400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы

«№ 27 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: " Алтын күз"

Мақсаты: Оқушылардың күз туралы білімдерін кеңейту,табиғатты аялауға,өз өлкесін сүюге,еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу, оқушылардың тіл байлығын дамытып, ой- өрісін, ойлау қабілетін арттыру;

Барысы:

- Құрметті қонақтар, ұстаздар!

Бүгін 1 «А» сыныбының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Күз халқымның ежелден берекесі

Жерден ғой адамзаттың несібесі

Тойлаймыз бүгінгі күз мейрамын

Алтын күз құтты болсын мерекесі!

Оқушылар ортаға шығады.


1-бастаушы: Ерназ

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!


2-бастаушы:

Сары түсті атырабы

Туған жерге күз енді

Ағаштардың жапырағы

Бұтағынан күзеледі.

Алтын күзге арналған тамашаны көріңіздер!

- Балалар, тыңдаңыздаршы біреу есік қағып тұр.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)


Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күзің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар бар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Мұғалім: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең айтып , күз туралы тақпақтар біледі, жұмбақтар шеше алады.

Сіздің тапсырмаларыңызды орындауға дайын.

Сөйлемдерді толықтырыңдар.

1.                     Күзде түн ұзарып, күн қысқарады.

2.                     Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

3.                     Диқаншылар күздігүні егін жинайды.

4.                     Бақта жеміс, бақшада көкөніс піседі.

5.                     Жаңбыр жиі-жиі жауады.

6.                     Күз айлары жылдың ең бір ғажайып айлары.

Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Мұғалім: Ендеше күз айлары бізге өз ерекшеліктерін айтсын:

Әсел : (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.

Жігер: (Қазан)

Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қазан айы болыпты,

Аяна : (Қараша)

Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз

Күз ханшайымы: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар (хормен):

Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

1-оқушы: (Бұршақ) Алиакпар
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
2- оқушы: (Қызылша)Айару
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
3- оқушы: (Орамжапырақ) Бекжан
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

4-оқушы : (Қияр) Әсел
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

5-бала: (Алмұрт)Ақбота

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

6-бала: (Алма)Әкежан

Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

7-бала: (Анар) Жігер
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.

9-бала: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.

10-бала: (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.

Бала келсе қасыма
Піскенде мен бас иемін.
11-оқушы: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

12- оқушы : (Асқабақ)
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болма қауымға.


13- оқушы: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?


14- оқушы : (Пияз)

Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға

Көзден жасты ағызып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.


15-оқушы: (Шалқан)
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.

16- оқушы: (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!



Күз ханшайымы:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер

Дос болайық бәріміз.

Күз ханшайымы: Иә, балалар,достық қымбат өмірде.
Өлең: «Бау-бақша белдер » - Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.

Музыкамен жапырақ жинау.(Аналары оқып береді)

«Көкөністердің адамға пайдасы».

1-бала.Құлпынай көздің көргіштігін жақсартады.Компьютерде көп отырса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

2- бала.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса,ет жұмсақ болады .

3-бала.

Өріктің құрамында иод көп болғандықтан қан қысымын төмендетеді.

4-бала.

Бананның құрамында С,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

5-бала.

Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

7-бала.Қарбыз құрамында темір көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық.

Ән: «Ақ сиса» Орындайтын Ерназ

Би: «Қара жорға» ұлдар тобы

Мұғалім: Балалар Күз ханшайымның бір ойны бар екен ойнаймыз ба?

Онда екінші тапсырмасы жұмбақ шешу екен.

2-тапсырма:

1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.

Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не? (Пияз)
4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?   (
Мақта)

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты да шеше алдыңдар.
Қазір жауабын тапқан оқушыларды ортаға шақырамын. Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,сыртқы пішінін қолдарыңмен сипап қарап айтасыңдар.




Би :

Көрініс

Ата- Ерназ

Апа –Аружан

Немересі –Айерке

Күшік – Әкежан

Мысық – Әсел

Тышқан – Аяна

Би: « Шығыс биі» Орындайтын Жаңаберді Дария

Әділ қазылар алқасын сайлау,қорытындысын айту.

Күз ханшайымы костюм

Әділ қазылар алқасын сайлау,қорытындысын айту.

Салаттар жарысы

Би: «Жеміс жинау» Дильназ

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Мұғалім:Күз ханшайымы, саған мың алғыс!Бүгінгі сыйлығыңа рахмет! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру.
Ата-аналардың оқушыларға құттықтау сөзі.































Қазанның 20 күні сағат 1200 –де

1 «А» сыныбында «Алтын күз» мерекесі өтеді.

Бағдарламасы:

1.Концерттік бағдарлама

2. «Күз кереметі» қол өнер (жемістерден көрме)

3. «Күз сыйлығы» салаттар конкурсы ата-ана (оны қорғайды)

1 топ

1. Сепбосынов Жігер тел: 87788769278

2. Тулеубек Алиакбар 87783203944

3. Жумабай Аружан 87011040390

4. Нұржанқызы Зайтуна 87027056206

5. Танатқызы Дана 87077515198

2 топ

1. Сулейменов Олжас тел: 87771462903

2. Қайртай Нұрислам 87027288983

3. Жұмабек Әсел 87052864582

4. Букенова Балауса 87027420424 / 87784703420

5. Алданқызы Айару 87786081007

3 топ

1. Кеңесбек Бекжан тел: 87771146276

2. Мұхтаров Алинұр 87781248502

3. Айқынова Айбибі 87476989786

4. Зейнолда Аяна 87476290334

5. Кабдрахманова Гульдана 87474244686

4 топ

1. Усимбекова Зере тел: 87016063272

2. Мұратова Айерке 87475183440

3. Муздыбаева Ақбота 87782782331

4. Нұржанов Әкежан 87758878142

5. Жамболатов Ерназ 87028634108




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі