«Алтын күз» мерекелік ертеңгілігі
Тобы: кіші «Ботақан» тобы
Өткізген: Кайпбаева Н.А., тәрбиеші
Зал безендірілуі:
Жапырақтар, себеттер, күзгі жемістер мен көкөністер макеті, “Берекелі алтын күз” жазуы, жұмсақ музыка фоны.
Жүргізуші сөзі:
– Сәлем, балалар!
Бүгін бізде ерекше күн – табиғаттың ең әдемі мезгілі Күз келді!
Күзде ағаштардың жапырағы сарғайып, жеміс-жидек, көкөніс
піседі.
Ал біз күзді қарсы алып, “Алтын күз” мерекесін атап өтеміз!
Күз мезгілінің айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша екен балалар!
Енді кезекті күзге арналған өлең жолына берейік!
Алибек Бекнұр:
Алтын мезгіл жақындап,
Жерге түсті жапырақ.
Кел, ойнайық, балалар,
Күз келді ғой жарқырап!
Ал балалар енді Алтын күздің сәні болған Күз ханшайымын ортаға шақырамыз (баяу әнмен әсемдеп Күз ханшайымы келеді).
Күз ханшайымы кіреді:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен – Күз ханшайымымын.
Орман, бақ пен даламды
Сары алтынға бөлеймін!
Жемістер мен егіннің
Мол өнімін әкелдім!
Хормен ән: «Күз келгенде» (балалар хормен орындайды).
Ендігі кезекті Күздің символы болған жапырақтан жинап, әсем әуенмен сүйемелденген әдемі биге кезек береміз.
Би: «Жапырақтар биі». Балалар қолдарына түрлі түсті жапырақ ұстап, баяу әуенмен айнала билейді.
Тәрбиеші сөзі:
– Жарайсыңдар, балалар!
Күзде бақшада, бау-бақта жұмыс көп болады.
Көкөністер мен жемістер пісіп, адамдар мол өнім жинайды.
Ал енді балалар Күз ханшайымы басқа жерлерге де күз көңіл-күйі мен
әдемі көрінісін таратуы керек, сондықтан Күз ханшайымын шығарып
салайық!
Күз ханшайымы қоштасады:
– Рақмет, балалар!
Көңілдерің көтеріңкі, өлеңдерің әдемі екен.
Мол өнім, тәтті алмам,
Сыйға толы себетім!
Келесі жылы тағы келем,
Сау болыңдар, сүйікті балаларым!
(Күз ханшайымы шығып кетеді.)
Қорытынды:
Тәрбиеші:
– Балалар, біз бүгін Күзді қарсы алдық.
Күз — молшылық пен береке мезгілі.
Бәріңе жылы күн, көңілді күз тілеймін!
Қатысқан барлық балаларға рақмет, келесі мерекеде аман-есен
жолығайық, сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз
Алтын күз
«Алтын күз» мерекелік ертеңгілігі
Тобы: кіші «Ботақан» тобы
Өткізген: Кайпбаева Н.А., тәрбиеші
Зал безендірілуі:
Жапырақтар, себеттер, күзгі жемістер мен көкөністер макеті, “Берекелі алтын күз” жазуы, жұмсақ музыка фоны.
Жүргізуші сөзі:
– Сәлем, балалар!
Бүгін бізде ерекше күн – табиғаттың ең әдемі мезгілі Күз келді!
Күзде ағаштардың жапырағы сарғайып, жеміс-жидек, көкөніс
піседі.
Ал біз күзді қарсы алып, “Алтын күз” мерекесін атап өтеміз!
Күз мезгілінің айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша екен балалар!
Енді кезекті күзге арналған өлең жолына берейік!
Алибек Бекнұр:
Алтын мезгіл жақындап,
Жерге түсті жапырақ.
Кел, ойнайық, балалар,
Күз келді ғой жарқырап!
Ал балалар енді Алтын күздің сәні болған Күз ханшайымын ортаға шақырамыз (баяу әнмен әсемдеп Күз ханшайымы келеді).
Күз ханшайымы кіреді:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен – Күз ханшайымымын.
Орман, бақ пен даламды
Сары алтынға бөлеймін!
Жемістер мен егіннің
Мол өнімін әкелдім!
Хормен ән: «Күз келгенде» (балалар хормен орындайды).
Ендігі кезекті Күздің символы болған жапырақтан жинап, әсем әуенмен сүйемелденген әдемі биге кезек береміз.
Би: «Жапырақтар биі». Балалар қолдарына түрлі түсті жапырақ ұстап, баяу әуенмен айнала билейді.
Тәрбиеші сөзі:
– Жарайсыңдар, балалар!
Күзде бақшада, бау-бақта жұмыс көп болады.
Көкөністер мен жемістер пісіп, адамдар мол өнім жинайды.
Ал енді балалар Күз ханшайымы басқа жерлерге де күз көңіл-күйі мен
әдемі көрінісін таратуы керек, сондықтан Күз ханшайымын шығарып
салайық!
Күз ханшайымы қоштасады:
– Рақмет, балалар!
Көңілдерің көтеріңкі, өлеңдерің әдемі екен.
Мол өнім, тәтті алмам,
Сыйға толы себетім!
Келесі жылы тағы келем,
Сау болыңдар, сүйікті балаларым!
(Күз ханшайымы шығып кетеді.)
Қорытынды:
Тәрбиеші:
– Балалар, біз бүгін Күзді қарсы алдық.
Күз — молшылық пен береке мезгілі.
Бәріңе жылы күн, көңілді күз тілеймін!
Қатысқан барлық балаларға рақмет, келесі мерекеде аман-есен
жолығайық, сау болыңдар!
шағым қалдыра аласыз













