«Алтын
күз»
Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар, ата-аналар және балабақша ұжымы! Бүгінгі «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі, Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді-дей келе
ортамызға «Балдырған» тобының балапандарын
қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрағым
бар егер сол сұраққа дұрыс жауап берсеңдер бізге қонаққа «Күз
ханшайымы» келеді. Ал, балалар бүгін бізде қандай мереке? Біз не
үшін «Алтын күз»- деп атаймыз?
Ал, кәнекей балалар барлығымыз
қол соғып, Күз ханшайымын қарсы алайық!
Күз
ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме балалар мен
сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім, жақсы өнер көрсеткендерге
өз сыйлығымды ала келдім. Жүргізуші: Жарайды, Күз ханшайымы сен
біздің бүлдіршіндердің өнерін тамашала. Келесі кезегімізді өлең
жолдарына берсек.
-
Ақниет:Қуандырып
біздерді,
Кел жемісті алтын
күз
Өлкемізге күз
келді
Кемелдейсін
халқымыз
-
Мүсірхан
Н: Алтын нұрдай
тамшылып,
Жапырақтар төгілді
,
Біздің өмір таң
шуақ,
Біздің өмір
көңілді.
-
Сағыныш: Күн суытып
келеді
Жапырақтар
түседі
Астық-жеміс
жиылды
Қамбамызға
құйылды.
-
Бексұлтан: Жаздай күткен
бәріміз,
Сар алтын, сары
күз,
Алтын ұя
бақшада,
Сабақ бастар
шағымыз.
-
Асылжан: Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген
Жүргізуші:Өнер десе өрілген , Биіктерден
көрінген. Бишілерді шақырсақ, Қазақша
биімен.
Келесі кезегімізді тамаша биге
берсек «Балдырған» тобының қыздарының орындауында
. Би
«Домбыра».
Жүргізуші:Әсем әуен
салдырған
Сәбилерде алғыр
жан,
Бал дәуреннің
қызығын,
Есте қалар
балдырған.
Келесі кезегімізді жемістер
мен көкөністер жайлы тақпақтарға берсек.
Нұржігіт: Асханадан шықпаймын, Атым пияз
бұқпаймын. Көзден жасты шығарам, Тұмаудан бірақ
сақтаймын
Әсел: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып Тұрған ол мен қызанақ, Күнге қарап
ұялып.
Саят: Картоп біздің атамыз, Жер
астында жатырмыз. Бір тамырдан тараған,Ағайынбыз
бәріміз.
Мади: Өсіретін бойыңды, Дамытатын
ойыңды , Қоянға біз азықпыз Сәбіздерміз
жазықсыз. Нұрасыл: Көктеп ерте шырмалып, Әсем мен
бүр жарып. Атым қияр теріп ал, Жиі-жиі суарып.
Жүргізуші: Табиат - ана ғой Тағдыр ғой
күз деген . Тыныштық бұзылма, Үмітті үзбеген – дей келе келесі
кезегімізді тамаша әнге берсек.
Ән: «Жау-жау
жаңбыр»
Нұрмаханбет: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім. Жерге сілкіп түсірме, Ісіп кетер
маңдайым.
Алина: Жапырақты тасалап, Өсетін жері
бақша-бақ, Күрең қызыл шіркін-ай, Менің атым
құлпынай.
Дінислам: Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың, Жақсы өсіре алмайды, Қараса егер салғырт
кім.
Нұрислам:Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін Кетіп қалып жүрмесін Тамағыңа
сүйегім.
Алтын
Сары: Дөп дөңгелек сап- сары, Ішінде
бар дәні Қызығасын көріп, Менің атым өрік
Ой, менің балаларым қандай
керемет жарайсыңдар.
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар қандай
керемет айттыңдар. Ал, енді келесі кезегімізді ойынға берсек, ойын
аты «көкөністерді
ажырат» деп
аталады.
Ойын: «Көкөністерді
ажырат».
Шарты: балалар себет толы
жемістер мен көкөністерді екі себетке, жемістерді бөлек және
көкөністерді екі бөліп жинау керек.
-
Асылжан-Нұрдаулет
-
Әсел-Алина
-
Нұржігіт-Нұрдаулет
-
Рүстем-Саят
Ой, жарайсыңдар,
балалар!
Айдында жүзген аққудай, Ақниет
қыздың биін-ай. Әуеніне қол соғып, Биіне қол
соғың-ай.Би: «Үнді биі»
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағыныан үзілді. Ай жапырақ – сары алтын, Айналаның бәрі алтын.
Келесі кезектіөлең шумақтарына берсек.
Рүстем: Өнім үйіп тастадық, Оқуды да
бастадық Берекелі алтын күз Ашық болсын
аспаның.
Б.
Нұрдәулет: Жетті желмен алтын күз, Жеміс
жинау салтымыз. Жиып-теріп болған соң, Той жасайды
халқымыз.
Нұрсұлтан: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге
күз келді, Жемістерін жинауға Шақырады
біздерді.
Қуаныш: Берекелі, мерекелі, Келді
жомарт алтын күз. Қалада да, далада да, Жанның бәрі жарқын
жүз.
Қарақат: Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді. Қоңыр тартып айнала, Көкке құстар
тізілді.
Бәрекелді! Балалар мен
сендердің ағылшын сабағынан алған білімдеріңді тексергім келіп тұр.
Кәне, менің әнімді тыңдап, соған сай билей аласыңдар ма
көрейік. Сергіту
сәті.
Ал, кәне, балалар мен сендерге
және келген қонақтарымызға жұмбақ жасырғым келіп тұр. жақсылап
тыңдайық.
Күзде айналып өткен еді, Жылы
жаққа кеткен еді Көктемде қайта жетеді Әсем ән айтып
келеді.(тырна)
Көлдің көркі-еркесі, Қанаттары
көрпесі. Бойын күтіп баптайды, Ешкім оны атпайды.
(аққу)
Қос жұдырырықтай жүректі, Үй
етіп балапандарын түлетті. (қарлығаш)
Көктемде ұшып келеді, Жаздай
концерт береді.(бұлбұл) Күз
ханшайымы: жарайсыңдар балалар мен
сендерге сыйлық бергім келіп тұр өте тамаша өнер көрсеттіңдер. Ал,
енді мен барайынмені басқа балаларда күтіп отыр. Сау болыңдар
балалар!
Жарайсыңдар балақайлар! Қандай
керемет! Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз»-атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет, арта
түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
келгенше жыл айналып».
-
Сағыныш
-
Нұрасыл
-
Қуаныш
-
Нұрдәулет
-
Ақниет
-
Нұрсұлтан
-
Нұрислам
-
М.
Нұрдәулет
-
Қарақат
-
Рүстем
-
Алтынсары
-
Дінислам
-
Алина
-
Нұрмаханбет
-
Бексұлтан
-
Б.
Нұрдәулет
-
Әсел
-
Бексұлтан
-
Асылжан
«Домбыра» Ақниет, Сағыныш,
Алина, Қарақат.
«Үнді» би»
Ақниет
Жалпы қамтылған бала саны
-22.
Ойынға қатысатын бала
саны-6.
Қазақша би-Сағыныш, Найля,
Айзере, Қарақат.
Үнді
биі-Ақниет.
Тақпақ айтатын бала
саны-22.