400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кескіндеме құралдармен орындалған табиғат сұлулығы.Орындалу тәсілі -пастоздық кескіндеме.Сурет салуға,түстерді ажырата алуға,берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді. Топқа бөлу. Ойыншықтар үлестіреді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Алтын күз» Кескіндеме құралдарымен орындалған табиғат сұлулығы. Орында- лу тәсілі – пастоздық кескіндеме. Көркемдік жабдығы – гуашь.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

«Кескіндеме(живопись)»- бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу) байланысты кескіндеме техникасының түрлері мынадай болады: майлы бояу, субояқ (акварель), темпера, фреска, мозайка. Бұл сөз орыстың «живой писать» «тірі жазу» деген сөзінен шыққан.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа - райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды
!

Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

БББ кестесі



Білем

Білдім

Білгім келеді






Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс






Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.06.2018
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі