жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз!
«Тексерілді»
№21 «Назерке бөбек-жай бақшасы»
Жедел басқару құқығындағы МКҚК әдіскері А.С. Умирбаева------------------
«Кеңес»
Тақырыбы: «Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма!»
№ 1 «Ботақан» ІІ-кіші тобының
тәрбиешісі: Турлыбекова.А.Б
2018-2019 жыл
Тақырыбы «Алтын күз!»
Зал мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Алтын күзге» арналған №1 «Ботақан» тобының балаларының мерекелі ертеңгілігіне қош келдініздер!
Кездескен соң күзбенен Бұтағынан үзілген Ай жапырақ,сары алтын, Айналаның бәрі алтын Қуантып біздерді Мерекелі күз келді Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз
Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып,алғашқы өнерлрімізді тамашалауға шақырамыз! Тапақтар
Жаннүр: Дәнге толы қызыл қырман
Қырман басы қызыл думан
Мөлдіретіп жүзімдерін
Келді Алтын күзім менің
Мариям: Жапырақтар үшты
Суық түсті
Бауыржан: Алақай алақай
Шаттанды балақай
Береке салты күз
Мереке алтын күз
Жүргізуші: Ал,балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті ,сары жібек көйлегін»-Бұл не,балақайлар?(Күз)
Осы кезде ішке Күз ханшайымы себетке салынған жемістерімін кіріп келеді.
Жүргізуші: Балалар біздің қонағымыз Күз ханшайымы.Сәлеметсіз бе Күз ханшайымы сізді көргенімізге қуаныштымыз.
Күз ханшайымы: Мен күз ханшайымымын,сендерді көргеніме қуаныштымын, балақайлар.
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар
Молшылыққа кенеліп
Шаттық әнге салыңдар
Жүргізуші: Ал,балалар өнерімізді көрсетіп,мерекені тойлайық.
Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкмізге күз келді,кемелдейсін халқымыз.Ақпейіл
Жеміс мол теретін,күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз деген
Жүргізуші: Балалар бізбен бірге алтын күзді тойлауға орманнан қонақ келмекші еді.
Ол әліде жоқ қайда жүр екен.
Түлкі: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіз бе күз ханшайымы! Ананы да алдадым
Мынаныда алдадым Мен түлкімін айлакер Ханшайым маған сыйлық бер!Менің басым айналып барады ( құлап қалады)
Жүргізуші:Ой түлкі есіннен танып құлап қалды.Ах айлакер түлкішік,сен жұрттың бәрін алдап, енді ханшайымды да алдайын дедіңба?
Күз ханшайымы: Жоқ түлкі алдап отырған жоқ кәзір күз мезгілі емеспа оған күз мезгілінде пісетін жемістерді көкөністерді көбірек жеу керек сонда құлап қалмайды.Мінекі мен сендерге балаларға жемістермен көкөністер ала келдім. Көкөністермен жемістердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Жүргізуші: Балалар Жемістерді теріп себетке салып түлкіге сыйлайық.
Ойын: «Жемістермен көкөністерді» теру
Түлкі: Мен жемістерді және көкөністерді ұнатпаушы едім. Енді көбірек жейтін боламын. (түлкі риза болып шығып кетеді)
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік,ойнайық.
Ән: «Кап-кап, тук-тук»қабыл алыңдар!Орындайтын хор
Кап –кап, тук- тук-тук
Тереземді кім қақты
Таңертең жауыр жауып .
Балаларды оятты
Кап-кап, тук-тук-тук
Тамшыларда моншақты
Егер шықсаң далаға
Қол шатырды ұмытпа
Кап-кап, тук-тук-тук
Тереземді кім қақты
Таңертең жаңбыр жауып
Балаларды оятты
Күз ханшайымы: Рахмет балалар Балалар сендер әдемі әндер айтып жатырсыңдар жарайсыңдар.Сендер би билей аласыңдар ма?
Жүргізуші:Әрине күз ханшайымы біздің бүлдіршіндер өте өнерлі балалар олар сізге «Жапырақтар» биін билеп бермекші.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балақайлар.Енді балалар мен сендермен Шалқам ертегісін сахналауга шақырамын.
Ертегі: «Шалқам »ертегісін сахналау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балақайлар.
Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Ортада бүлдіршіндеремізді қошеметтеп қарсы алайық.
Би: «Шөжелер»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!Менде кетуім керек,қыс ызғары жақындап келеді және де мені сендер секілді басқа да балалар күтіп отыр.Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Қымбатты күз ханшайымы саған мың алғыс.Бүгінгі сыйлығыңызға рахмет.Біз сізді сағына күтеміз!
Демеңіз біз өнерлі айап қалды,
Мезгілде бір аз жерге тайап қалды. Қош болып түрыңыздар көріскенше, Осыменен ертеңгілік аяқталды.
Осымен бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілік мерекеміз аяқталды.Келгендеріңізге және ертеңгілікке атсалысқандарыңыз үшін көптен-көп рахмет.Қош сау болыңыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген