"АЛТЫН КҮЗ"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"АЛТЫН КҮЗ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің Алтын күз!


Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгін керемет күн

«Нұр – Ай » бөбек бақшасында «Айналайын » ересек тобының  «Қош келдің Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!Олай болса кішкентай бүлдіршіндерімізді « Айналайын»тобын ортаға қошеметпен шақырайық.

(Әуен ойналады. балалар келеді.)


Тәрбиеші:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.


Балалар:Сәлемдесу


Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,-деп «Айналайын » тобының ұлдары сіздерге» би билеп бермекші.

Би: « ______________».


Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.


(Бағбаншы кіреді)

Бағбаншы: Сәлемдеседі


Тәрбиеші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?


Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?


Тәрбиеші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.


Тәрбиеші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін біздің көкөністер мен жемістеріміз өздерін таныстырсын.

(Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар).


Айбибі - Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.


Асылым - Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.


Айман - Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.


Шолпан - Пияз   
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Айару - Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.


Манарбек - Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.



Жанерке - Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.


Көзайым - Шие
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.


Мағжан – Қызанақ

Қып қызыл боп қал.анда

Аузыңа салғанда

Не жетеді шіркін ай

Қызанаққа жалғанда


Али - Қияр :

Көктеп ерте өрмелеп

Өсемін мен бүр жарып

Атым қияр теріп ал

Жиі жиі суғарып


Нурбол

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.


Тәрбиеші:Ал балалар енді кезекте балаларымыздың әнін қабыл алайық.

Ән: «Күзгі вальс».


Бағбаншы: Жарайсыңдар.Ал балалар мен сендерге қызығып кеттім,сендермен ойын ойнағым кеп кетті,ойнаймызба?


Балалар:Ия.


Ойын:«Жемістер мен көкеністер»
Залға 2 шеңбер қойылады баланың бастарына көкөніс пен жемістер кигізеді. Барлық балалар 2 командаға бөлінеді.
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Әуен:( Жел мен жаңбырдын дауысы.)
(Күз ханшайымы мен жел кіреді).


Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.

(Қара бұлтымен күзді жауып тастайды ).


Күз ханшайымы: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.


Бағбан:Желдін артынан қуады.Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.


Жел: Мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.Қәне кім күз ханшайымына көмектеседі?


Жүргізуші: Біздің балалар көмектеседі.


Жел:Онда менің бір ойыным бар сол ойынды ойнап менімен жарыссаңдар сиқырымды ашамын.


Жүргізуші: Біздің де балалар шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Моншақ»

Шарты: Бір бала ортаға шығып желмен бірге моншақ жинайды, музыка әуені аяқталғанша бала – сары моншақ, ал жел –жасыл моншақ жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.


Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?


Жел: Жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.Олай болса уәдемде тұрып Күз ханшайымын босатайын.Ал балалар енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар.

(Жел мен Бағбан қоштасып шығып кетеді )
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Тәрбиеші :Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.Балаларымыздың өзіңе арнаған «Күз» әнін қабыл ал.

Ән: «Күз ».


Тәрбиеші :Ия .Керемет,рақмет балалар.Енді бәріміз тобымыздың сұлу қыздарының биін тамашалайық.

Би:_____________

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар.Рақмет.Енді біздің балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік. Қәне айтып жіберейік?


Зулфия

О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунарма еді, жатып ап!


Нурила

Күншуақ қамау жырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.


Ақниет

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.


Кәусар

Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау тырналар,
Туған жерден ұзайды.


Линар

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.


Мира

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлтқа бағын түйеді.


Досжан

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Амина:

Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.


Мадина

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.


Ұрқия :

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Заңғар

Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.


Күз ханшайымы:

Балалар, Жарайсыңдар менің сиқырлы орамалым бар, сол орамалмен сендермен ойын ойнағым келіп отыр, ойнағыларың келеме?

Балалар:Ия

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күзханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Балалар:Себет!

Күз ханшайымы: Ия.

Ал балалар тағы айналайық.

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді.

Балалар:Рақмет.

(Балалар алғыстарын айтады).


Күз ханшайымы:  Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдар балалар! Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)


Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.


Жүргізуші: Осымен «Айналайын» тобының «Қош келдің Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!Сау болыңыздар.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2023
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі