Материалдар / "Алтын күз"

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгіліне арналған шара ( ортаңғы топ)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәлем саған, Алтын күз!»

Мақсаты:

  • Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

  • Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

  • Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз аруы, құлпынай, Алма


Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп

Тойға бөлеп елімді күзім келді.

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз де келді.

Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
- Күзде қандай өзгерістерді байқауға болады? 
- Ауа-райы қандай болады? 
- Бау-бақшада не піседі?  -Жапырақтардың түсі қандай?
- Қанеки, мына көкөністер мен жеміс-жидектерді атап шығайық. (Балалар үстел үстіндегі көкөніс және жеміс-жидектерді атап шығады). 

Ән: « Күзгі вальс »

Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.

Күз аруы: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орыпты.

Алма, өрік, шиелер,

Себеттерге толыпты.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.

Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!

Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Мен сендерге сурет белгісін көрсетемін, ал сендер маған сол туралы сипаттап беріңдер. Жауап берген балаға әдемі жапырақ сыйланады.

(бұлт, жемістер толған себет, сарғайған ағаш, құстар)

Балалардың жауаптары: (осы суретке қатысты сипаттау сөйлемдері).

Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.

Қайың, терек басынан,

Қызыл, сары жапырақ.

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қалықтап.

Менің көйлегімде, залда күздің ерекшелігі сары, жасыл,қызыл жапырақтар. Ал олар қай мезгілдің жапырақтары екенің тани аласыздар ма? Олай болса, жаз мезіліндегі жапырақты және күз мезгіліндегі жапырақты ағашқа жапсырамыз.



Ойын: «Жапырақ жапсыр»

Шарты: Үлкен суретте ағаштар бейнеленген. Шашылған жапырақтардан өз ағашына сай жапырақты таңдап іліп қою керек. Кім тез болады, сол жеңеді.

Күз Аруы: Біздің балалар ағаштар жапырағын білгеніне риза болдым, күзгі өлкемізді әсемдейтін менің жапырақтарым сіздерге би билесін.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалар басқа да өнерлерін алып келді, тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Жеміс толы теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін теріп алатын

Жомарт екен күз деген

( Жанерке)

Берекесі сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

(Бектөре)

Құстар қайтып ән салып

Бұлт шарлары аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

(Айдина)

Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге біздер ризамыз

Аянбаған ел үшін

(Нурай)

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр- сыбдыр етеді

(Ержан)

Күн суырып

Жапырақтар түседі

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

( Аймира)

Қуанддырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін хлқымыз

(Абдолла)

Сап сарығып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен

(Нурислам)

Музыка әуенімен Алма мен құлпынай бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Алма: Мен тәттімін!

Құлпынай: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!

Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.

Алма: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!

Құлпынай: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!

Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Құлпынай мен Алманың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары:

Жүргізуші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!

Күз аруы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым. (балалар жемістерді атайды) (балалар көкөністерді атайды)

Ойын: «Көкөніс пен жеміс»

(Жеміс пен көкөністерді ажыратып, екі себетке салу).

Жүргізуіші:Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Би: «Көкөністер»

Тақпақтар:

Күзде дала жаурайды

Көкте бұлттар аунайды

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды
(Амиржан)

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік , ойналық

(Жазира)

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді толаймыз

(Рамазан)

Алтын ,сарықызыл, көк

Алуан алуан жапырақ

Ағаштардан жамытап

Ұшты кенет жамырап

(Амир)

Сап сарығып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен

(Адилжан)

Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті дән пісті

Айтамыз алғысты

(Айдос)

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

(Дастан)

Заглянула оскнь сад, птицы улители

За окном с утра шуршат желтые метели

Под ногами первый лед, крошиться ламается

Воробей в саду вздохнет, а запеть стесняеться

(Қайсар)





Ән: «Жапырақ»

Ару Күз:Ой керемет.

Құлпынай: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!

Жүргізуші: Балалар, «Сәлем саған ,Алтын күз» мерекесі осымен аяқталды. Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті, соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!







Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Picture 2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ