Алтын күз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз ертеңгілігіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

<<Самал>> бөбекжай-бақшасы МКҚК

Бекітемін___________

<<Самал>>бөбекжай-бақшасы

МКҚК меңгерушісі м.у.а Имангазина А.С











«Алтын күз»

мерекесіне арналған сценарий

«Тұлпар» ортанғы тобы













Тәрбиешілер: Арыстангалиева А.С

Ермуханбет А.С



2023-2024 оқу жылы

Алтын күз

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.


Құрметті қонақтар!Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Балалар музыкалық әуенмен ортаға кіреді.


Жүргізуші:Орындыққа отырыңыз, бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Жүргізуші: Міне, Күз де келе жатыр, бізбен бірге мерекені тойлауға. (Салтанатты музыкамен Күз келеді, айналып, билеп, қолында себет бар, балалар шапалақтайды)


Күз ханшайымы:

Мен, Алтын күзбін!

Мерекеге келдім,

Күзгі сыйлықтарды,

Балаларға әкелдім, деп, себетті ортаға қояды.

Мынау менің күзгі сыйлықтарым.

Мына себеттің ішінде жеміс жидектер бар, олар деңсаулыққа пайдалы.


Жүргізуші: Балалар, Күз Ханшайымға рахмет айтайықшы.

Балалар: Рахмет сізге Алтын күз!

Ән «Күзгі жапырақ»

Күз ханшайымы: Әндерін маған ұнады балалар.

Жүргізуші: Орындыққа отырыңыз, бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.


Балалар тақпақтары;


Айша

Сап-сары маңай,

Сап- сары тоғай.

Сонғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


Айару - Алақай Алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті.

Айтамыз Алғысты.


Аяла

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап- қап қауын алдық біз.


Ерхан

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.


Архимед

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды та терек

Жапырағын Жұлғызып.


Жүргізуші:Рахмет балалар

Би - Қыздар

Жүргізуші: Алтын күз! Біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.

Күз: Олай болса ойнайық.

Ойын «Күз сыйлықтарын жинау»

(Балалар екі топқа бөлінеді, әр топта себет бар, ортада жеміс-жидектер мен көкөңістер жатады, балалар тез жинау керек, қай топ тез жинайды)


Ән «Кап-кап, тук, тук, тук»


Балалар тақпақтары


Хан

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келді жар салып

Күзгі суық басталды.


Ажар

Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда


Самұырат

Жапырақ ұшты.

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.



Әміре

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.


Жаннурым

Көрініп еліме

Күндері ғой жеріме

Күз дейтін мереке.



Ғазиза

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.



Рамина

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жамырап


Аяулым

Күзім-ау, күзім-ау,

Менезің бұзық – ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау


Аиза

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған,алтын күз

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.




Жүргізуші: Рахмет балалар



Би ұлдар


Жүргізуші: Балалар Алтын күзбен қоштасайық.


Күз: Міне керемет, өнерлерін көрсеттіндер, жарайсындар балалар. Сендермен өте көңілді, бірақ менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз келді. Күз ханшайымның сыйлықтарын алып, топқа барайық.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.08.2024
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі