400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

 Жүргізуші:               Қарсы алайық бәріміз,
                                 Жасымыз бен кәріміз.
                                 Қырдан кепті қыдырып,
                                 Алтын күзге бізге нұр төгіп.

                      Тілегім аман болсын ел іргесі,
                      Алтын күз қайта келді берекесі.
                      Молшылықтың жаршысы бола білді,
                     Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1.    Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.    
Жеміс
і мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

2.    Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.    
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

3.    Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,    
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4.    Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5.    Алып келді мереке, астық жеміс береке,
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,    
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ.

6.    Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.    

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзге сәлем» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.

Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.

Қыркүйек:   Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
                    Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен    
                    Бірінші қыркүйек, білімге бастады
                    Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан:      Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
                 Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп    
                 Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша:   Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
                  Қараша өрледі, қараша ән салып
                  Күн суытып барады, малдар қолға қарады    
                  Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,
                      Бұтағынан үзілді.
                     Ай жапырақ-сары алтын
                     Айналанын бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік.
         «Жау-жау жаңбыр»  әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:   Әсем әуен салдырған
                     Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік.
                   1.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
                     Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
                     Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
                    Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

                 2. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі
                    Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,    
                    Күн суытып, жапырақтар түседі.
                    Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен.

                 3. Сарғайды тоғай, сап-сары манай
                     Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып    
                    Жапырақ ұшты, суық та түсті
                     Сонда да бізге,қызық көп күзде.   

                  4. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
                      Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.    
                    Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

    5.  Жаздай күткен бәріміз,  Сары алтын,сары күз,
        алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
        көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп    
       асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп. 

Жүргізуші:  Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.
                    Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
Азамат, Қайыржан, Бақдаулеттің орындауларында «Қыздар-ай»-әнің тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
                    Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.

1.    Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.    
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

2.    Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ    
Күнге қарап ұялып.

3.    Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз    
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

4.    Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.    
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

5.    Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме    
Ісіп кетер маңдайым.

6.    Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай    
Менің атым құлпынай.

7.    Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,    
Қараса егер салғырт кім.

8.    Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін    
Тамағыңа сүйегім.

9.    Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп     
менің атым өрік.

10.    Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып    
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді.

1.    Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық    
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.

2.    Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

3.    Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,  
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.

4.    Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.    
 Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап.

5.    Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.    
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

6.    Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.    
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Жүргізуші: «Жомарт күз» әнің бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыздар

Жүргізуші:    Бүлдіршінмен бәріміз,
                      Отбасындай бір ұямыз
                      Береміз ендеше 
                      Би өнеріне кезегін.
   Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Жүргізуші:  Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
                    Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында « Ақ бидай» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа бүлдіршіндерге  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
          «Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып»























Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

***

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан) Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

Тақырыбы: Алтын күз байлығы.
Тәрбиешісі: Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келіп жетті. Күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Алтын күз байлығы» атты гүлдер тобының ертегілеріне қош келіпсіздер.
Жүргізуші: Балалар, бізге не нұрын шашып тұр?
Балалар: Күн
Жүргізуші: күн бізге не береді?
Балалар: Күн бізге жылуын береді.
Жүргізуші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Жүргізуші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар (қыркүйек, қазан, қараша)
Қыркүйек:   Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
                    Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен    
                    Бірінші қыркүйек, білімге бастады
                    Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан:      Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
                 Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп    
                 Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша:   Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
                  Қараша өрледі, қараша ән салып
                  Күн суытып барады, малдар қолға қарады    
                  Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз

Жүргізуші: балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын айтыңдар.
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қарбыз, қауын, қияр, сәбіз,
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы балаларым,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде.
Жүргізуші: Ендеше балалар мерекеміздің сәнін келтіретін «Күз ханшайымын» шақырайық.
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап келші алтын күз.
Балалар қол шапалақтайық. Осы кезде музыкамен, залға күз ханшайымы келеді. Қолындағы жапырақ-тарды жерге шашады.
Күз ханшайымы: Армысыздар балалар, күзгі бақтағы қонақтар өздеріне келдім, күздің сыйын күз тар-тар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы мына қолымыздағы сыйлықтарды балаларға берсен бола ма?
Күз ханшайымы: Бұл сыйымды балаларға еңбек етіп алулары керек. Ендеше күз ханшайымына арнап, «Алтын күз» күнін айтып берейік.
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сіз шаршаған шығарсыз отырыңыз қонағымыз болыңыз. Балаларды тыңдаңыз.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы жапырақтар жерде жатыр, олар жәй жапырақтар емес. Ол жұмбақ жапырақтар.
Жапырақтарды алып оқып беру. Балалар жауабын табады.
Күз ханшайымы: Балалар сендер тапқыр екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Бақтың іші тамаша.
Аунар ма еді жатып ақ-дей келе біздің балаларымыз.
«Күзгі жапырақтар мен құстар» биін билеп береді, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап бие қашқан, тай жарысқан- деп Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.
1. Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
2. Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті, алтын күз,
Кемелденген халқымыз.
3. Жер жерді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық берек,
Алтын күз-мереке.
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді тақпақтарын айтады.
Алмұрт- Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауыздамын бар жұрттың.
Өрік- Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Жүзім- Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізінен
Жүргізуші: Балалар күз мезгілінің өнімдерін кім қарайды екен? Білесіңдер ме?
Балалар: Бақша қарауылы.
Ендеше бізге қонаққа бақша қарауылы келеді қарсы алайық қол соғып.Бақша қарауылы амандасады. Мені таптыңдар ма? Балалар менімен ойын ойнайсыңдарма? (бақшадағы көкөністерді алып рахметін айтып шығып кетеді). 
Күзге арналған тақпақтарынды жалғастырайық.
4.Алқаптап бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
5.Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезін бұзықау.
Жаңбырым сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
6.Астық жеміс жинады,
Қамбаларға құйылды.
Ардақты күз мыс алғыс,
Алдым інім сыйынды.
Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында «Күзгі бал» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балаларымыз «Күзгі сән үлгісін» көрсетеді.
Жүргізуші: Ал балалар енді біздің қонақтарымызбен де бірге ойын ойнайық «Жемістерді жинау».
Ойын шарты: Жіпте ілулі тұрған жемістерді көздері байлаулы қайшымен қиып себетке салу керек. 
2-рет ойнату (2 ата-ана шығады).
Жүргізуші: «Күзім-ау» әнін орындайық. 
Балалар ертегіміз сендерге ұнады ма? 
Несімен ұнады?
Жүргізуші: Балалар бүгінгі күз мерекесіне арналған ертегімізді аяқталғалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының дастарханынан арылмасын. Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Алтын күз байлығы» атты ертегіміз аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі