Материалдар / Алтын күз

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күз мереке, күз береке» Ересек топ Тақырыбы: «Күз мереке, күз береке» Мақсаты: Күз туралы білімдерін бекіту. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Күз туралы тақпақ, әндер айта отырып, балалардың сөздік қорларын молайту. Қажетті құралдар: ермексаз (ақшыл қоңыр және қою қоңыр), тақтайша, ермексазға арналған пышақ, парта және 2-2-ден 4 орындық. Кейіпкерлер: Алтын күз , жаңбыр Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы балабақшаның балалары! Алтын күз атты мерекемізге қош келдіңіздер! Әрқашан аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді. Балалар, бізде қазір қай мезгіл?
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Т. Мамырбаева

«___» __________2023 жыл









Тақырыбы: «Күз мереке, күз береке»

«Құлыншақ» ересек тобы











Тәрбиешілер: Тилейхан Катила

Даңғыл Зирагүл














Өскемен қаласы, 2023-2024 оқу жылы

«Күз мереке, күз береке»

Ересек топ


Тақырыбы: «Күз мереке, күз береке»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін бекіту. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Күз туралы тақпақ, әндер айта отырып, балалардың сөздік қорларын молайту.

Қажетті құралдар: ермексаз (ақшыл қоңыр және қою қоңыр), тақтайша, ермексазға арналған пышақ, парта және 2-2-ден 4 орындық.

Кейіпкерлер: Алтын күз , жаңбыр

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы балабақшаның балалары! Алтын күз атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Әрқашан аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.

Балалар, бізде қазір қай мезгіл?

Балалар: Күз мезгілі.

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Ал бүгін біз сендермен күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы.

Балалар: Жапырақтары сары, тоқсары, қызыл.

Жүргізуші: Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Балалар бүгін бізге кім қонаққа келетінін білесіңдер ме?

Балалар: Алтын күз

Жүргізуші: Дұрыс балалар

Біздер «Күзгі жаңбыр» әнін орындап, алтын күзді ортаға шақырайық.

Балалар Алтын Күзді шақыру үшін ән айтады.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Залға жаңбыр кіреді.

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Ал сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдерме?

Балалар: Иә білеміз!

Жаңбыр: Мен сол жаңбыр боламын.

Жаңбырдың балалар өте жәй түрі болады, оны салу үшін

қолымызды жәй шапалақтаймыз (балалар қолдарын жәй шапалақтайды)

Сонымен қатар, жаңбырдың қатты түрі болады (қатты жаңбыр дегенде қолды қатты шапалақтайды)

Жүргізуші: Жаңбыр-жаңбыр, тұра тұр ел егістігін жинап болған жоқ, балалар да жемістер мен көкөністерді жинамады. Халқымыз көкөністері мен жемістерін жинап алсын. Ол үшін біз саған би билеп өнерімізді көрсетейік. Солай ма балалар?

Балалар: Иә, солай.

Жаңбыр: Жақсы ендеше балалар, маған билеп өнерлерін көрсетсін. Бәлкім, сонда жауғанымды тоқтатармын.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін керсетуде.

Сұлу қыздарымыздын биін тамашалайық.

Би: «Жаңбыр»

Жүргізуші: Көрдің бе Жаңбыр. Біздің қыздарымыз саған өнерін көрсетті. Енді күзде жауғаныңды қоятын шығарсың?

Жаңбыр: Әрине

Жүргізуші: Біз сенімен доспыз. Сен бізге керексің. Сен одан да табиғатқа нәр беру үшін көктемде кел бізге.

Жаңбыр: Жақсы, жарайсыңдар балалар. Мен сендермен дос болып қаламын. Өнерлі екенсіңдер. Ендеше, өнерлеріңді тамашалауға көктемде келемін. Қазір Алтын күзді жіберейін.

(залдан шығып кетеді, Жаңбыр шығысымен Алтын күз кіреді)

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

                    Жасымыз бен кәріміз.

                    Қырдан кепті қыдырып,

                    Алтын күз бізге нұр төгіп.

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені Алтын күз , - деп те атайды. 

Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Біз сені асыға күттік! Бізбен бірге тойла.

Алтын күз: Рахмет! Ал балалар, сендер өнерлі балаға ұқсайсыңдар, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші!

(балалардың тақпақтары)

Садвакасов Ерасыл:

Сарғайды тоғай, сап-сары маңай,

Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті,

Сонда да бізге, қызық көп күзде.

Валерьева Жасмина:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Джамбулов Дінмухаммед:

Мол өнімді жинаймыз,

Елге бәрін сыйлаймыз.

Қанатұлы Ермек:

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән,

Тербеледі, толқиды.

Оразова Томирис:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

Манарбек Батырхан:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Мұратбек Дария:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Теміржанов Алихан:

Қуандырып біздерді,

Кел жемісті алтын күз.

Өлкемізге күз келді,

Кемелденсін халқымыз.

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Рахмет, менің достарым! Енді маған сендердің көмектерің керек

балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісті. Мен көкөністер алып келдім. Бірақ одан өзім жалғыз салат дайындай аламай тұрмын. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, үйде ата-анасына жақсы болысады, үйдің де ішін жинайды, іні-сіңілілеріне қарасады, көкөністерден салат та дайындайды.

ОЙЫН «Көкөністерден дайындалған салат»

Мақсаты: Балаларды көкөніс түрлерінен салт жасауға болатынын түсіндіру. Икемділікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Отбасында үлкен-кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Шарты: Әр балаға 2 сыпырғыш, 2 қуыршақ және салат жасауға қажетті құралдар беріледі. 2 бала ойынға қатысады. Әке-шешемізге болысып, үй жинаймыз деген кезде сыпыртқыны алып, сыпырады (Музыка 1), Әке-шешемізге болысып, іні-сіңілілерімізге қараймыз (Музыка 2), жанұямызға арнап салат дайындаймыз деген кезде көкөністерден салат дайындайды (Музыка 3)

Алтын Күз: Балалар сендердің өнерлерің маған ұнады. Тағы қандай өнерлерің бар.

Жүргізуші: Біздің балалар мақал-мәтелді жақсы айтады.

Мақал-мәтелдер:

Рахатов Умар:

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Марат Сафия:

Жердің сәні егін,

Ердің сәні білім.

Сайлау Айсұлтан:

Егіндікті күз суар,

Күз суарсаң жүз суар.

Байғалиева Перизат:

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Манарбек Батырхан:

Жері байдың – елі бай.

(Осы кезде, сахнаға ұлдарға би билеуге арналған орындықтарды қою)

Алтын күз: Рахмет балалар, қандай өнерлісіңдер! Жарайсыздар!

Ән салдыңдар, күлдіңдер

Жайнап гүлдей жүрдіңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Жургізуші: Бәрекелді, ендеше біздің өнерлі ұлдардың биін тамашалайык.

Би: «Тиіндер»

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Мұнымен біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береміз,- дейді

(Тақпақтар айтылады)

Мұратова Мариям:

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқындап тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Тілеуқабыл Нариман:

Кездескен соң күзіммен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Рауель Галима:

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты сары күз.

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

Муратбеков Айсұлтан:

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Бақытбек Ясмина:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Жиып -теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Бердіқожа Сұлтан:

Алтын нұрдай тамшылып,

Жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ,

Біздің өмір көңілді.

Дәулетхан Жансұлу:

Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.

Астық- жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.

Ардақты күз-мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

Манарбекқызы Малика:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала,

Астық толды айнала.

Жүргізуші:Бәрекелді балалар,ендігі кезегімізді, келесі балаларымыздың дайындаған әніне берейік!

Ән: «Күз келді»

Алтын Күз: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ата-аналарың да өнерлі екен. Ендеше мені басқа балалар күтіп отыр. Келесі күзге дейін сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Күз береке, күз мереке» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Берекелі де мерекелі Алтын күз келгенше жыл айналып, сау болыңыздар қонақтар, ата-аналар!

Тексерді:

«Успех-GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Еркешова Ж.К.__________















2023-2024 оқу жылы «Құлыншақ» ересек тобының

«Күз мереке, күз береке» ертеңгілігі







Shape1

Тақырыбы: «Күз мереке, күз береке»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін бекіту. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Күз туралы тақпақ, әндер айта отырып, балалардың сөздік қорларын молайту.

Қажетті құралдар: ермексаз (ақшыл қоңыр және қою қоңыр), тақтайша, ермексазға арналған пышақ, парта және 2-2-ден 4 орындық.

Кейіпкерлер: Алтын күз , жаңбыр

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы балабақшаның балалары! Алтын күз атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Әрқашан аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.

Балалар, бізде қазір қай мезгіл.

Балалар: Күз мезгілі.

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Ал бүгін біз сендермен күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы.

Балалар: Жапырақтары сары, тоқсары, қызыл.

Жүргізуші: Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Балалар бүгін бізге кім қонаққа келетінін білесіңдер ме?

Балалар: Алтын күз

Жүргізуші: Дұрыс балалар

Біздер «Күзгі жаңбыр» әнін орындап, алтын күзді ортаға шақырайық.

Балалар Алтын Күзді шақыру үшін ән айтады.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Залға жаңбыр кіреді.

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Ал сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдерме?

Балалар: Иә білеміз!

Жаңбыр: Мен сол жаңбыр боламын.

Жаңбырдың балалар өте жәй түрі болады, оны салу үшін

қолымызды жәй шапалақтаймыз (балалар қолдарын жәй шапалақтайды)

Сонымен қатар, жаңбырдың қатты түрі болады (қатты жаңбыр дегенде қолды қатты шапалақтайды)

Жүргізуші: Жаңбыр-жаңбыр, тұра тұр ел егістігін жинап болған жоқ, балалар да жемістер мен көкөністерді жинамады. Халқымыз көкөністері мен жемістерін жинап алсын. Ол үшін біз саған би билеп өнерімізді көрсетейік. Солай ма балалар?

Балалар: Иә, солай.

Жаңбыр: Жақсы ендеше балалар, маған билеп өнерлерін көрсетсін. Бәлкім, сонда жауғанымды тоқтатармын.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін керсетуде.

Сұлу қыздарымыздын биін тамашалайық.

Би: «Жаңбыр»

Жүргізуші: Көрдің бе Жаңбыр. Біздің қыздарымыз саған өнерін көрсетті. Енді күзде жауғаныңды қоятын шығарсың?

Жаңбыр: Әрине

Жүргізуші: Біз сенімен доспыз. Сен бізге керексің. Сен одан да табиғатқа нәр беру үшін көктемде кел бізге.

Жаңбыр: Жақсы, жарайсыңдар балалар. Мен сендермен дос болып қаламын. Өнерлі екенсіңдер. Ендеше, өнерлеріңді тамашалауға көктемде келемін. Қазір Алтын күзді жіберейін.

(залдан шығып кетеді, Жаңбыр шығысымен Алтын күз кіреді)

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

                    Жасымыз бен кәріміз.

                    Қырдан кепті қыдырып,

                    Алтын күз бізге нұр төгіп.

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені Алтын күз , - деп те атайды. 

Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Біз сені асыға күттік! Бізбен бірге тойла.

Алтын күз: Рахмет! Ал балалар, сендер өнерлі балаға ұқсайсыңдар, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші!

(балалардың тақпақтары)

Садвакасов Ерасыл:

Сарғайды тоғай, сап-сары маңай,

Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті,

Сонда да бізге, қызық көп күзде.

Валерьева Жасмина:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Джамбулов Дінмухаммед:

Мол өнімді жинаймыз,

Елге бәрін сыйлаймыз.

Қанатұлы Ермек:

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән,

Тербеледі, толқиды.

Оразова Томирис:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

Манарбек Батырхан:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Мұратбек Дария:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Теміржанов Алихан:

Қуандырып біздерді,

Кел жемісті алтын күз.

Өлкемізге күз келді,

Кемелденсін халқымыз.

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Рахмет, менің достарым! Енді маған сендердің көмектерің керек

балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісті. Мен көкөністер алып келдім. Бірақ одан өзім жалғыз салат дайындай аламай тұрмын. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, үйде ата-анасына жақсы болысады, үйдің де ішін жинайды, іні-сіңілілеріне қарасады, көкөністерден салат та дайындайды.

ОЙЫН «Көкөністерден дайындалған салат»

Мақсаты: Балаларды көкөніс түрлерінен салт жасауға болатынын түсіндіру. Икемділікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Отбасында үлкен-кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Шарты: Әр балаға 2 сыпырғыш, 2 қуыршақ және салат жасауға қажетті құралдар беріледі. 2 бала ойынға қатысады. Әке-шешемізге болысып, үй жинаймыз деген кезде сыпыртқыны алып, сыпырады (Музыка 1), Әке-шешемізге болысып, іні-сіңілілерімізге қараймыз (Музыка 2), жанұямызға арнап салат дайындаймыз деген кезде көкөністерден салат дайындайды (Музыка 3)

Алтын Күз: Балалар сендердің өнерлерің маған ұнады. Тағы қандай өнерлерің бар.

Жүргізуші: Біздің балалар мақал-мәтелді жақсы айтады.

Мақал-мәтелдер:

Рахатов Умар:

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Марат Сафия:

Жердің сәні егін,

Ердің сәні білім.

Сайлау Айсұлтан:

Егіндікті күз суар,

Күз суарсаң жүз суар.

Байғалиева Перизат:

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Манарбек Батырхан:

Жері байдың – елі бай.

(Осы кезде, сахнаға ұлдарға би билеуге арналған орындықтарды қою)

Алтын күз: Рахмет балалар, қандай өнерлісіңдер! Жарайсыздар!

Ән салдыңдар, күлдіңдер

Жайнап гүлдей жүрдіңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Жургізуші: Бәрекелді, ендеше біздің өнерлі ұлдардың биін тамашалайык.

Би: «Тиіндер»

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Мұнымен біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береміз,- дейді

(Тақпақтар айтылады)

Мұратова Мариям:

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқындап тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Тілеуқабыл Нариман:

Кездескен соң күзіммен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Рауель Галима:

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты сары күз.

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

Муратбеков Айсұлтан:

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Бақытбек Ясмина:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Жиып -теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Бердіқожа Сұлтан:

Алтын нұрдай тамшылып,

Жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ,

Біздің өмір көңілді.

Дәулетхан Жансұлу:

Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.

Астық- жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.

Ардақты күз-мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

Манарбекқызы Малика:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала,

Астық толды айнала.






Жүргізуші:Бәрекелді балалар,ендігі кезегімізді, келесі

балаларымыздың дайындаған әніне берейік!

Ән: «Күз келді»

Алтын Күз: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.

Ата-аналарың да өнерлі екен. Ендеше мені басқа балалар күтіп отыр.

Келесі күзге дейін сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Күз береке,

күз мереке» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,

астықты болсын демекпіз. Берекелі де мерекелі Алтын күз

келгенше жыл айналып, сау болыңыздар қонақтар, ата-аналар!


ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Тилейхан Катила
27 Сәуір 2025
91
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі