Музыка ойнап,
әсем безендірілген
залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр
төгіп.
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Мерекелік ертеңгілігімізді бастамас бұрын 20 сәбилер бақшасының басшысы Абишева Б.С ға сөз кезегін берсек!
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
(Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
ТАҚПАҚТАР:
Ән: «Күзгі вальс»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен? (музыканың әуенімен Күз ханшайымы кіреді)
Күз
ханшайымы: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!Сендер қандай әдемісіңдер! Сендерді бәрі маған ақылды балалар деп мақтады. Мен сендерді бір тексеріп көрейінші. Жұмбақ жасырсам шешімін таба аласыңдар ма?
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Күз ханшайымы: бәрекелді өте ақылды екенсіңдер!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар ақылды ғана емес өте талантты. Қаласаңыз қыздарымыз сізге би билеп берсін!
Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Күрең
күз»
Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 -
бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Жүргізуші: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мадина: Жо - жоқ! Дәрігер керек
емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Жүргізуші2:
Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Бәрі
бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел
жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер
келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі
бірге: Мадинаға көмек
керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін
тыңдайды):
- А
- а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық
екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін?
дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
(Көңілді әуенмен Қызанақ билеп кіреді)
Қызанақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мында не боп жатыр... Осы жерден өтіп бара жатып, сендерге дәрумен керек дегенді құлағым шалып қалды... Сендерге дәрумен қажет пе?
Балалар: Йә...
Қызанақ: Балалар, бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер маған көмектесіп жібересіңдер? Көмектессеңдер мен сендерге дәруменнің түрін беретін боам!
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы:Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біздің балалар өте ақылды екенін тағы дәлелдеді. Енді, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Ақ жауын»
Жүргізуші: Тақпақтар.
Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше бізге қонаққа Қоян келіпті.Сөз кезегін Қоянға берейік!
-Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине,
өзін қорғай алады,
домаланып қалады. Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян: Дұрыс балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Бәрекелді балалар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің
қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін
көрсетпекші. Ендеше «Алтын
күз-2022» күзгі сән үлгісін ортаға
шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз
ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!
Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын
уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау
болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар
бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам» - атты ертеңгілігімізді аяқтай
отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпіз. Аман
сау болыңыздар
қонақтар!
№20 балабақшасы
Ертеңгілік:
«Алтын күз, әсем айналам»
№20 Даярлық тобы
Муз.жетекшісі:ТилеубердыЖ
2022 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз"

шағым қалдыра аласыз