400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз.-2021

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік: Алтын күз -2021 ортаңғы топта Алтын күз ертеңгілігін өткізудегі мақсатымыз мектепке дейінгі ұйымдағы бүлдіршіндер алтын күз туралы түсінік қалыптасады.Эстетикалық талғам негіздері қалыптасады. Күздегі қырман басындағыеңбекпен танысады.ауа райының өзгеруін байкайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Жүргізуші кіреді.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мезгілі де келіп жетті. Ендеше «Алтын күз» мерекесі құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.

Балалар қараңдаршы күз мезгілі даланы қандай әдемі етіп безендірген. Ағаштағы

жапырақтар сап-сары, егін алқаптары астыққа толады, бау-бақшада жеміс-жидектер, көкөністер пісіп жатыр. Күз мезгілі қаншама көп жұмыс атқарған. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі айналаның бәрі сап-сары түске боялады, ал алтын байлықтың белгісі екен.

Бүгін бізге сол Алтын күз қонаққа келеді. Ол келгенше әдемі бір ән салайық.

Ән: «Күз келгенде.»

Ән бітісімен әдемі әуенмен,мерекелік көңіл-күйімен, Алтын күз қолында себетімен залға кіріп келеді. Себетінің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме менің кішкентай бүлдіршіндерім!
Балалар: Сәлеметсіз бе!

Алтын күз: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Алтын күз. Біз сізді асыға күттік.
Алтын күз: Мен де сендерге асығып келдім.

Жүргізуші: Ендеше біздің балаларымыздың сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз, өнерлерін тамашалаңыз.

Би:-------------------------------------

(Әуен жүреді. Ортаға Қоян секіріп кіреді)
Қоян: Салеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Балалар: Салеметсіз бе!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қоян, біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз.
Қоян: Ия менде тамаша бір әуен естілген соң осы жаққа келдім.

Міне, қыс та жақындап қалды, ал мен болсам өзімнің көжектеріме сәбіз жинауға үлгермей қалдым. Балалар, сендер маған сәбіз жинасып көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә көмектесеміз.

Жүргізуші: Балалар ендеше қоянға сәбіз жинасып көмектесейік.
Ойын: « Сәбіз жинау»
Қоян:
Ой, балалар, сендер қандай шапшаң, тез жинап бердіңдер. Сендерге көп көп рахмет! Енді ме тартады атырап,нің көжектерім қыста аш болмайтын болды. Мен өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Қоян, балалардың өнерлерін тамашалап бірге бол.

Балалар тақпақтары:-------------------------
Малика:

Күз мезгілі басталды.

Құстар қайтта бастады,

Жапырақтар сарғайып,

Сылдыр,сылдыр түседі.

Нуриман:

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан, алуан, жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ғанибет:

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай,

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Көркем:

Жапырақ ұшты,

Суықта түсті,

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Нұрали:

Келді міне, күз

Айналы сары күз

Керемет тамаша.

Қандай әсем күз.

Төреби:

Шөп сарғайып,

Ағаш қурап,

Гүлде солады

Жел соғады.




Медина:

Күздің қызық айында,

Алма, алмұрт пісті.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр, сыбдыр етеді.


Төрехан:

Күзде келді,

Жапырақта түсті,

Алма пісті,

Алмұрт түсті.





«Көңілді бақша» көрінісі

Бала:

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді

Жасыл,сары,қызыл,көк

Сан алуан көкөніс

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады желпілдеп


(Көкөністер бау бақшада отырады)

Жүргізуші: Біздің Абылайхан күзетші -

Қорғайды бау- бақшаны


(Бала шығып бау бақшаны айналады)


Күзетші бала:(шаршап)

Иә, қиын менің жұмысым,

Өзім қатты шаршадым!

Барып дем ала тұрайыншы...


(Бақшаның шетіне барады, жан-жағына қарайды ,бөренеге отырып, қалғиды)

Музыка сүйемелдеуімен Қораз келеді, жан-жағына қарайды

Әтеш:

Мен Қораз Әтешұлы

Ку-ка-ре-ку! Ку-ка-ре-ку!

Қожайындар жоқ екен,тамаша,

Тамақ дайын түскі асқа!

Қораз бұршақты алып кетеді

Тышқан жүгіріпшығып, бау-бақшаны айналады


Тышқан:

Сәті түсті тышқанға,

Қандай тамаша бау-бақша!

Қиярды мен алайын,

Жылдам інге тығайын.


Ешкі секеңдеп келеді

Ешкі:

Мен де құрғалып қалмайын,

Қырыққабат алайын. Ме-е-е! Ме-е-е!


Күзетші: ( ұйқыдан тұрып)

Мәссаған, бау-бақшаға кім түскен?

Көкөністерді кім алып кеткен?!


Жүргізуші: –Әр күзетшіге ескерту:

Балалар: ұйықтамай күзету!!!


Күз: -Жарайсыңдар, балалар, рахмет көріністеріңе.


Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»


Би: «-----------------------------------»

Ән: "Жау-жау жаңбыр"

Алтын күз: Ой балалар, өнерлерің көп екен,тамаша екен. Сендермен болған бүгінгі күніміз естен кетпестей болды. Менде құр келмедім. Өзімнің піскен жемістерімнен ала келгенмін. Менің жемістерім,көгөністерім дәрумендерге бай. Үзбей жеп тұрсаңдар қыста ауырмайтын боласыңдар. Ал мен енді кетейін. Сау болыңдар!

Қоян: Мен де Алтын күзбен бірге көжектеріме жетіп қалайын. Сау болыңдар!
(Алтын күз бен қоян қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Алтын күз-2021» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі