Алтын күз.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алтын күз


Тақырыбы: «Алтын күз!»
Мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ,күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.

Тәрбиеші:

-Армысыздар құрметті ата-аналар,қонақтар!Баршаңызды бүгінгі

«Алтын күз!»мерекесімен,шын жүректен «ШАҢЫРАҚ» тобы құттықтайды!
Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз!

Бүгін мейрам бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап Алақанды соғып қой.

Жүргізуші: -Достар бізге есік қағып біреу келіп тұрған сияқты.Бұл кім екен?

Ішке басында күзгі жапырақтардан жасалған тәжі киген, қолында сандығы бар тәрбиеші кіреді.

-Армысыңдар менің кішкентай достарым.Мен қайда келдім?

Сіз БАЛДЫРҒАН тобына келдіңіз.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар мен кіммін?

-Күз ханшайымы

-Неге олай ойлайсыңдар?

-Өйткені жапырақтар күз мезгілінде сары ,қызыл түсті болады.

Ән салдырдың күліңдер

Жайнап гулдей жүріндер

Куздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық –деп. Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қазақша» биін қабыл алыңыздар.

Ендігі кезекте балалардын куз мерекесіне арнаган жыр шумақтарын кабыл алыныздар

«Көкөністер айтысы»

1 Аделина(қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.


2 Медет (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.

3 Алуа (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

4 Адиз (пияз):
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.


5 Аруназ (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.


6 Бақдаулет: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмін татып таңқалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.




7 Інжу

Кішкене туймедеймін мен

Унаймын және бәріне

Дәмді салаттарыммен

Сый жасаймын бәріне


8 Ақниет (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіздәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.


9 Айсултан (қызанақ):
Піскенкездеқызанақ,
Көз тартар қызылтүсімен.
Бармаадамсүйсінбей,
Томат шырынынішпеген


10 Сұңқар (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Біздің еңбекқор бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қырманға кел қалқатай» биін қабыл алыңыздар.

Жыр шумақтар кезек берейік

11 Ислам:

Күз келді,алақай!

Алтын келді далаға,

Дәні биік бидайды.

Құйып жатыр қамбаға.


12 Ибрахим:

Молшылыққа бөленген,

Күз айы неткен ырысты ең?

Біздерді қауыштыратын.

Ыстық ұя мектеппен.

13 Ақтілек:

Сап-сары маңай,

Сап –сары тоғай.

Соңғы әнін айтып.

Құс кетті қайтып.



14 Абдінур:

Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен құрады.

Қара бұлт қабағын түйеді.


Тәрбиеші

Күздің сыйын алайық,

Қызығына қарайық.

Қүзге арнап жаттаған,

Әнімізді салайық. деп Алинұрдың орындауында «»Күз» әнін қабыл алыңыздар.



15 Абдіманап:

Біз кішкентай балдырған.

Сескенбейміз жаңбырдан,

Төбемізде қол шатыр,

Алдымызда жол жатыр.


16 Нурислам:

Сарғайды тоғай,

Сап –сары маңай,

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


17 Санжар:

Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда,

Трактор қырда.


18 Мұса :

Жапырақ ұшты,

Суықта та түсті,

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.


Тәрбиеші. Біздің сулу қыздарымыздың орындауында «Құстар» биін тамашалаңыздар







Тәрбиеші:

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап
.




19 Аяна:

Алтын сары,қызыл,көк.

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Тәрбиеші. Ендігі кезекте «Кәріс» ұлтының биін тамашалаңыздар



23 НУРЛЫБЕК

Берекелі, мерекелі,

Барша елге нұр шашқан.

Ақындары өзіңе арнап,

Талай-талай жыр жазған.



24Райхан Қоңырауын сылдыратып,

Келді міне, қоңыр күз

Жемістері дайын міне,

Қалағанын ал да үз.

25Айдос





26СӘБИНА Жетті міне алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиын-терін болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Тәрбиеші «Өзбек» ұлтының биін қабыл алыңыздар


Тәрбиеші . Келесі кезекте « Алтын күз» әнін Коркемайдың орындауында қарсы алыңыздар

Тәрбиеші:

Күзім –ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау деп

Би: « Чунга Чанга» биін қабыл алыңыздар

Күз ханшайымы:Балалар сендер барлықтарын өнерлі екенсіндер,енді мен өз ауылыма қайтайын

Тәрбиеші:Күз ханшайымы менің балаларымның өнері ұнадыма?
Күз ханшайымы:Рахмет балалар маған мереке ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды сау болыңдар балалар

Ортада биші қыздарымыздың орындауында «Испан» биін қарсы алыңыздар


Тәрбиеші

Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып 
Сау болыңдар балалар

Келгенше күз айналып


Тәрбиеші:Алтын күздің сыйы - жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.



































Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі

13 «Шұғыла» бөбекжай бақшасы МКҚК

«Алтын күз»



Тәрбиеші:К. Сарабаева

2024оқу жылы


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі