400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алтын күз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз»

«Құлпынай» ІІ-кіші тобына арналған мерекелік ертеңгілік

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Әдемі музыка әуені орындалады. Ортаға балалар тәрбиешімен бірге келеді. Залдың оң жақ шетінде күзгі жапырақтарымен безендірілген үйшік тұрады. Жерде сары, жасыл, қызыл түсті жапырақтар шашылып жатыр.

Тәрбиеші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар және қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! «Құлпынай» ІІ-кіші тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы күз мезгілі даланы қандай әдемі етіп безендірген. Ағаштағы жапырақтар сап-сары, егін алқаптары астыққа толып тұр, бау-бақшада жеміс-жидектер, көкөністер пісіп жатыр. Күз мезгілі қаншама көп жұмыс атқарған. Олай болса, қазір бәріміз мына жерде шашылып жатқан күздің әдемі жапырақтарына арнап «Қыдырамыз бақшада» әнін шырқап берейік.

Ән: «Қыдырамыз бақшада»

Қыдырамыз, қыдырамыз,

Қыдырамыз бақшамызда.

Қызыл түсті, сары түсті,

Жапырақтар жинаймыз.


Қараңдаршы, қараңдаршы,

Қандай міне гүл шоғы.

Бақшамызға құмыраға,

Салып қоямыз оны.

Балалар әнді жапырақтарды жинап жүріп орындайды.

Тәрбиеші:- Балалар, мынау тұрған кімнің үйі екен? Мүмкін бұл Күз Аруының үйі шығар? Қанекей есігін қағып тарсылдатайық.

Есікті қағып тарсылдатады, ешкім жауап бермейді.

Тәрбиеші: -Балалар Күз Аруы шаршап ұйықтап қалған сияқты, біз ән айтып көрейік, мүмкін күзді оятып алармыз. Олай болса шеңбер жасап «Күзгі жел»

әнін орындайық.

Ән: «Күзгі жел»

Шеңберге тұрамыз,

Жапырақтай шулаймыз.

Шух-шух-шух,

Шух-шух-шух.

Жерге түссе бастаймыз,

Ағаштай боп тұрамыз,

Сол сияқты тербелеміз,

Күзгі жел боп әндетеміз,

У-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у

Күзгі жел боп айналамыз,

Тамшы болып секіреміз,

Таза ауада ойнаймыз,

Күз сияқты демаламыз,

Үлгілі баладай отырамыз.

Балалар әнді шеңбер бойында тұрып орындайды. Әннен кейін орындарына барып отырады.

Тәрбиеші: - Балалар енді Күз Аруын қалай оятамыз?

Осы кезде ортаға қояндар (қыздар) шығады.

Қояндар:-Күз Аруын біз оятамыз!

Тәрбиеші:- Қояндар сендер Күз Аруын қалай оятасыңдар?

Қояндар:- Біз тақпақ айтамыз. Би-билейміз. Қояндар тақпақтарын айтады, «Қояндар» биін билеп береді.

Би: «Қояндар»

Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруымыз әлі оянған жоқ, енді не істейміз күз мерекесін қалай жалғастырамыз?

Ортаға саңырауқұлақтар шығады.

Тәрбиеші:- Саңырауқұлақтар сендер Күз Аруын қалай оятасыңдар?

Саңырауқұлақтар:- Біз күзге тақпақтар айтамыз, би-билеп береміз.

Би: «Көңілді саңырауқұлақтар»

Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруы әліде оянған жоқ, мүмкін бәріміз дауыстап шақырамыз?

Балалар:- Күз Аруы оян, Күз Аруы оян!!!

Әдемі музыка әуенімен Күз Арукы оянып үйден шығады.

Күз Аруы: - Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіздер ме, ата-аналар! Мен қатты шаршап ұйықтап қалыппын, кешіріңдерші мені! Мен сендерге көңілді ойындар дайындап қойдым.

Үйінен себетке салынған сәбіздер мен саңырауқұлақтар алып шығады.

Күз Аруы:- Балалар мына себетте сәбіздермен саңырауқұлақтар бар, бірақ олар араласып кетіпті. Ал, қазір сендерге тапсырма сәбіздерді қыздар жинайды, саңырауқұлақтарды ұл балалар жинап алады.

Ойын: «Кім жылдам»

Ойын екі топқа бөлініп ойнайды.

Тәрбиеші.- Күз Аруы, балалар сізге арнап өз тақпақтарын айтып береді, қабыл алыңыз.

_____________________________________________________________________

Күз Аруы:- Қандай керемет балалар, тақпақтарын жақсы айтады екен.

Күз Аруы:-Балалар енді сендермен тағыда ойын ойнамыз. Ойынның аты «Күн мен жаңбыр» деп аталады.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Ойынның шартын түсіндіру. Ойынды Күз Аруы мен тәрбиеші жүргізеді. Ойыннан кейін төрде қолшатырдың астында сбетке салынған алмалар тұрады, балаларға арналған тосын сыйлық.

Тәрбиеші:- Балалар мына қолшатырға қараңдар, қандай үлкен. Оның астында не бар екен көрейік.

Тәрбиеші қолшатырды алған кезде себетке салынған аламалар тұрады.

Тәрбиеші:- Қандай керемет себет тола алмалар ғой!!!

Күз Аруы:- Бұл балаларыма арнаған берекелі жомарт күздің сыйлығы. Бұл алмалардың бойында көп дәрумендері бар. Осы алмадай тәтті болып, денсаулықтарың мықты болсын.

Себетті тәрбиешіге ұсынады.

Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруына рахмет айтайық

Балалар:- Р А Х М Е Т!!!

Тәрбиеші:- Балалар Күз Арудың сыйлығына арнап «Алтын күз»әнін шырқап берейік.

Ән:«Алтын күз»

Жапырақтар сап-сары,

Қонып жатыр жерге кеп,

Қызықтап бау бақшаны.

Шаттанады бал-бөбек.


Егін пісіп далада,

Қырманға дән сыймайды.

Үлкенге де балаға,

Күз қуаныш сыйлайды.

Күз Аруы:- Балалар сендерге үлкен рахмет, өте көңілді, өте өнерлі, ақылда балалар екенсіңдер. Бүгінше сендермен қоштасамын, ал келесі жылы тағыда кездесеміз. Сау болыңдар!!!

Балалар:- Сау болыңыз Күз Аруы!!!

Күз Аруы шығып кетеді.

Тәрбиеші:- Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балалар.

Мерекеміз бүгінгі,

Естен кетпес күн болар- деп бүгінгі мерекемізді аяқтап, келген ата-аналарымызға рахмет айтайық. Сау болыңыздар!!!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі