

Жасыл сары міне міне

Саудырайды түседі.

3.Жайқаламыз билейміз

Жарқыраған күндейміз

Айналамыз бәріміз

Иілеміз кәне біз.

Қайырмасы:

Қызыл жапырақ,

Сары жапырақ

Түрлі түсті жапырақ

Жасыл сары міне міне

Саудырайды түседі

Тақпақтар:

Аймира:

Алақай ,алақай балалар

Күз келді міне бізге қараңдар

Бақшада бәрі бар бал шырын

Алмалар ,алшалар ,қауындар

Мадияр

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Абдурахман

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Н.Дария

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кеңдалам

Дариядай шалқып жүр

А.Адина

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасытізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Елнар

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Діңмұхамед:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Ә.Мансұр:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балалар бір дауыс естіледі кім келе жатыр екен?(Күз ханшайымы)кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!Күз ханшайымы.Қош келдіңіз.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме !Мен Күз Ханшайымымын.Балалар мен құр қол келген жоқпын осы күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністерді алып келдім.Жемістер мен көкөністерді үнемі жесеңіздер денсаулықтарын мықты болады.Қанекей дәруменді жемістер мен көкөністерді атайықшы.Мынау не?

Балалар: Алма,банан,қызанақ,қияр,алмұрт

Күз ханшайымы:Балалар бұл жемістер мен көкөністердің барлығы пайдалы мен сендерге бір сыйлығым бар сендер осы жемістердің қандай пайдасы бар екенін өздерінен сұрап білсеңдер болады?Ендеше мен мына сиқырлы таяғыммен сиқыр жасайын барлығымыз көзімізді жұмайық. (дауыс жаңбыр,жапырақтың) (жемістер мен көкөністер кіреді)

Балалар мынау банағы менің себетімдегі жемістер мен көкөністер тіріліп қонаққа келіп қалыпты.

Алма:

Апорт дейтін алмамын,

Тіл үйірген бал-дәмім.

Қандай жеміс болса да,

Артық менің салмағым.

Банан:

Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп.

Тістің түбін бекітеді.

Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

Қияр:

Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Қызанақ:

 Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
 

Күз ханшайымы: Айтыспаңыздар сіздер барлықтарыңыз бізге қажетсіңіздер.Барлықтарыңызды балалар сүйіп жейді.Оданда сіздер бізбен бірге мерекелік кешті тойлаңыздар.Балалар қанекей жемістер мен көкөністерге арнап қыздар мен ұлдар би билеп береміз дейді.

Би: «Саңырауқұлақтар»қыздар мен ұлдар

Алма және банан: Жарайсыңдар балалар өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: Балаларымызды өз өнерлерімен ортаға шақырайық:

Тақпақтар:

Амина

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Айзере:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Айназар

Көкөністі көп ектім

Өссін, піссін деп ектім

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс.

Қуаныш

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Гүлжихан

Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Айбар

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Сартай

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырдай сіркіреп

Келгенің қызық-ау.


Жүргізуші:Күшті айтады екенсіңдер тақпақтарды рахмет жарайсыңдар !Балалар Күз ханшайымы мен жемістер мен көкөністер бәрімізбен бірге ойын ойнайсыңдарма ?

Балалар: Иә

Ойын: «Жапырақтар жемістер мен көкөністер»

Шарты: Қыздар жапырақтарды ұлдар жемістер мен көкөністерді жинады.

Би: «Қолшатыр»ұлдар мен қыздар бірге.

Тақпақтар:

Аслы:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Ясмин

Ел егінді жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала бай дала Алтын астық айнала.


С.Адина

Сап –сары маңай

Сап –сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

У.Мансұр

Жау –жау жаңбыр ,жау жаңбыр

Жауған жаңбыр жауған нұр

Жердің шаңы басылсын

Гүлдің аузы ашылсын

Екен егін көктесін

Бізге нанды көп берсін

Жау, жау, жау

Жайқалсын бау.

Наз

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк, жалытаған сап-сары алтын,

Ағашта жапырақтар сыбдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жарқын

Елнұр

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық,

Алтын күз тойын сіздерге,

Тамаша ән мен бастайық .

Аружан

Көптен күткен жүздестік біз күзбенен,

Қош айтысып кетті құстар біз беннен,

Береке, бірлік, ырыс, бақыт тілеймін,

Бүгінгі күн мерекеде сізге мен.

Ән: « Көңілді жаңбыр»

1.Кап-кап, тук-тук-тук,

Тереземді кім қақты?

Таңертең жаңбыр жауып

Балаларды оятты.

2.Кап-кап, дон-дон-дон,

Тамшылар тамып жатыр

Егер шықсан далаға

Қолшатырды ұмытпа!

3.Кап-кап, тук-тук-тук,

Көңілді жаңбыр жауды.

Таңертең біз тағы да

Серуендейміз далада!

Жүргізуші:Балалар өнерлерін өрге жүзсің!Бүгінгі ертеңгілік ұнадыма. Күз ханшайымы жемістер мен көкөністермен басқа балаларға баруы керек екен.Олармен қоштасайық, келгендеріне рахмет.

Кейіпкерлер:Балалар тамаша бәрі бізге ұнады өнерлерін үстей берсін.Енді біздер айтыспаймыз солайма жемістер көкөністер? барлығымызда пайдалымыз. Сендерге алып келген сыйлықтарымыз бар! Осы шырынды ішіп деңсаулықтарын мықты болсын.Рахмет! Біздер қоштаспаймыз келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі «Мерекелі,берекелі Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқтай отырып күз берекелі, астықты болсын демекпіз.Сау болыңыздар!Баршаңызға рахмет!





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2022
552
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі