Материалдар / Алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын күз" атты. Күзгі бал кеші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
224
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын күз” атты күзгі бал кешінің сценарийі


Жүргізуші: Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығн, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі :“Алтын күз атты” Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі күзгі бал кешін бастамас бұрын сөз кезегін Балалар өнер мектебінің директоры Шоқанов Әлібек Төкенұлына беріледі.


Бізерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән:


Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушыларды шақырамыз.

----------------------


Жүргізуші:

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.


Әділ – қазылар мүшелері.




-------------------

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік



1 – тур: Таныстыру

2 – тур: ««Өнерің өрге жүзсін»

3 – тур: “Ас адамның арқауы” ас мәзірін таныстыру.

4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі

5 – тур: Көрме. Үздік сурет және икебана.


Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз 1 тур «Таныстыру» сайысы!

Ортаға қатысушалар өздерін таныстырып өтеді.

Әділ қазылар алқасы өз бағаларыңызды беріп өтсеңіздер.



Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз, - деп келесі

2 – тур: «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз.


Жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

лең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.

Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.


Жүргізуші:

Келесі “Ас адамның арқауы ” атты 3 турға кезек берейік.

Әділ қазылар өз бағаларыңызды берсеңіздер.


Жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте 4 тур «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.

Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.

Cөз кезегін әділ қазылар алқасына берейык.


Жүргізуші:

5 – тур: Көрме. Үздік сурет және «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!

---------------------------------


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!