"Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын күз"
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.


2 жүргізуші:

Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін   мектепалды даярлық топ балаларының арасында өтетін «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауына қош келдіңіздер!


Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)

Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.

Сайыс бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)

-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар алқасы

Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.


2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.


3 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.

1) Күз мезгілінде қанша ай бар?
2) Қандай мерекелер бар?
3) Ауа-райында қандай өзгерістер болады?
4) Бау-бақшада қандай жемістер, көкөністер піседі?
5) Ағаштардың жапырақтары қандай түске боялады?
6) Қандай ағаштарды білесіңдер?
7) Күзде адамдар қалай киінеді?
8) Құстар қай жаққа ұшып кетеді?


Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі


«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күз ханшайымы мен ханзадасы» сайысын аяқтаймыз.





№5 мектеп- лицей







Алтын күз







МАД тәрбиешісі

Рейм К.Қ

















2016 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2018
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі