400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мерекесіне арналған сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші : Терістектен желдетіп,

Жаңбырлатып, селдетіп

Шаттандырып біздерді

Шат- шадыман күз келді

Шатыр тікті, сары алтын

Шартараптың бәрі алтын,

Алып келді мереке,

Астық, жеміс, береке.

Біздерде ойын- сауық басталады,

Тамаша би билейді, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.

Тәрбиеші: Армысыздар , құрметті қонақтар , бүгінгі « Алтын күз » мерекерлік сайысына қош келіпсіздер.

ХОР:

Тәрбиеші: Есте қалар бұл күндер,

Бал- бұл жанған жыр күндер

Бүгін өнер көрсетпек

Оза шапқан дүлдүлдер

Ойнап – тойлап күлейік

Жеңімпазды білейік

Талапкердің бәріне

Шалқар шабыт тілейік- деп ортамызға бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды шақырайық:

  1. Асыл мен Әлижан.

  2. Аянат пен Айсұлтан

  3. Айзат пен Баубек

  4. Азат пен Сымбат

5 Томирис пен Жарқынбек

Өте жақсы, енді осы сайысымызға төрелік ететін әділ- қазылар мүшесін сайлап алайық

  1. Меңгеруші: Динара Қадырханқызы

  2. Әдіскер: Света Жайшылыққызы

  3. Ата- ана :

А. Кәусар: Жомарт көңіл, жарқын күз

Берекесі халқымның,

Қош келіпсің Алтын күз

Құт қонағы төрімнің

Ж. Кәусар : Құстар қайтты ән салып

Бұлт торлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Сайысымыздың шарттары:

  1. « Тегімді менің сұрасаң.» Таныстыру

  2. «Өнерлі өрге жүзер. » Өз- өнерін көрсету.

  3. «Сұлулық сыры.» Сән үлгісі.

Тәрбиеші:Ақыл- көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді- деп 1 ші нөмірлі : Асыл мен Әлижан

2 ші нөмірлі : Аянат пен Айсұлтан

3 ші нөмірлі : Айзат пен Баубек

4 ші нөмірлі : Азат пен Сымбат

5 ші нөмірлі : Томирис пен Жарқынбек

«Тегімді менің сұрасаң » шартына әділ қазылардың берер бағасын көрейік.

Әнел: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған - Алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Санжар: Еңбек қызыл қырларда,

Бидай толы қырманда.

Алтын таулар секілді,

Сап-сары боп тұрғанда.

Тәрбиеші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты- деп сайысымыздың екінші шарты «Өнерлі өрге жүзер» - балаларымыз өз өнерлерін ортаға салады.

1. Асыл мен Әлижан

2. Аянат пен Айсұлтан

3. Айзат пен Баубек

4. Азат пен Сымбат

5. Томирис пен Жарқынбек

Өз өнеріне берер бағаларыңыз.

Дәулет : Ел егінді жинайды

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала- бай дала,

Алтын астық айнала.

Диас : Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Тәрбиеші: Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сай келіп, дайын тұрған

Жаңаша сән үлгісін ұсынамыз. Келесі кезекте «Сұлулық сыры» сән үлгісі. Ортада сайысқа қатысушыларымыз.

«Сұлулық сыры» сән үлгісіне берер бағаларыңыз.

Тәрбиеші :Кім жүйрік, өнерпазды білейікші,

Әділқазыларға төрелік берейікші.

Бүгінгі қатысушы өнерпаздарға

Құттықтап сәттілікті тілейікші.

Сөз кезегі әділ қазы мұшелерінде.

Осымен «Алтын күз» атты күзгі бал сайысымыз аяқталды. РАХМЕТ .







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі