400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Концерттік бағдарламалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз»

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Балалар музыкалық әуенмен кіреді.

Балалар тақпақтары

Жүргізуші: Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

Хор : «Күзгі вальс»

Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы» келіпті

(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан «Қарлығаш «тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар:Ия

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.

Күз ханшайымы:Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би-билейік ойнайық.

Би: «Париждегі саяхат» қыздарымызды қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой – дей келе Ұлдарымызды
ң Қырманға кел Қалқатай биін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.- дей келе Кап Кап Тук ТУК әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз – дей келе Қыздарымыздың Көңілді биін қарсы алыңыздар

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Балалар менімен ойнайсыңдарма?

Балалар Ия

Күз ханшайымы:Ендеше ойынымызды бастайық. Ойынның аты

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.10.2025
105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі