алтын күз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
алтын кузге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Күз береке,күз мереке
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
-1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 -
жүргізуші:күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 -
жүргізуші:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - дей келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгін мейрам бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып  қой.

Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

1 - жүргізуші:

Олай болса, ортаға күз бен күз айларын шақырайық.

Күз, Қыркүйек, Қазан, Қараша шығады

Күз:

Сәлем, өрен достарым,

Қымбатты сый алыңдар,

Өмірге көп қосқаным.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты!

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін

Мен мырза күз ынтымақты еліңе

Берекелі ырыс болып енетін.

Нағыз сары алтындай күз айы -қыркүйек айы. Ол-еңбек айы.

Қыркүйек:

-Алтын күз! Сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бізге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Күз:

Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені, дихандар сабантой жасайды.

Қазан:

-Қазан айы басталады,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Жалғасып күндер барады.

Күз:

Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Қараша:

Күздің қараша айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр, сыбдыр түседі.

Күз:

Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.

Барлығыңды қимаймын,

Бір айға нәр бір демім,

Барымды мен сыйлаймын.

Өздеріңмен біргемін

2-жүргізуші Ән 4 «А» сынып оқушылары «Күз»

Мөлдір:Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.
Маржан: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Бек: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Аяла:Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.

Алина: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.

Ерлан: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
2-жүргізуші Келесі тамашалайтындарыңыз көрініс

4 «Ә » Көрініс: « Шалқан» ертегісі

1-жүргізуші:3 «Б» сынып оқушысы «Күн» әні

2-жүргізуші Балалар енді барлығымыз ойын ойнайық

Ойын 3 «А» «Жемістер» Ойын шартымен таныстыру

4 «Б» сыныбының оқушысы орындауындағы би «Жапырақтар»

1-жүргізуші: Ал,енді ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.

Жүргізуші:4 «В» сынып орындауындағы «Мен ауылға барамын» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен.
2 - жүргізуші: Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
1жүргізуші: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.

3 «Г» «Секіргіш суретші» ойыны: Балаларды ойынның шартымен таныстыру.

Би «Саңырауқұлақтар» 3 «В» сынып

3 «Ә» ән «Ертегілер»
1 - жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 - жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 - жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2018
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі