Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жомарт қүз»

Мақсаты.Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау,күз ерекшеліктерін, күз айы ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Жүргізуші:  Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, балалар! «Жомарт күз » атты күз кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын,

Желдің даусы естіледі)

Ғажайып сәт: «Күзгі ағаштар» кіреді

Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дауысы екенін білесіңдер ме?

Балалар: Бұл желдің - дауысы

(Күзгі ағаш көңіл күйі болмай кіреді)

Күзгі ағаш: Сәлеметсіздер ме,қонақтар мен балалар! Мені таныдыңдар ма?

Балалар: Ия, таныдық күзгі ағаш емессіз бе?

Тәрбиеші: күзгі ағаш, неге көңіл-күйіңіз болмай кележатырсыз? Біз мұнда күз мерекесін тойлап жатырмыз

Күз ағаш: Күз келіп сәнім кетіп,жапырақтарым түсіп,сары түске боялып,қурап мазам болмай тұрғаны

Тәрбиеші: Қане балалар, біз күзгі ағаштың көңіл-күйін көтерейік, ән салып берейік

«Күз ағаш» жарайсыңдар балалар ,енді мен сендерге сұрақ қояйын жауап бересіздер ме

--не тойлап жатырсыңдар.

--Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз

--күз ерекшелігін кім біледі

--күзде жемістер,көкөністер,дәнді дақылдар піседі.шөптер,жапырақтар сары түске өзгереді

Күз табиғаты ерекше күйге бөленеді.құстар жылы жаққа ұшып кетеді.жауын шашын көп болады күн суытады

«күз ағаш»жарай сыңдар сендер барлығын біледі екенсіңдер


Хор: «Алтын күз» ән


Күзгі ағаш: Жарайсыңдар, балалар .Тағы қандай өнерлерің бар,бірге тамашалайық

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайраңдаймыз күліп –ойнап

Келді міне Алтын күз! Біздің балаларымыз жылы лебіздерін жыр етпекші, қабыл алыңыздар!


Ермахан
Көбейді құт береке, 
Астық толы қамбамыз. 
Құтты болсын мереке, 
Алтын күзді тойлаймыз. 

Мадина
Листья золотом расшиты,

Тропки дождичком умыты,

В ярких шапочках грибы,

Всё нам, осень, даришь ты!


Магамед:

Вот и осень наступила,

Вслед за летом точно в срок

И в садах позолотила

Каждый маленький листок.


Аяулым: 
Жайдары күз, жарқын күз, 
Аяулы күз, алтын күз. 
Дәнге толы ен далам, 
Дариядай шалқып жүр. 

Нұрислам: 
Дала сары киінді. 
Самал соқты салқындау. 
Қырмандарға үйілді, 
Алтын астық, алтын тау.

Музыка әуенімен Шегіртке келеді

Бар жұмысым ермегім

Талмай қанат қағамын

Еңбекті қош көрмеймін

Қыс кезінде ұйықтаймын

Жаз мезгілінде думандап

Әр кімге қош боп барамын

Ән салуды ұнатамын

Мен шырылдауық шегіртке

Балалар не тойлап жатырсындар?


Жүргізуші. :біздің балалар өте өнерлі еңбекқор қыздарымыздың «жапырақтар » биін қабыл алыңыздар

Күзгі ағаш: бәрекелді қыздарым өркендерің өссін ,балалар тағы сұрағыма жауап беріңдерші

--Күз мезгілінде неше ай бар

--Үш ай бар

--ай аттарын білесіңдер ме

--қыркүйек,қазан,қараша

--қазір қандай ай екен

--қазан айы

--күз мезгілінің қазір нешінші айы

--екінші айы

«күз ағаш»бәрекелді балалар менің көңіл күйі көтеріліп қалды

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысын.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз (Балалардың қазақша, орысша, тақпақтары )

Жүргізуші тақпақтарға кезек


Нұрқанат

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!


Айзере К

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


Раяна

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін


Қазыбек

Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым.


Аңсар

Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын


Нұрайым

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты



Диана

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап


Музыка әуенімен Құмырсқа келеді

Құмырсқа : Сәлеметсіңдер ме балалар


Күз ханшайымы: Рахмет мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар.

Ойын: « Кім жылдам»


Ән « » орындайтын

Жүргізуші,рахмет қыздар «күз ағаш» біздің ұл –қыздарымыз өнерлі әнде ,жырда,жылы лебіздерінде білдірді енді кәріс биі билемекші

Би «Кәріс би»

Жүргізуші,


Жаннур

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


Б Арсен

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен


Альтаир

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлай


С Айзере

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.


Алижан

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз


Арайлым

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Сұлтан

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Амина

Ходит осень по дорожке

Промочила в лужках ножки

Льют дожь

И нет просвета

Затерялось где- то лето


Жүргізуші:

бір топ ұлдар келеді аңдап басып

Келді енді ортаға толқып тасып

Бөбектерін әлпештеген халқым менің

Көңілді хошеметпен қол соғайық

Би «Жігіттер »

Музыка әуенімен құмырсқа келеді

Құмырсқа:

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Шегіртке:
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!

Жарайды жүр екеуіміз дос болайық.


Жүргізуші,біздің қыздарымыздың сән үлгісі бар еді әдемі сән үлгілерін тамашалауға қош келдіңіздер

Сән үлгісі «Күз ағаш» әдемі айдың ұл-қыздары өте әдемі екен .балалар мен енді қайтайын күз мезгілі, жемісті, жеңісті жыл болсын демекпін сау болыңдар балалр,қонақтар

Жүргізуші,сау болыңыз келесі кездескенше

Ән салдыңдар күлдіңдер ,жайнап гүлдей жүрдіңдер

Күздің тойын тойладық,би биледік,ойнадық

Сән үлгісін көрдіңдер, қоштасатын сәт келді

Соу болыңыздар көрермен

Демекші енді балалар күзде аяқталып қалыпты,қылышын сүйретіп қыс келмекші Күзге айтарымыз берер сыиы жылдан жылға көп болсын ,елде тыныштық болсын дейміз


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12