"Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Алтын күз"
Материалдың қысқаша нұсқасы





ЖШС Балдаурен бөбекжайы

Тақырыбы: “Алтын күз” атты ертеңгілігі

Орындаған: Орынбаева.Ж











Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінекей алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз. Хор «Күз

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
                      Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  балаларымыздың тақпағына берейік.

ЕРНИЯЗ

1 .Сарғайды тоғай,

Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

МЕДИНА

4.Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

ҰЛДАНА
2 .Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

ЖАРКЫНАЙ
5 .Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

МАРИЯМ
3.Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.

АКНИЕТ

6 .Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.


Жүргізуші:           Қарсы алайық бәріміз,
                                Жасымыз бен кәріміз.
                                Қырдан кепті қыдырып,
                                Алтын күз бізге нұр төгіп

Жүргізуші: -Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы! Бүгін бізде мереке, алтын күзді тойлап жатқан едік. Төрлетіңіз! Біздің балапандарымыздың өнерін тамашалаңыз

Ендеше “Күз жомарт” әнін айтып берейік. Хор “Күз жомарт” Күз ханшайымы: 1.Балалар,күзде қандай өзгерістер болады? 2.Күз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Күз ханшайымы: Балалар менімен бірге ойын ойнағыларың келеді ме?

Ойын: “Қолшатыр”

Жүргізуші: Өнерлі қыздарымыздың биін қарсы алыңыздар: “Жапырақтар”биі


НАЗЕРКЕ

7. Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.

А.АКЕРКЕ

10. Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Э.АҚЕРКЕ

8 .Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

АЯГОЗ

11 Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

БЕКНҰР

9. Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

АЙЛИН

12. Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз

Ойын: Көкөністер мен жемістер(ЖАПСЫРУ)

Би: Ұлдарымыздың орындауында: Көкөністер мен жемістер биі

Р.РАЯНА

13. Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

НҰРАСЫЛ

16 Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

САНДУГАШ

14 Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

ЕРАСЫЛ

17 Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

ЗЕЙНЕП

15 Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Алтынай Мүлгиді сай - саламыз,
Біздің жомарт даламыз.
Дәнін жинап алған соң,
Жатыр үнсіз сары аңыз
Ызғарлы жел қатайды
- Мұны күз деп атайды.

Көрініс: Шалқан ертегісі

МАХСЕТ РАЯНА

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

ӘДІЛЕТ

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

АЗИЗА

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

АЙДЫН

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.


АДИНА

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.


АЙША
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.


Ән: Күзгі әуен

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар!

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

         





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2023
710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі